Accessibility links

«Гранитный ісі»: қатаң жаза сұралды


Арнайы көлік ЕЦ-166/25 түрмесінен тұтқындарды әкетіп барады. Гранитный, Ақмола облысы, 12 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Арнайы көлік ЕЦ-166/25 түрмесінен тұтқындарды әкетіп барады. Гранитный, Ақмола облысы, 12 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Гранитный түрмесіндегі былтырғы бүлікке қатысты Көкшетау қаласында өтіп жатқан сот отырыстары бітуге таяп қалды. Осы аптада айыпталушыларға соңғы сөз беріліп, жарыссөз болды.


Адвокат Нұрлан Есламғалиевтің айтуынша, мемлекеттік айыптаушы - Ақмола облыстық прокурорының көмекшісі Таңат Бегалин қарашаның 23-і күні болған жарыссөзден кейін 14 айыпталушының барлығына қатаң жаза - Тимур Кашаулиев пен Әлібек Ілиясовты өмір бойы бас бостандығынан айыруды, қалған 12 тұтқынды 6-16 жыл аралығында соттауды сұраған.

ЖӘБІРЛЕНГЕНІН МОЙЫНДАМАҒАН «ЖӘБІРЛЕНУШІЛЕР»

Адвокаттың айтуынша, прокурордың бұл ұсынысы сотқа тартылғандар мен туыстарына қатты әсер еткен.

- Бұл әрине, сотталушылар үшін шок болды. Тіпті жәбірленушілердің өздері наразы болды, - деді Нұрлан Есламғалиев бейсенбі күні Азаттық тілшісіне.

Нұрлан Есламғалиевтің айтуынша, осыған дейін болған сот процестерінде алдын-ала тергеу кезінде берген жауаптарынан бас тартқан жәбірленушілер сол жауаптарын осы аптада тағы да қайталаған.

- Жәбірленушілер прокурорды қолдамай, өздерін жәбірленуші Бүлік жасаған тұтқындар талаптарын ақ жаймаға жазып, осы баракқа іліп қойған. Гранитный, Ақмола облысы, 12 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Бүлік жасаған тұтқындар талаптарын ақ жаймаға жазып, осы баракқа іліп қойған. Гранитный, Ақмола облысы, 12 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

санамайтындықтарын айтты. Олар осы айыпталушылардың орнында түрме әкімшілігі отыруы тиіс екенін айтты, - деді Нұрлан Есламғалиев.

СҰРАҚТЫҢ ДАУЫ

Айыпталушылардың туыстары мен адвокаттарының айтуынша, бейсенбі күні алқа билерге қойылатын сұрақтар тізімі анықталып, айыптаушы тарап пен қорғаушы тарап арасында сұрақтардың құрылымына байланысты дау шыққан.

- Сұрақтардың барлығы дұрыс құрастырылмаған. Адвокаттар мен прокурорлар жарты күн сол үшін қырылысты. Бұдан бөлек, баптар бір-бірімен үйлеспейді. Мысалы, 360-бапқа 103-бапты қосып қойған. Соны талқылады, - деді айыпталушы Оразаевтың анасы Дәмелі Оразаева.

Бұл даудың мәнісін түсіндіріп беруді сұраған кезде адвокат Нұрлан Есламғалиев алқа билерге қойылатын сұрақтардың арасында «тұжырымдалған, бейтарап емес» сұрақтар бар екенін айтты.

- Яғни алқа билер оған тек «иә» деп жауап беруі мүмкін. Сондықтан біз сұрақты бейтараптарандыру туралы ұсыныс айттық. Алқа билер қарапайым азаматтар емес пе. Алдын-ала тұжырымдалған сұраққа «иә» деп жауап бере салуы мүмкін, - дейді Нұрлан Есламғалиев.

Оның айтуынша, жұма күні түстен кейін істі қарап жатқан судья сұрақтарға қатысты ұсыныстар мен ескертулерді қабылдау-қабылдамау жөнінде шешім шығаруы тиіс.

«КУӘ» МЕН «ЖӘБІРЛЕНУШІ»

Өткен жылы тамыз айында Ақмола облысы Зеренді ауданы Гранитный кентінде орналасқан ЕЦ-166/25 жалпы режимдегі түрмеде жүздеген тұтқын қарындарын тіліп, мекемеде бүлік шыққан еді.
Бұл оқиғадан, ресми дерек бойынша, 2 тұтқын қаза тауып, 80-нен астам адам ауруханаға түскен

Бұл оқиғадан, ресми дерек бойынша, 2 тұтқын қаза тауып, 80-нен астам адам ауруханаға түскен. Бұл оқиға бойынша өткен жылы қылмыстық іс қозғалып, 2011 жылы шілденің 26-сы күні Көкшетауда сот процесі басталған.

Бұл істегі айыпталушылар – ереуілге қатысқан 14 тұтқын. Оларға «тәртіпсіздік ұйымдастыру», «тәнге ауыр жарақат салу», т.б. баптар бойынша айыптар тағылған.

Осыған дейінгі болған сот процестеріне куә ретінде қатысқан тұтқындар мен «жәбірленушілер» бүлік жасауға ешкімнің мәжбүрлемегенін, ол іске колониядағы аса қатал режим түрткі болғанын айтқан еді.

Бұл істе 200-ден астам куә, 60-тан аса «жәбірленуші» бар.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG