Accessibility links

Әлеуметтік тұрғын үй немесе баспана мәселесі


Атырау қаласында салынған жаңа үй. 17 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Атырау қаласында салынған жаңа үй. 17 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстандағы тұрғын үй тапшылығы 28 миллион шаршы метрді құрайды. Шамамен 400 мың отбасының жеке баспанасы жоқ.

Елдегі еңбекке қабілетті азаматтардың 25 пайызының ғана өз күшімен баспаналы болуға шамасы жетеді.

Мүгедек Бақытхан Жексенова Алматыда пәтер жалдап тұрады.

– Бірінші топтың мүгедегімін, көп нәрсеге мұқтажбын. Егер бағасы біздің мүмкіндігімізге лайық үй салса, ол үйде пандус пен басқа да мүгедектерге арналған жағдайлар жасалса, қалаға жақын ауданда болса, ондай пәтерден бас тартпас едім. Ешбір мемлекеттік бағдарлама бойынша үй сатып алуға шамам жетпейді. Жолдасым екеуіміз зейнетақыға күн көріп отырмыз, – дейді ол Азаттыққа берген сұхбатында

«Қолжетімді баспана – 2020» мемлекеттік бағдарламасын ары қарай дамытуға қатысты ресми мәлімдемелерде табысы аз тұрғындарға арнап үй салу туралы үндеулер бар. Бұл бағдарлама бойынша әлеуметтік жағдайы нашар азаматтар муниципалдық пәтерлерді жалға алып, кейін оны сатып алуына болады.

"Думан" ықшамауданы маңында баспанасыз азаматтар наразылық акциясын өткізіп, жер басып алуға тырысты. Алматы, 2 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

"Думан" ықшамауданы маңында баспанасыз азаматтар наразылық акциясын өткізіп, жер басып алуға тырысты. Алматы, 2 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

​Кей деректер бойынша, Қазақстан коммунистік халық партиясының парламенттегі депутаттары күзде әлеуметтік тұрғыда қорғалатын, жағдайы нашар отбасылар үшін қала орталығынан алыс аймақтарда баспана салу туралы ұсыныс айтпақ. Бұл идеяға бірден сенімсіздік танытқандар бар.

– Жалақысы аз азаматтарға арналған үйлер салу жобасы дайындалса деймін. Бір жерде - жер үйлер, басқа жерде көп қабатты үйлер салынып жатыр... Ауқаттыларға тиетін тұрғын үй үшін қаржы шығындап қайтеміз? 35-40 шаршы метрді де қанағат тұтатын қарапайым тұрғындар мүлдем баспанасыз жүр, – дейді парламент депутаты Қазақстан коммунистік халық партиясының басшысы Владислав Косарев Азаттыққа берген сұхбатында.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

2009 жылы тұрғын үй салу құрылысы күрт бәсеңдеп кетті, қазір қайтадан артып келеді. Қазақстан статистикалық агенттігінің деректері негізінде жасалған кесте соны көрсетеді.

2007 2008 2009 2010 2011 2012
Пайдалануға берілген тұрғын үй, мың шаршы метр) 6679 6848 6403 6409 6531 6742
Пәтер саны 57 513 58 799 54 110 54 716 55 026 57 135*
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция, миллиард теңге 490,4 468, 0 310, 8 335, 7 421, 0 400,7

*автордың есебі бойынша

Бұл кестеден тұрғын үй құрылысын қаржыландырудағы мемлекеттің үлесі соңғы уақытта артып келе жатқанын байқауға болады. 2007 жылы жалпы тұрғын үй салудағы мемлекеттік және жергілікті бюджеттің үлесі 9 пайыз болса, 2011 жылы 25 пайыз болған. Былтыр қабылданған «Қолжетімді баспана–2020» бағдарламасы бойынша 2020 жылы бір жылда салынатын тұрғын үй көлемі 10 миллион шаршы метрге жетуге тиіс. Тұрғын үй барлық қаржыландыру көздері арқылы, соның ішінде республикалық бюджеттің есебінен де салынбақ.

АРЗАН ҮЙ МЕН ГЕТТО БІР ЕМЕС

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰНЫ

Қазақстандағы тұрғын үйдің жалпы аумағының бір шаршы метрінің орташа бағасы (2013 жыл, маусым):

  • Жаңа тұрғын үйдегі пәтер – 178 мың теңге
  • Көп қабатты үйдегі есі пәтер – 138 мың теңге
  • Көп қабатты емес үйдегі ескі пәтер – 81 мың теңге
  • Элиталы тұғын үйдегі ескі пәтер — 160 мың теңге.

«Қолжетімді баспана–2020» бағдарламасы әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындар үшін аймақтарда шаршы метрі – 80 мың теңге, ал Астана мен Алматыда 120 мың теңге шамасында болатын үй салуды қарастырады.
«Тұрғын үй қатынасы» туралы заң бойынша, мемлекеттік қордан пәтер алуға тұрмысы нашар, әлеуметтік тұрғыда қорғалатын тұрғындардың құқығы бар. Олар – екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандар мен мүгедектер, соларға теңестірілген тұлғалар, бірінші және екінші топ мүгедектері, мүгедек балалары бар, не оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, зейнеткерлер (жасы бойынша) және көп балалы отбасылар (барлығы – 11 санат). Алайда тұрғын үй жағдайын жақсартуды қажет ететін жағдайы нашар адамдардың санын бірде-бір ресми тұлға атамайды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің айтуынша, 2013 жылға дейін тұрғын үй көмегін 125 мыңнан астам отбасы алған. «Қолжетімді баспана–2020» бағдарламасында тұрғын үй құрылысының үлесін әкімдіктердің кезегінде тұрған, жағдайы нашар, әлеуметтік тұрғыда қорғалатын тұрғындар есебінен жалпы көлемнен жыл сайын кемітіп отыру қарастырылған. 2013 жылы 4,2 пайыз, ал 2020 жылы 2,8 пайыз қысқарту көзделген.

Парламент депутаты, Қазақстан коммунистік халық партиясының басшысы Владислав Косарев қала орталығынан алыс аумақтардан жергілікті әкімшілік жер телімдерін арзан бағамен берсе, болашақта Қазақстан коммунистік халықтық партиясының жетекшісі Владислав Косарев. Алматы, 12 қаңтар 2012 жыл.

Қазақстан коммунистік халықтық партиясының жетекшісі Владислав Косарев. Алматы, 12 қаңтар 2012 жыл.

оммуникация орнату мүмкіндігі болса, сол жерге арзан тұрғын үйлерді көбірек салу керек дейді. Оның үстіне құрылысты қала орталығында үй салып, жақсы пайда тапқан компаниялар жүргізуге тиіс.

Астанада тұратын парламенттің бұрынғы депутаты Валерий Доскалов мұндай ұсынысты тұрғындардың құқығын бұзу деп біледі.

– Бұл белгілі бір топтағы адамдарға арналған гетто немесе резервация, – дейді ол.

Табысы аз адамдарға арнап үй салуды парламент депутаты Егор Каппель де құптамай, «ол азаматтар өздерін «қайыршы» сезініп, «гетто» немесе алыс ауданда тұратын адам ретінде қабылдайды» дейді. Оның ойынша, тұрғын үй мәселесін шешу үшін әлеуметтік тұрғын үй салуға баса мән берілу керек, ол үйлер қымбат емес, сапалы болуға тиіс.

– «Арзан тұрғын үй» ұғымы елдің әр аймағындағы адамдардың табысын саралау арқылы қалыптасуға тиіс, – дейді ол.

Өзге сарапшылардың ойынша, мәселені шешу үшін мемлекет халықтың жалпы жағдайын жақсартуға тиіс немесе тұрғын үй құрылысына көп қаржы салуы керек. «Екі әдісті де біріктірсе, нәтижесі тіпті жақсы болар еді» деп қояды үміті басым тұрғындар.

Материалды дайындауға Азаттық тілшісі Мәншүк Асаутай қатысты.

Аударған – Динара Әлімжан

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG