Accessibility links

Жаңаөзен мен Шетпеге ақша аударылды


Жаңөазен мен Шетпедегі азаматтарға көмек
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:46 0:00

Жаңөазен мен Шетпедегі азаматтарға көмек

Бүгін бірнеше белгілі азамат бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірге банкке барып, Жаңаөзен мен Шетпедегі азаматтарға көмек беру қорына ақша аударды.


Ақпанның 8-і күні банкке барып, осы қорға ақша аударған адамдардың бірі, театр режиссері Болат Атабаев «көпті шулатып, бұлайша қайырымдылық жасауға қарсы екенін», мұның бәрін «тек есепшотты жарнамалау мақсатында» жасап отырғанын айтады.

«ЕСЕПШОТТЫҢ ЖАРНАМАСЫ»

– «Бұл дені сау адамның тірлігі емес. Қайырымдылық жасасаң, жаса. Бірақ осының барлығы не үшін керек?» дегенмін. «Бұл сіздің жарнамаңыз емес, есепшоттың жарнамасы» дегеннен кейін ғана келістім, – деді Болат Атабаев ақпанның 8-і күні банк алдында журналистерге.

Қорға ақша аударған әнші Рамазан Стамғазиев Жаңаөзен оқиғасына «көппен бірге
Әнші Рамазан Стамғазиев. Алматы, 8 ақпан 2012 жыл.
Әнші Рамазан Стамғазиев. Алматы, 8 ақпан 2012 жыл.
қабырғасы қайысқанын» айтты.

– Сондағы жасы бар, орта буыны бар, үлкен буын бар, қаншама отандастарымыз өмірден өтіп кетті. Солардың артында шырылдап қалған жастар, жас сәбилері бар. Оқып жатқан балалары бар. Адам ретінде қорға атсалысып, аз да болса көмегімізді көрсетіп, сол кісілерге қол ұшын беруге арнайы келіп отырмыз, – деді Рамазан Стамғазиев банктің алдында журналистерге.

«КӨП АДАМ ТІРІ ҚАЛМАЙТЫН ШЫҒАР»

Қорға ақша аударған азаматтардың бірі жазушы Дулат Исабеков «Айлығымды бер» деген азаматтарды атып тастай беретін болсақ, бұл Қазақстанда көп адам тірі қалмайтын шығар» дейді Жаңаөзен оқиғасы жайлы.

Дулат Исабеков сөз арасында апта сайын мыңдаған адам ереуілге қатысып жатқан
Жазушы Дулат Исабеков. Алматы, 8 ақпан 2012 жыл.
Жазушы Дулат Исабеков. Алматы, 8 ақпан 2012 жыл.
көрші Ресейді Қазақстанға үлгі етті. Оның айтуынша, «қаншама адам көшеге шығып, пікірлерін айтты – бірақ онда Қазақстандағыдай қалың жұртқа оқ атылған жоқ, әділдікті талап еткені үшін азаматтарды қуғындаған жоқ».

– Олар (оппозиция өкілдері – ред.) «Қазақстан қирасын, болмасын» деп жатқан жоқ. Немесе «биліктің бәрі бір күнде жойылсын, кетсін» деп жатқан жоқ. Сол билікке ескерту жасап жатыр: «Біз әділдікті қалаймыз. Біз сайлау әділ өтсін дейміз. Жаңаөзен оқиғасында жазықтылар жазасын алсын» деп. Соны айтқаны үшін бұлар кінәлі ме? Қайта біздің үкіметке олардың пікірінің зиянынан гөрі пайдасы көбірек, – деді Дулат Исабеков.

ОН ОТБАСЫҒА КӨМЕК

Жаңаөзен мен Шетпедегі азаматтарға көмек беру қоры 2011 жылдың желтоқсан айында құрылған. Қорды ұйымдастырушылардың бірі, «Рух пен тіл» клубының белсендісі Инга Иманбайдың айтуынша, қорға миллион теңгеге жуық қаражат түскен.

Олар Батыс Қазақстандағы оқиғалар кезінде зардап шеккен азаматтардың туыстарына – Жаңаөзендегі 6 отбасыға, Шетпедегі 4 отбасыға қаржылай көмек бергендерін айтады.

Шетпеде қайтыс болған азамат Төребек Төлегеновтің әкесі Жәнібек Төлегенов осы қордан 290 мың теңге көлемінде көмек алған.

Қаржылай көмек жауырындағы оғын алдырта алмай жүрген жаңаөзендік Нұрлыбек
Нұрлыбек Нұрғалиев пен зайыбы Гүлжамал Нұрғалиева. Жаңаөзен, 15 қаңтар 2012 жыл.
Нұрлыбек Нұрғалиев пен зайыбы Гүлжамал Нұрғалиева. Жаңаөзен, 15 қаңтар 2012 жыл.
Нұрғалиевтің де отбасына жеткен екен.

– Жолдасымның дәрі-дәрмегіне негізінен сондайға кетті. Қолұшын бергендеріне рахмет айтамын, – деді Нұрлыбектің әйелі Гүлжамал Нұрғалиева ақпанның 8-і күні Азаттық тілшісіне.

Жаңаөзен мен Шетпедегі азаматтарға көмек беру қоры ақпан айының басында SMS қызметін де іске қосты. Оған сәйкес, қазақстандық ұялы байланыс операторларының кез-келген түрін пайданалатын адам 9685 нөміріне Help сөзін жазып, SMS жіберу арқылы көмек көрсете алады. Бір SMS-тің құны – 449 теңге.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG