Accessibility links

Пысық студенттер қазірден үйге ақша жинап жүр


Cтудент Ырыс Амангелді. Алматы, 28 маусым 2012 жыл.

Cтудент Ырыс Амангелді. Алматы, 28 маусым 2012 жыл.

Қазақстандағы бір ғана банктің өзінде 18 бен 25 жас аралығындағы 29 мың жас тұрғын үй үшін арнайы есеп ашып, үй алуға ақша жинап жатыр. Кейбір жастар жер алып, баспана салып үлгерген.

«КҮЗДЕ ӨЗ ҮЙІМЕ КІРЕМІН»

Студент Құрметолла Мұхамедханұлы екі жыл тірнектеп жиған ақшасына Алматы облысы Талғар ауданынан 8 сотық жер сатып алған екен. Қазір 23 жастағы студент өз күшімен үй салып алғанын айтады.

– Алматыда баспанасыз тіршілік ету мүмкін емес. Университетке түскеннен кейін жұмыс істеп, үйге ақша жинадым. Қаладан баспана іздеп, біраз бақыладым. Бірақ қалтам көтеретіндей тұрғын үй таба алмадым. Кейін жер қарастырдым. Ақыры бірнеше жыл бойы жұмыс жасап, жер сатып алдым. Ол жерге үй тұрғызу үшін тағы Жер алып, үй салған студент Құрметолла Мұхамедханұлы. Алматы, 28 маусым 2012 жыл.

Жер алып, үй салған студент Құрметолла Мұхамедханұлы. Алматы, 28 маусым 2012 жыл.

да ақша жинадым. Биыл Талғар ауданындағы Қызылқайрат ауылынан алған жеріме үй салып біттім. Қазір азын-аулақ жөндеу жұмыстары қалды. Күзде өз үйіме қоныстанамын, – дейді студент.

Құрметолланың айтуынша, жер сатып алуға 10 мың доллар кеткен. Ал үй салуға шамамен 13 мың доллар қаржы жұмсапты.

– Үй салған Қызылқайрат ауылы Алматыдан 20 шақырым жерде. Демек, қалаға қатынау жағынан қиындықтар бар. Үйге қоныстанған соң көлік алу жоспарымда бар. Негізі, Алматыға жақын жерлерден жер іздедім. Бірақ өте қымбат. Қаланың маңындағы жер телімдері 20 мың долларға дейін барады, – дейді Құрметолла Мұхамедханұлы.

«АҚША ЖИНАП ЖАТЫРМЫН»

23 жастағы Бауыржан Саматов та қала сыртындағы Жандосов ауылынан 11 мың долларға жер телімін сатып алған екен. Ол да «пәтер алу мүмкін емес, сондықтан тірнектеп жиған ақшама жер сатып алдым» дейді.

– Бастысы, жер алып қойдым. Үй салу жағын әлі ойластырған жоқпын. Құрылысқа да қаражат керек. Қазір тағы да ақша жинап жатырмын, – дейді Бауыржан.

Ал студент Кәусар Лескенқызы бір жылдан бері банкте депозит ашып, үйге ақша Студент Кәусар Лескенқызы. Алматы, 28 маусым 2012 жыл.

Студент Кәусар Лескенқызы. Алматы, 28 маусым 2012 жыл.

жинап жатыр.

– Әлі бір жылдай жинауым керек. Телеарнада жұмыс жасаймын. Тапқан ақшамның 60 пайызын банкке саламын. Ипотекаға үй алмақпын. Алғашқы жарна 10 мың долларды құрайды. Қазір осы қаржының жартысын жинап қойдым, – дейді Кәусар Лескенқызы.

Биыл университеттің үшінші курсын тәмамдаған Ырыс Амангелді де – банк салымшысы. Студент бір жылдан бері депозит ашып, баспанаға қаражат жинап жатыр.

– Арманым – үй алу. Бірақ қиын екенін білемін. Студент кезімде біраз тер төгіп, кейін ипотекалық несиемен үй алмақпын. Жұрттың көпшілігі «ипотека қауіпті, 10-15 ​жыл төлейсің» дейді. Бірақ тәуекелмен ипотеканың көмегіне жүгінемін. 40-50 мыңды пәтер жалдауға төлегенше, өз пәтеріме бергенім артық, – дейді Ырыс Амангелді.

«ҮЙ АЛУ, АҚША ЖИНАУ – АРМАН»

Жастардың біразы «үй алу, үйге ақша жинау – арман» екенін айтады. Қоғамдық көлікте кондуктор болып жұмыс жасайтын Асхат есімді жігіт «тапқаным өзімнен артылмайды» дейді.
Сағыныш Назарова, қазақ студенті. 28 маусым 2012 жыл

Сағыныш Назарова, қазақ студенті. 28 маусым 2012 жыл


– Үй алу, үй салу, ақша жинауды ойламаппын. Қалада достарыммен бірге пәтер жалдап тұрамын. Үйді мемлекет сыйламаса, өзім ала алмаймын. Себебі тапқан қаржым тамағымнан, киімімнен артылмайды, – дейді ол.

Студент Сағыныш Назарова да қазір үй алуға мүмкіндігі жоқ екенін айтты.

– 50-60 мың теңге жалақым бар. 20 мың теңге пәтерге кетеді. Дәл қазір пәтер алуды, жер алуды ойламаппын. Бұл – өте қиын. Қазір құрбыларыммен бірге үй жалдап тұрамын, – дейді студент.

БАНККЕ ЖҮГІНГЕН 28 МЫҢ 991 ЖАС

Алматыдағы банктердің бірінде жұмыс істейтін бас маман Алмат Бөлегеновтің айтуынша, «үй алуға ниетті жастардың саны жыл сайын өсіп келеді».
Салымшылардың 55 пайызы – 35 жасқа толмаған азаматтар.

– Арнайы есеп ашып, ақша жинап жатқандардың 10 пайызы – 18 жасқа толмағандар. Ал үйге ақша жинап жатқандардың 11 пайызы – 18 бен 25 жас аралығындағы жастар. Жалпы, біздің салымшылардың 55 пайызы – 35 жасқа толмағандар, – дейді банк маманы.

Алмат Бөлегеновтің сөзіне қарағанда, бұл банк арқылы ақша жинап жатқан 18 бен 25 жас аралығындағы жастардың нақты саны – 28 мың 991 адам.

– Есеп ашып, үйге ақша жинау үшін кем дегенде 3-15 жыл керек. Белгіленген соманы жинаған соң, банк қосымша қарыз беріп, үй алып береді. Ал қосымша қарызды төлеу уақыты – 6 жылдан 25 жылға дейін. Үстемақы мөлшері – 3,5 пайыздан 5 пайызға дейін, – дейді банк өкілі.

ҮЙДІҢ БІР ШАРШЫ МЕТРІ – 239 МЫҢ ТЕҢГЕ, АЙЛЫҚ – 97 МЫҢ ТЕҢГЕ

Статистика агенттігінің дерегі бойынша, Қазақстандағы ең қымбат пәтер – Алматыда. 2012 жылдың басындағы дерек бойынша, Алматыда жаңа үйдің бір шаршы метрінің орташа бағасы – 239,1 мың теңге (шамамен 1600 АҚШ доллары). Екінші орында тұрған Астанада бір шаршы метрі – 182,3 мың теңге (шамамен 1200 АҚШ доллары), ал Атырауда – 179,2 мың теңге (шамамен 1200 АҚШ доллары).

Қазақстан бойынша үйдің бір шаршы метрінің орташа бағасы – 154,1 мың теңге (шамамен 1034 АҚШ доллары).

Пәтер жалдап тұру үшін Алматыда үйдің бір шаршы метріне айына – 1909 теңге (12,8 доллар), Астанада –1865 теңге (12,5 доллар), Атырауда – 1255 теңге (8,4 доллар) төлеу керек.

Қазақстан статистика агенттігінің соңғы (сәуір айы бойынша) дерегіне қарағанда, елдегі орташа айлық жалақы деңгейі – 97 мың 568 теңге (шамамен 650 АҚШ доллары).
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG