Accessibility links

Кірісті жаппай декларациялау бастамасы сәтсіздікке ұшырауы мүмкін


Қазақстан валютасы - теңге. 4 ақпан 2010 жыл.

Қазақстан валютасы - теңге. 4 ақпан 2010 жыл.

Шенділердің кірісін жариялау жария саясат пен саяси бәсеке дамыған елдерде нәтиже беруі мүмкін. Ал сот пен БАҚ кіріптар күйде отырған Ресей мен Қазақстанда бұл шара тиімсіз дейді сарапшылар.

Мемлекеттік қызметшілердің табысын жаппай декларациялау туралы әңгіме Қазақстанда бірінші жыл қозғалып отырған жоқ. Жемқорлықпен күрес 20 жыл бойы жалғасып келеді. Алайда Қазақстанда жемқорлық жайламаған сала қалмай, ол елдің өмір салтына айналып, бұрын-соңды болмаған ауқымға жетті.

Жемқорлыққа қарсы бағытталған науқандардың бір де бірі осы уақытқа дейін тиісті нәтиже бермеді. Азаматтардың кірісі мен мүлкін жаппай жариялауды енгізу қажеттігін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева және оның әкесі жарыса айтып жатыр.

АҚОРДА ЖӘНЕ БҰҰ КОНВЕНЦИЯСЫ

Ресейдің барлық деңгейдегі шенеуніктерінің кірісі мен шығысын жұртқа жариялау жөніндегі алғашқы науқан сәуір айында аяқталды. Сол кезде билік басында отырған президент Дмитрий Медведевтің сөзімен айтқанда, бұл науқан «нөлдік деңгейдегі нәтиже берді».
Ресейдің жемқорлыққа қарсы ұлттық комитетінің төрағасы Кирилл Кабанов. 19 сәуір 2003 жыл.

Ресейдің жемқорлыққа қарсы ұлттық комитетінің төрағасы Кирилл Кабанов. 19 сәуір 2003 жыл.


Ресейдің жемқорлыққа қарсы ұлттық комитетінің төрағасы Кирилл Кабанов осыған байланысты Қазақстанды науқан барысында Ресей жіберген барлық қателіктерді ескеруге шақырды.

Ол егер Қазақстан БҰҰ конвенциясының жемқорлыққа қарсы 20-бабын бекітпесе және «заңсыз жолмен баю» деген түсінікті енгізбесе, яғни «мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлға өз активтерінің заңды кірістерінен асып кету себептерін нақты дәлелдермен негіздей алмаса», Қазақстан жемқорлықты жүгендей алмайды деген пікірде.

Ресей былтыр халықаралық конвенцияның дәл осы бабын тағы да бекітпеген болатын. Ресейлік сарапшылар, оның ішінде Кирилл Кабанов та бар, «бұл мәселеде Кремль саяси ерік-жігер таныта алмады» дейді.

«Транспаренси Қазақстан» қорының атқарушы директоры Сергей Злотников «Транспаренси Қазақстан» қорының атқарушы директоры Сергей Злотников. Алматы, 6 қазан 2010 жыл.

«Транспаренси Қазақстан» қорының атқарушы директоры Сергей Злотников. Алматы, 6 қазан 2010 жыл.

«Шенеуніктердің өз кірістерін декларациялау тәртібі Қазақстанда қазірдің өзінде бар. Ал олардың мұны жұртқа жария ету міндетінен босатылғаны басқа мәселе» дейді.

Ол Қазақстанның 2008 жылы БҰҰ-ның жемқорлыққа қарсы конвенциясын ешбір ескертусіз-ақ, яғни оның 20-бабымен қоса бекіткенін айтты.

ДӘРМЕНСІЗ ШАРАЛАР

1994-1997 жылдары Ресейдің бұрынғы президенті Борис Ельциннің көмекшісі болып істеген, қазір «ИНДЕМ» қорының президенті Георгий Сатаров БҰҰ конвенциясының жемқорлыққа қарсы осы бабын бекітуден Ресейдің неліктен қорқатынын түсінбейтінін айтады.

Оның пікірінше, Ресей де, Қазақстан да қанша қатал заң қабылдағанымен, оның орындалуы міндетті емес елдер қатарында. Ресейде енгізіліп қойған, ал Қазақстанға енгізу енді ғана ұсынылып жатқан шенділердің кіріс-шығысын жаппай жариялауды ол заңдық тұрғыдағы шара емес, көз бояушылық саясат деп бағалайды.
Ресейдің бұрынғы президенті Борис Ельциннің көмекшісі болып істеген, қазір «ИНДЕМ» қорының президенті Георгий Сатаров Азаттық радиосының Орыс қызметінде қонақта отыр. Мәскеу, 2 маусым 2009 жыл.

Ресейдің бұрынғы президенті Борис Ельциннің көмекшісі болып істеген, қазір «ИНДЕМ» қорының президенті Георгий Сатаров Азаттық радиосының Орыс қызметінде қонақта отыр. Мәскеу, 2 маусым 2009 жыл.


Мұндай шаралар ашық, жария саясат пен нағыз саяси бәсекелестік орнаған елдерде ғана тиімді нәтиже береді. Ондай елдерде мұндай тұрғыдағы ақпаратты оппозиция мен тәуелсіз БАҚ пайдаланып, бюрократияға қарсы және сайлауда жеңіске жетіп, билік басында отырған саяси таптың бір бөлігіне моральдық қысым жасау үшін қолданады.

Георгий Сатаров саяси бәсекелестік жойылған елдерде бір партияның монополиялық билігі орнап, тәуелсіз БАҚ басып-жаншылатынын, сот билігі қатаң қадағаланып, ешқандай құқықтық шаралардың пәрмені жүрмейтінін атап өтті. Оның үстіне, бюрократтардың мұндай шараларды декларативті түрде, көз алдау үшін енгізіп, өзімен өзі күресіп жатқан кейіп танытуы еш нәтиже бермейді.

Сатаров өз ойын «Сондықтан Қазақстан шенеуніктерінің кіріс-шығыстарын жаппай декларациялауға көшуі Ресейдегі науқан сияқты тұшымды нәтиже бермесі анық» деп түйіндеді.

ЕНДІГІ ҮМІТ ІРО МА?

Қоғамдық проблемаларды сараптау орталығы директорының орынбасары Қанат Берентаев кіріс-шығысты жаппай декларациялау туралы заң Қазақстан билігі «халықтық ІРО» деп атаған кезекті акция аяқталмай, жоқ дегенде, 2014 жылға дейін қабылданбайды деген болжам жасайды.
Қоғамдық проблемаларды сараптау орталығы директорының орынбасары Қанат Берентаев, экономист. Алматы, 13 қыркүйек 2010 жыл.

Қоғамдық проблемаларды сараптау орталығы директорының орынбасары Қанат Берентаев, экономист. Алматы, 13 қыркүйек 2010 жыл.


Берентаев «халықтық ІРО дегеніміз бірқатар қазақстандық компаниялардың құнды қағаздарын Лондон биржасына орналастыру ІРО-сы сияқты. Сыртқы ІРО-ның арқасында Қазақстанның өз миллиардерлері мен мультимиллионерлері пайда болып, олардың табысы жалпақ әлемнің көз алдында заңдастырылды» дейді.

«Халықтық ІРО» да - дәл сондай акция. Тек бір ерекшелігі - шенеуніктер бұл жолы өздерінің ішкі жемқорлықтан түсірген кірістерін заңдастырады. Олар жаппай декларациялау туралы заң қабылданған сәтте-ақ өз кірістері мен шығыстарын батыл жайып салатын болады дейді ол.

Берентаев президент Назарбаевтың өз кіріс-шығыстарын жұртқа жария етіп, басқаларға үлгі болғанын ешқашан көрмегенін айтады. Яғни президент бұл талабын әзірше өз басына емес, басқаларға қатысты қойып отыр.
Бірақ бұл деректер - мемлекеттік құпия.

Сергей Злотников «Егер президент Нұрсұлтан Назарбаев қаласа, өзінің кіріс-шығысын жұртқа жария етуіне болар еді. Бірақ қазіргі заңға сәйкес, бұл деректер - мемлекеттік құпияға айналды» дейді.

Дөңгелек үстелдің толық аудио нұсқасы:

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG