Accessibility links

2009 жылы Қазақстанда халық санағы жүргізіледі


2006-2008 жылғы жаңа статистика бағдарламасына сәйкес, Қазақстандағы статистика жүйесі ЕуроОдақ стандарттарына сай өзгертіледі. Бұл туралы Астанада желтоқсанның 20 күні үкімет отырысында Республикалық статистика агенттігінің төрағасы Қали Әбдиев хабарлады. Кейбір тұрғындар болса, статистика өзгергенсоң ең төмеңгі күнкөріс деңгейі өзгереді деп алаңдаушылық білдірді.

Ресми мәлімет бойынша, менеджмент, үйлестіру, статистикалық тіркеу, және сараптама жұмыстары реформалаудан өтеді. Ол үшін 2006 жылға бюджеттен 38 смиллион теңге бөлінеді. Басты мақсат: кәсіпорындарға салынатын жұмыстың шығынан азайту, деп хабарланады. Сондай-ақ, 2009 жылы Қазақстанда халық санағы жүргізілетінді. Ресми мәлімет бойынша, Біріккен Ұлттар Ұйымы үшінші мың жылдық қарсаңында санақ өткізуді ұсынған. Ал, Республикалық статистика агенттігінің төрағасы Қали Әбдиевтің айтуынша, Қазақстанда 2009 жылы ақпан айында өтетін санақта ел тұрғындары санының сыртында, мүлкімен малын есептеу көзделген:

- Біз тек адам санын ғана санап қоймаймыз. Көптеген сұрақ қоямыз. Табыс көзі деген сұрақ бар. Екіншіден, үй шаруашылғы, тұрып жатқан жағдайы, қанша адам тұрады, білім деңгейі, деген сұрақтар бар. Жыныс бойынша және жастары бойынша. Және әрине көші-қон туралы мәселе.

Ал, жиналған мәлімет Қазақстандағы ең төмеңгі тұтыну себетінің құнына және өздігінен еңбекпен қамтылғандарға жатқызылған тұрғындарға әсер етеді. Республикалық статистика агенттігінің төрағасы Қали Әбдиевтің айтуынша Еуропада үйі, алдындағы жері және бір бас малы бар адам аптасына бір сағат жұмыс істеседе жұмыссыз болып саналмайды:

- Өздігінен жұмыспен қамтылған азаматтар бізде бар екені рас. Біз оларды жұмыссыз деп есептемейтіндігіміз рас. Бірақ, біз негізгі халықаралық қалыптасқан әдістемеге сүйенеміз. Қазіргі дау туғызып отырған нәрсе, оларды жұмыссыздарға қосу деген ұсыныстар. Бірақ, біз бұл заңды жасаған жоқпыз. Екіншіден, оны қажет деп санамаймыз. Өйткені, бұл жағдайда әдістемені өзгертсек, біз беріп отырған мәліметтер бүкіл Еуропа ТМД елдерімен салыстыруға жарамай қалады.

Ал, Астана маңындағы елді мекен тұрғыны Ескендір Ойшынов бұл пікірмен келіспейтіндігін жеткізді:

- Ешқашан қазаққа әперіп берген жоқ. Қазақ ата-бабасынан бері жылқысын, малын өсіріп, өзінің күнкөрісін жасап жүр. Ол ондайға кірмеу керек. Ол өзінің адал еңбегі. Ол үкіметтің уақытында ақшасында алмайды. Керісінше, үкіметке отын, суын алғаны үшін зейнетақыдан ақша төлейді. Енді оның бәрін кіргізсе, тіпті ештеңе бермейік.

Ал, тұтыну себетіне қатысты Қали Әбдиев былай деп хабарлады:

- Күнкөріс деңгейінің ең төмеңгі шамасын, құнын біз анықтаймыз. Ал, оған кіретін азық-түлік мөлшерін біз анықтамаймыз. Біз тек тауармен қызмет түрінің қай облыста қанша тұрады деген сұраққа жауап береміз.

Ал, зейнеткер Ғарифолла Есіркеповтың айтуынша, елді мекендердегі тұрғындардың тұрмысы қиындап кеткен:

- Мысалы 1-2 сиырың бар, оның шөбі бар, оны бағатын адамға төлеу керек, ал, жұмыс жоқ. Зейнетақы неге жетеді, 5 мың теңге - ол екі қапшық ұн. Сондай жағдай, үкімет ойласын. Біздің жағдайымыз қиын, қаңғырып жүрміз Астанада. Қазір 60-70 жастағы шалдар жұмыс іздеп жүр осында. Пәтер бар, ал оған, малға, шөпке ақшаны қайдан төлеймін. Сондықтан, адам баласына жағдай жасау керек, біз адам баласымызғой.

Ал, кәсіпкер Ербол Ахметовтың айтуынша, санақты дер кезінде жүргізу қажет:

- Баға көтерілген соң кезекті инфляцияны күтіп отырмыз. Президенттік сайлауда ұстап тұрдығой. Жаңа жылдада халыққа бүлдірмейін деп тұр. Бірақ, жаңа жылдан соң қайта есептеу керек, әйтпесе, бюджеттегі адамдармен зейнеткерлерге қиын болады.

Жалпы, санаққа жұмыссыздар қатарынан 40 мың адам қатыстырылады. Және санақ мерзімі 1999 жылғымен салыстырғанда бір апта емес, 3 аптаға созылады, өткен жолы елдімекендер толық қамтылмағандықтан 200 мыңға жуық адам есептелмей қалған, дейді агенттік төрағасы.
XS
SM
MD
LG