Accessibility links

Академик Ормантаев: Қазіргі реформалар – кәсіби дәрігер дайындауға кедергі


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда медициналық университеттерді тәмәмдаған студенттердің көп жағдайда өз мамандығының қыр-сырын білмей жатуына осы саладағы түрлі реформалар кері әсерін тигізеді дейді мамандар. Сондай-ақ олар елде білікті дәрігерлердің тапшы екендігін айтады.



Медицина мамандарының дайындығы қалай деген хабарымызды тыңдаңыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:12:30 0:00
Жүктеп алу

Алматыдағы Санжар Асфандияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің резидентурасын жақын арада тәмәмдаған жас түлектің бірі – Мақпал Айдарханова білім алу барысында кездескен ең үлкен кемшін тұсы ретінде оқу орнының жеке клиникалық базасының жоқтығын айтады:

«Ертеңгі сабақ - университетте, екінші сабақ - Қалқаман ауруханасында, оған жету үшін талай уақыт кетеді. Ондағы дәрігерлердің қас-қабағына қарап жүреміз. Санитар болып қызмет етеміз. Тәжірибені жеткілікті ала алмаймыз», – дейді ол.

Университет ақпараттарына сүйенсек, онда осы уақытқа дейін 60 мың дәрігер дайындалса, олардың 2,5 мыңы – шетелден келіп білім алғандар.

Бүгінгі таңда оқу ордасының сегіз факультетінде әлемнің 12 елінен келген 9 мыңнан астам түрлі ұлт өкілінен құралған студенттер білім алып жатыр.

Академик Камал Ормантаев қазіргі уақытта болып жатқан реформалар кәсіби дәрігерлерді дайындауға кедергі келтіреді деп санайды.

«Бізде мамандарды дайындау сапасы өте төмен. Кезінде 6 жыл, оған қосымша тағы 7 жыл оқушы едік. Қазір Батыс Еуропа үлгісімен 9-10 жылға дейін қысқарттық. Медицинаны терең білу қиын. Ал өте төмен жалақы төлейтін болса, тіптен ауыр. Әрине, мен гуманизм болуы керектігімен келісемін. Егер маман 10 жылдық білімімен аш жүрсе, қайдағы гуманизм туралы айтамыз? Осы уақыт аралығында 2-3 оқу орнын бітіріп алуға болады», – деді профессор Ормантаев.

Асфандияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті ректорының кеңесшісі Жанар Мұстафина қазіргі кезде университетте көп жаңалықтар енгізілгенін айтады. Солардың арасында жаңа ректор көптеген қатал талаптарды да енгізіпті.

«Қазіргі кезде өзгенің балаларын емес, өз балаларымызды тәрбиелеу қиынға соғып жатады. Алайда біз өз ісімізді жалғастырып отырмыз. Соңғы бір жарым, екі жыл ішінде көптеген нашар оқитын бір жарым мың студентті оқудан шығардық. Бұрын «қалай оқудан шығарамыз, олар грантта оқиды ғой» дейтін. Бәрі мүмкін. Қазіргі ұранымыз – үшке оқитын студент дәрігер бола алмайды. Нашар оқыған дәрігерге кім барады? Ешкім! Расында бұрын университет қабырғасында жемқорлық фактілері болған. Мұғалімнің студенттен пара алып тұрғаны сондай ұят нәрсе! Бұл – әлеуметтік проблема», – дейді Жанар Мұстафина.
XS
SM
MD
LG