Accessibility links

Жер мәселесі тағы да шықты


Алматыда бір топ азамат «билік заң бойынша хақымыз бар 10 сотық жерді берсін» деп талап етті. Олар «Үйсіз-жерсіз жүргендер комитетін» құрғандарын айтады.

49 жастағы Гүлбақыт Байұзақова он шақты жыл бұрын Райымбек ауданынан Алматы қаласына көшіп келген. Ол содан бері үй салатын жер ала алмай, алты баласы және мүгедек күйеуімен бір бөлмелі пәтерді жалдап тұрып жатқанын айтады.

– Үлкен қызым былтыр оқу бітірді. Бір жыл жұмыссыз жүріп, биыл ғана мектепке кірді, алатыны – 40 мың теңге. Мен дүкенде сатушы болып жұмыс істеп, күнделікті 500 теңге аламын. Жалдап отырған бір бөлмеге 15 мың теңге төлейміз, – дейді Гүлбақыт Байұзақова.

Ол үкіметтің 2006 жылғы арнайы қаулысы бойынша Қазақстан азаматтарына елді Шолпан Әнтаева. Алматы, 28 қараша 2013 жыл.

Шолпан Әнтаева. Алматы, 28 қараша 2013 жыл.

мекендерден үй салуға бір рет тегін 0,1 гектар (ауызекі тілдегі атауы – 10 сотық) жер берілуі тиіс екенін айтады.

«2500 АДАМНАН ӨТІНІШ ТҮСТІ»

10 сотық жерді талап етушілердің бірі – зейнеткер Шолпан Әнтаева. Ол жолдасы екеуінің зейнетақыларын қосқанда 66 мың теңге болатынын, оның 45 мыңын пәтерге беретінін айтады.

– Бізге үйде салып бермесін, зейнетақымызды да өсірмей-ақ қойсын, үкімет уәде еткен 10 сотық жер берсе болғаны. Біз заңды бұзығымыз келмейді, жерді басып алу дегеннен аулақпыз. Билік ең болмаса жер берсе, төрт қабырғаны тұрғызармыз әйтеуір, – дейді зейнеткер.

Үйсіз, жерсіз қалып, жағдайлары нашарлап кеткенін айтқан ондаған азамат қарашаның 28-і күні Алматыда жиналып, 10 сотық жерді беруді талап етті. Олар екі ай бұрын «Үйсіз-жерсіз жүргендер комитетін» құрғандарын да айтты.

– Қазір комитетке 2 мың 500 адамнан өтініш келіп түсті. Әрқайсысының жағдайы Дильнар Инсенова. Алматы, 28 қараша 2013 жыл.

Дильнар Инсенова. Алматы, 28 қараша 2013 жыл.

қиын. Мақсат біреу – жер алу. Енді барлық өтініштерді жинап, тиісті мекемеге тапсырмақпыз, – деді комитетті ұйымдастырушылардың бірі Дильнар Инсенова.

Азаттық тілшісі бұл азаматтардың талабына орай Алматы қаласы жер қатынастары комитетіне хабарласты. Комитет «әкімдіктің баспасөз қызметінен рұқсат алу керек» екенін айтты. Ал әкімдіктің баспасөз хатшысы Данияр Сейсенбаев «наразы топ өткізген өтініштерді қарастырып жатқандарын» ғана хабарлады.

Алматыдағы 10 сотық жер телімін талап еткен азаматтар бұдан бұрын, қыркүйектің 9-ы күні «Үйсіздер құрылтайын» өткізбек болған еді. Бірақ қыркүйектің 5-і күні «Алтын орда» базарында «құрылтайға» шақырту таратып жүрген белсенділер – Дильнар Инсенова, Гүлзатхан Темірбекова және Ержан Садықовты полиция тұтқындап әкеткен. Кейін Инсенова мен Темірбекова босатылып, Садықов «заңсыз митинг өткізбек болды» деген айыппен 15 күнге қамалған. Оларды қолдап қала ортасына жиналған 100-ге тарта адамды полиция таратып жіберген.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG