Accessibility links

«Қорғас ісіне» қатысты сот басталды


«Қорғас ісіне» байланысты айыпталушылар үзіліс кезінде туыстармен сөйлесіп тұр. Алматы, 20 маусым 2013 жыл.

«Қорғас ісіне» байланысты айыпталушылар үзіліс кезінде туыстармен сөйлесіп тұр. Алматы, 20 маусым 2013 жыл.

«Ең ірі процесс» деп аталған «Қорғас ісі» бойынша соттың алғашқы отырысы өтті. 45 айыпталушының кейбірі тергеу кезінде қысым көргенін айтты.

Маусымның 20-сы күні Алматының ЛА-155/18 тергеу изоляторында «Қорғас ісі» бойынша алғашқы сот тыңдауы өтті.

Судья Советхан Сәкенов бұл соттың «Қазақстан тарихында өз масштабы мен қиындығы жағынан, айыпталушылар санының көптігі бойынша бұрын-соңды болмаған сот процесі» екенін айтты.

Кеден қызметі саласындағы жемқорлық әрекеттерге қатысты 45 адам айыпталып отыр. Олардың ішінде ҰҚК мен кеден қызметкерлері, кәсіпкерлер бар. Айыпталушылардың 42-сі тергеу изоляторында отыр, қалған үшеуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр.

Оларды 31 адвокат пен 38 қоғамдық қорғаушы қорғап отыр. Екі жылдан аса уақыт жүргізілген тергеу барысында 1 мың 500 томнан аса іс материалдары жиналған.

«ҚҰПИЯ ВИДЕОКАМЕРАЛАР»

Алғашқы отырыс кезінде судья адвокаттардың және айыпталушылардың арыз-өтініштерін тыңдады. Адвокат Татьяна Ковылкина «тергеу барысында бірқатар заңсыздықтарға жол берілді» дейді. Ол тергеу жүргізген қаржы полициясы «Қорғас ісіне» байланысты айыпталушылар. Алматы, 20 маусым 2013 жыл.

«Қорғас ісіне» байланысты айыпталушылар. Алматы, 20 маусым 2013 жыл.

қорғаушы жақтың куәгерлерін сотқа шақырумен және оларды сотқа жеткізумен айналысатынына қарсы екенін айтты. Адвокат шағымында: «Қорғауымдағы Талғат Жақаевтың атынан телефон әңгімелері заңсыз тыңдалып жатқанын айтып, шағым түсіремін» деді.

Айыпталушы Ирлан Абдрахманов та осыған ұқсас шағым айтты.

– Біз бүгінгі негізгі сот процесін күткенге дейін өзіміз отырған тергеу изоляторында жасырын камераларды тауып алып, беріп жібердік. Кейінірек оны қажет болса журналистерге де, басқаларға да көрсетеміз. Комиссия жіберсеңіздер ол камералардың қай жерде тұрғанын, оны қалай жұлып алғанымызды көрсетеміз, – деді айыпталушы.

Бұл айтылғандарға қатысты процеске қатысушы прокурор Александр Кирияк арыз жазылса, міндетті түрде тексеру жасайтынын айтты.

ДЕНСАУЛЫҒЫ СЫР БЕРГЕН АЙЫПТАЛУШЫ

Алғашқы процесс басталысымен шамамен жарты сағаттан кейін айыпталушылардың бірі Руслан Сыдықовтың денсаулығы нашарлап кетті. Судья Сыдықовқа медициналық көмек көрсетілгенше 10 минуттық үзіліс жариялады.

Үзілістен кейін адвокат Бауыржан Мұстафин Руслан Сыдықовқа тергеу «Қорғас ісіне» төрағалық етіп отырған судья Советхан Сәкенов. Алматы, 20 маусым 2013 жыл.

«Қорғас ісіне» төрағалық етіп отырған судья Советхан Сәкенов. Алматы, 20 маусым 2013 жыл.

изоляторында отырғанда бірнеше операция жасалғанын, сондықтан оны денсаулық жағдайына байланысты сот кезінде үйқамаққа жіберу туралы өтініш айтты.

Айыпталушы Руслан Сыдықовтың анасы әрі қоғамдық қорғаушысы Айгүл Әубәкірова баласының денсаулығына қатысты сот-медициналық сараптама қағаздарын ала алмай жатқанын айтып шағынды.

Адвокат пен қоғамдық қорғаушының айыпталушының денсаулығына сот-медициналық тексеру жасау туралы өтінішін судья қабыл алды да, басқа да адвокаттарды тыңдауын жалғастырды.

«БІРІНШІ КҮННЕН ҚЫСЫМ ЖАСАЛДЫ»

Руслан Сыдықовке дәрігерлер көмектесіп жатқан тұста журналистер сот залына кіріп, айыпталушылардан бірлі-жарым пікір білмек болды.

– Бірінші күннен бастап барлығымызға қысым жасалды. Бізді 1,5х2 метрлік тар Айыпталушы Валерий Қайырбаев. Алматы, 20 маусым 2013 жыл.

Айыпталушы Валерий Қайырбаев. Алматы, 20 маусым 2013 жыл.

карцерлерде ұстады. Камераларда егеуқұйрықтар жүрді. Біз айыптаулармен мүлдем келіспейміз. Сондықтан сот объективті өтеді деп үміттеніп отырмыз, – деді айыпталушы Валерий Қайырбаев.

Үзіліске берілген 10 минутта айыпталушылар көп ештеңе айта алмады. Арасында сақтық танытып, қашқақтағандар да болды.

«Қорғас ісі» бойынша сот процесінің алғашқы отырысына жиырмадан астам журналист қатысты. Судья айыпталушылар мен прокурорлардан журналистердің сот залында қалу-қалмауы туралы пікірін сұрады. Прокурор Александр Кирияк журналистерге бөлек баспасөз орталығы қарастырылғанын, сол жердегі мониторлардан бәрін көріп-естуге болатынын айтты.

Айыпталушылар керісінше «мониторлар кейде өшіп қалуы мүмкін, сондықтан журналистер объективті болуы үшін залда отырғаны жөн» деген пікір айтты. Ал адвокаттар «журналистердің сот залында кезектесіп отырғаны абзал» деді. Судья Сәкенов соңғы ұсынысты қолдады. Бірақ журналистердің қандай тәсілмен кезектесіп отыратыны, туралы анық айтылған жоқ.

"Қорғас ісіндегі" адвокаттың пікірі


Жоғарғы сот баспасөзінің хатшысы Евгений Дробязконың сөзінше, «Қорғас ісі» бойынша сот күнде өтіп отырады, тек жұма күндері түске дейін ғана болады.

«ҚОРҒАС ІСІ»

Жемқорлыққа қатысты атышулы бұл іс жөнінде тергеу мен айыптаушы тарап «ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін әшкереледік» дейді. Баспасөз «бұл істің астарында күштік мекемелер арасындағы текетірестер мен шекара төңірегіндегі «майшелпекті» бөлісе алмаған бақталастық жатыр» деп жазады.

Кеденшілер мен ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) қызметкерлерін қамаудан басталған «Қорғас ісі» бойынша тергеу амалдары екі жыл жүрді. Бастапқыда Сол жақта - «Қорғас ісіне» байланысты айыпталушылардың бірі. Алматы, 20 маусым 2013 жыл.

Сол жақта - «Қорғас ісіне» байланысты айыпталушылардың бірі. Алматы, 20 маусым 2013 жыл.

кәнігі қылмыскерлер мен олардың құзырлы құрылымдардағы жебеп- желеушілерінен құрылған топтың жүзден аса мүшесі ұсталды» деп хабарланған еді.

Бірақ бүгін сот алдына тергеу болжамы бойынша «Қорғас», «Қалжат» және «Достық» кеден бекеттері арқылы контрабандалық жолмен тауар өткізуді жүйеге айналдырып алып, шекарадан жүгін өткізген кәсіпкерлерді пара беруге мәжбүрлеген, контрабандистерді қорғаған деп айып тағылған 45 адам барады. 19 адамға іздеу жарияланған.

Қаржы полициясының деректеріне қарағанда, «қылмыстық топ өкілдері шекарадан өткен әр жүк көлігінен 25 мыңнан 30 мың АҚШ долларына дейін ақша жинап отырған. Бұл ақшаның 5 мың доллары ғана кеден төлемдері ретінде бюджетке, ал қалғаны айыпталушылардың қалтасына түскен».
Шекарадан өткен әр жүк көлігінен 25-30 мың АҚШ долларына дейін ақша жинап отырған. Ол ақшаның 5 мың доллары ғана бюджетке түскен.

Қаржы полициясы қызметкерлерінің айтуынша, қылмыстық топ мүшелері осындай жолмен жүздеген миллион доллардың дүние-мүлкін жинап алған.

Мамырдың 23-і күні Астанада өткен брифингте бас прокуратураның департамент бастығы Ұлықбек Патсаев «жүздеген автокөлік, ондаған жылжымайтын мүлік нысандарына, есеп-шоттарға, қомақты ақшаға, тіпті құнды металлдарға дейін қамау салынды» деген.

Айыпталушылар мен олардың адвокаттары өздеріне тағылған бұл айыптарды жоққа шығарып келеді.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG