Accessibility links

Қазақстан: Халық санағы демографияның қандай өзекті мәселелерін алға тартты?


Қазақстандық санақшылар жұмыс алдында. Астана, 25 ақпан, 2009 жыл.

Қазақстандық санақшылар жұмыс алдында. Астана, 25 ақпан, 2009 жыл.

Қазақстанда биыл жыл басында өткізілген халық санағының түпкілікті нәтижесі әлі жария болған жоқ. Санақтың бастапқы қорытындысының өзі ресми билік өкілдерінің кейбірінің күдік-күмәнін туғызған. Осы ретте Азаттық Радиосы «Халық санағы демографияның қандай өзекті мәселелерін алға тартты?» деген тақырыпта дөңгелек үстел сұхбатын өткізген болатын.


Совет үкіметі тұсында 1937 жылғы халық санағынан кейін Иосиф Сталин санақты жүргізген және оны қорытындылаған шенеунектердің көпшілігін ГУЛАГ-тарға айдатып жіберген екен.Тәуелсіз Қазақстанда биыл ақпан айында халық санағы өткізіле салысымен Статистика агенттігі басшыларының кейбірі тұтқындалып, агенттік басшылығы түгелдей ауысты.

Қазақстанда 2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурызы аралығында өткізілген халық санағы мен санақтың бастапқы нәтижелері және осы қорытындының тіпті ресми билік өкілдерінің кейбірінің күдік-күмәнін туғызуы себептері мен санақтың ізінше Статистика комитеті басшыларының қызметтерінен босатылып, кейбірінің қамауға алынғандығы белгілі. Осы ретте Азаттық Радиосы «Халық санағы демографияның қандай өзекті мәселелерін алға тартты?» деген тақырыпта дөңгелек үстел сұхбатын өткізген болатын.

Дөңгелек үстел талқылауына:

Маржан Аспандиярова – Жалпыұлттық социал-демократиялық «Азат» партиясы төралқасының мүшесі, Мадат Аққозин – Қазақ журналистикасының ақсақалы, Уәлихан Қайсар – Қазақстан Парламенті Сенатының бұрынғы депутаты, «Кенесары хан» ұлттық тарихи-мәдени қорының президенті, Әнуарбек Дәуренбеков – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің әлеуметтік және демографиялық департаментінің директоры, Ғани Қасымов – Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты және Бақыт Түменова – «Аман-саулық» қоғамдық ұйымының жетекшісі, қатысты.

Дөңгелек үстелді Сұлтан Хан Аққұлұлы жүргізді.

Дөңгелек үстел сұхбатының толық аудиожазбасын мына арадан тыңдауларыңызға болады:

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG