Accessibility links

«Қорғас ісі» сотқа жетті


Қорғас ісіне қатысты алдын ала тыңдаулар өткен СИ 18 мекемесі әкімшілік ғимаратының алдында тұрған көліктер. Алматы, 29 мамыр 2013 жыл.

Қорғас ісіне қатысты алдын ала тыңдаулар өткен СИ 18 мекемесі әкімшілік ғимаратының алдында тұрған көліктер. Алматы, 29 мамыр 2013 жыл.

Алматыда «Қазақстан-Қытай шекарасында контрабандалық тауар өткізу желісін ұйымдастырып, кәсіпкерлерден ақша жинаған» деп айыпталғандардың алдын ала сот тыңдауы басталды. 45 айыпталушының арасында ҰҚК мен кеден қызметкерлері бар.

Жемқорлыққа қатысты атышулы бұл іс жөнінде тергеу мен айыптаушы тарап «ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін әшкереледік» дейді. Баспасөз «бұл істің астарында әскери мекемелер арасындағы текетірестер мен шекара төңірегіндегі «майшелпекті» бөлісе алмаған бақталастық жатыр» деп жазады.

45 АДАМНЫҢ СОТЫ АБАҚТЫДА ӨТЕДІ

«Қорғас ісі» бойынша сот отырысы Алматыдағы ең үлкен тергеу изоляторының (СИ-18) ғимаратында өтеді. Сотталушылар мен олардың адвокаттарын, туыстарын және бұл процеске қатысқысы келетін журналистердің барлығын сыйдыратын бөлме қала соттарынан табылмады.

Кеденшілер мен ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) қызметкерлерін қамаудан басталған «Қорғас ісі» бойынша тергеу амалдары екі жыл жүрді. Бастапқыда «кәнігі қылмыскерлер мен олардың құзырлы құрылымдардағы жебеп- Қазақ-қытай шекарасындағы «Қорғас» кеден бекетінен өту үшін кезекте тұрғандар. Алматы облысы, 26 мамыр 2011 жыл

Қазақ-қытай шекарасындағы «Қорғас» кеден бекетінен өту үшін кезекте тұрғандар. Алматы облысы, 26 мамыр 2011 жыл

желеушілерінен құрылған топтың жүзден аса мүшесі ұсталды» деп хабарланған еді. Бірақ бүгін сот алдына тергеу болжамы бойынша «Қорғас», «Қалжат» және «Достық» кеден бекеттері арқылы контрабандалық жолмен тауар өткізуді жүйеге айналдырып алып, шекарадан жүгін өткізген кәсіпкерлерді пара беруге мәжбүрлеген, контрабандистерді қорғаған деп айып тағылған 45 адам барады. 19 адамға іздеу жарияланған.

Қаржы полициясының деректеріне сәйкес, қылмыстық топ өкілдері шекарадан өткен әр жүк көлігінен 25 мыңнан 30 мың АҚШ долларына дейін ақша жинап отырған. Бұл ақшаның 5 мың доллары ғана кеден төлемдері ретінде бюджетке, ал қалғаны айыпталушылардың қалтасына түскен. Қаржы полициясы қызметкерлерінің айтуынша, қылмыстық топ мүшелері осындай жолмен жүздеген миллион доллардың дүние-мүлкін жинап алған.

Мамырдың 23-і күні Астанада өткен брифингте бас прокуратураның департамент бастығы Ұлықбек Патсаев «жүздеген автокөлік, ондаған жылжымайтын мүлік нысандарына, есеп-шоттарға, қомақты ақшаға, тіпті құнды металлдарға дейін қамау салынды» деді.

Кедендегі жемқорлыққа күдіктілердің көлемді тобы ұсталған соң Қазақстан-Қытай шекарасындағы пара алу, пара беру тоқтады ма? Баспасөз беттері Қорғас ісіне қатысты айыпталушы Ерлан Абдрахмановтың қорғаушысы әрі әкесі Болат Абдрахманов (сол жақта), айыпталушы Талғат Жақаевтың адвокаты Татьяна Ковылкина. Алматы, 29 мамыр 2013 жыл.

Қорғас ісіне қатысты айыпталушы Ерлан Абдрахмановтың қорғаушысы әрі әкесі Болат Абдрахманов (сол жақта), айыпталушы Талғат Жақаевтың адвокаты Татьяна Ковылкина. Алматы, 29 мамыр 2013 жыл.

кедендегі жемқорлықтың жемсауы әлі жабылған жоқ» деген сипаттағы хабарларға толы. Үрімжіден Алматыға рейстік автобуспен тауар таситын әйелдермен 2013 жылдың ақпан айында сапарлас болған Азаттық тілшісі кедендегі заңды, заңсыз процедураларды көзімен көрді. Қолында әлдебір тізімдері бар, жай киім киген адамдар шекарадан өткен саудагер әйелдерден ақша жинап алды. Сапарлас әйелдер шекарадағы мұндай «алым-салықтың» кейбір сырын ашқан еді.

– Бір килограмм тауарды кеденнен өткізудің ресми бағасы – 800 теңге немесе 4 евро. Бүгін 600 теңгеден өткіздік. Ақшаны ортада жүретін делдалдарға бердік. Жай киім кигендер – солар. Автобустан түссең болды «көмектесем» деп тұра жүгіретін арбакештермен ым-жымдары бір. Олар тауарыңды еш қиындықсыз өткізіп беруге кепілдік береді, - дейді жаңаөзендік кәсіпкер Мәриям.

Саудагер әйелдер осындай жемқорлық амалмен болса да аздап үнем жасағанына разы. «Шығын аз болса, табыс көп болатыны – базар заңы» дейді олар.

«ҚОРҒАС ІСІНДЕГІ» VIP-ТҰЛҒАЛАР

Кеденнің анау-мынау қарапайым қызметкерлері де емес, «Қорғас» бекетінің бастығы Бақытжан Айдаров, Алматы облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы Құрманбек Артықбаев сияқты білдей басшылары Қазақстан кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрібозов. Ресми сайттағы сурет.

Қазақстан кедендік бақылау комитетінің бұрынғы төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрібозов. Ресми сайттағы сурет.

қамалғаннан кейін кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрібозов қызметінен кеткен еді. Содан бергі екі жылда ол жайлы ештеңе естілмейді.

Оның орнына тағайындалған Серік Баймағамбетов бұл қызметте бір жылға жетпейтін уақыт қана істеді. Қылмыстық айыптау бойынша 2013 жылдың қаңтарында оның дүние-мүлкі тәркіленіп, өзі 10 жылға сотталды.

Қаржы полициясының шекарада «қылмыстық топ ұсталды» деген хабарынан кейін ҰҚК-нің төрағасы Нұртай Әбіқаев «шені мен қызметіне қарамастан, осы іс бойынша айыпталғандардың барлығы жазасын алады» деп мәлімдеді. Айтпақшы, айыптылардың қазіргі тізімінде ҰҚК-нің Ақмола облысы бойынша департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Бақытбек Құрманалиев, ҰҚК департаментінің бастығы болған Талғат Жақаев, ҰҚК департаменті басқармасының бастығы қызметін атқарған Ирлан Әбдірахманов та бар.

Бұл «Қорғас» кеден бекетіндегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты алғашқы шулы оқиға емес. 2006 жылы ҰҚК пара алып, пара берген «қылмыстық топқа» мүше кеденшілердің тұтқындалғаны туралы жар салған болатын. Сол кезде «Қорғас» кеден бекетінің бастығы Болат Жұмабеков «қылмыстық топ құрып, басқарды» деп айыпталған. «Қылмыстық топтың әшкереленгенін» дәл сол уақытта ҰҚК төрағасының орынбасары болып істеген Қозы-Көрпеш Кәрібозов мәлімдеген еді.

«Қорғас» – Қазақстан-Қытай шекарасындағы негізгі кедендік бекеттердің бірі. Автомобиль жолы арқылы Қазақстан мен кейбір көрші елдерге Қытайдан жеткізілетін жүктің үлкен бөлігі осы бекет арқылы өтеді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG