Accessibility links

Тегін дәрі-дәрмек сырқаттардың бәріне бірдей жете бермейді


Дәріхана.
Дәріхана.

Жақында Алматыда «Аман-саулық» қоғамдық қоры мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, тәуелсіз сарапшылар және тілшілер қауымының басын қосып, кепілдендірілген тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін талқылады.




Кепілдендірілген тегін дәрі-дәрмек тізімі 2009 жылы 4 қыркүйекте қабылданған Денсаулық сақтау министрлігінің №446 бұйрығы бойынша реттеледі. Онда тегін берілетін дәрілермен қатар жеңілдікпен алатын препараттар да бар. Ондай дәрілерді алатын науқастардың қатарына пневмония, гемофилия, эпилепсия, ВИЧ індеті, бронхиалды астма және тағы басқа дертпен ауыратын сырқаттар бар.

Гемофилиямен ауыратын мүгедектердің қазақстандық қауымдастығының президенті Тамара Рыбалованың айтуынша, гемофилиямен ауыратын балаларды дәрімен қамтамасыз етуде оңай емес.

Мамандар гәп гемофилияға шалдыққан адамдарда ғана емес дейді. Қазақстандағы «Диабет» қауымдастығының президенті Наталья Тукалевскаяның ойынша, қарапайым науқастар қай дәрі-дәрмектің кепілдендірілген тегін бағдарламаға енгенінен хабардар емес.

- Келесі жылы 15 мың науқас медициналық белгілері бойынша емес, мәжбүрлі түрде инсулиннің басқа түріне ауыстырылады. Құдайға шүкір, олардың қатарында балалар жоқ, - деді Наталья Тукалевская.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының ақпараттары бойынша, келесі жылы да осындай мәселе туындауы мүмкін. Себебі мамандар дәрі алуға 2 млн 400 мың теңге сұрағанымен, бөлінгені 1 млн 788 мың теңге екен.

Қазақстанның дәрі-дәрмек нарығы импортқа тәуелді дейді мамандар. Ондағы отандық өнімнің үлесі небәрі - 10 пайыз ғана екен.


- 2014 жылы дәрі-дәрмектің импортына деген тәуелділік 50 пайызға дейін қысқарады, - деді Индустрия және жаңа технология вице-министрі Альберт Рау.


Ал Бақыт Түменова одан пайда жоқ, себебі қымбат дәрілер бәрібір шетелден әкелінеді дегенді айтады. Сондықтан 50 пайыз емес , 17-18 пайыз болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG