Accessibility links

Сарапшылар «Қазақстанда адам құқығы жағдайы жақсармағанын» айтты


БҰҰ-ның адам құқығы комитетінің мүшесі Кристер Телин. Астана, 22 мамыр 2012 жыл.

БҰҰ-ның адам құқығы комитетінің мүшесі Кристер Телин. Астана, 22 мамыр 2012 жыл.

Бүгін Қазақстанның адам құқығы саласында халықаралық ұйымдар алдында алған міндеттемелерін орындау мәселесіне арналған конференция болды. Астанада өткен жиында елдің 2009-2012 жылдарға арналған адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарының орындалуы талқыланды.

Жоспарда жазылған міндеттерді Қазақстанның қаншалықты орындағанын-орындамағанын үш құқық қорғаушы ұйым (Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық бюро, MediaNet халықаралық журналистика орталығы және Құқықтық саясатты зерттеу орталығы) 2010 жылдан бері бақылаған.

Бұл зерттеу жобасына 300 мың еуро жұмсалған, оның басым бөлігін Еуропа Одағы қаржыландырды.

«ЖОСПАРДАҒЫ МІНДЕТТІҢ 17 ПАЙЫЗЫ ҒАНА ОРЫНДАЛҒАН»

Бүгінгі жиында бақылаушылар «Қазақстан екі жылдың ішінде ұлттық жоспарда жазылған міндеттердің тек 17 пайызын ғана орындағанын» жариялады.

Сарапшылар «жоспарда белгіленген шаралар – тиімсіз, адам құқығын жақсартпайтын өнімсіз әрекеттер» екенін де айтты.

– Тіпті белгіленген ұсыныстардың жартысы орындалды дегеннің өзінде бұл «адам құқығының жағдайы біршама жақсарды» дегенді білдірмейді. Себебі онда өте Құқықтық саясатты зерттеу орталығының атқарушы директоры Назгүл Ерғалиева. Астана, 22 мамыр 2012 жыл.

Құқықтық саясатты зерттеу орталығының атқарушы директоры Назгүл Ерғалиева. Астана, 22 мамыр 2012 жыл.

тиімсіз, үстірт құралдар бекітілген. Іс жүзінде адам құқығы жағдай жақсарған жоқ. Бұдан шығатын қорытынды – адам құқығы саласындағы ұлттық жоспар тиімді емес, – деді Құқықтық саясатты зерттеу орталығының атқарушы директоры Назгүл Ерғалиева.

Оның айтуынша, адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарында бекітілген шараларды өзгертуге мүмкіндік болмағандықтан үш ұйым әзірше жоспардың қалай орындалатынын әрі қарай бақылай береді, «ал келесі жылдарға арналған жоспарды құру ісіне қатысуға назар аударып отыр».

«КӨЗБОЯУШЫЛЫҚ КӨП – БІРАҚ ОҢ ТҰСТАРЫ ДА БАР»

Жиынға қатысқан БҰҰ-ның адам құқығы комитетінің мүшесі Кристер Телин бұл ұсыныстарды орындату үшін «БҰҰ азаматтық қоғаммен, үкіметтік емес ұйымдармен біріге отырып, Қазақстан үкіметіне ықпал жасай алатынын» айтып өтті. Адам құқығына арналған ұлттық жоспарды бағалау кестесі. Астана, 22 мамыр 2012 жыл.

Адам құқығына арналған ұлттық жоспарды бағалау кестесі. Астана, 22 мамыр 2012 жыл.

Бірақ ол адам құқығы саласында «Қазақстаннан да артта келе жатқан» елдер бар екенін сөз етті.

– Қазақстан комитетпен (БҰҰ адам құқығы комитетімен – ред.) диалог орнатып, бұл процеске кірігіп келеді. Есептерін таныстырады. Көптеген көзбояушылық болғанымен, мұнда да оң тұстары бар. Мысалы, комитетпен мүлде диалог жасамай келе жатқан елдер де бар, – деді Кристер Телин.

Құқық қорғаушылар жасаған шолуда «ұсыныс орындалды» деген белгіден гөрі «ұсыныс орындалмады» деген тіркес жиі жолығады. Онда көбінесе қаулы, ереже, заңдардың қабылдануы-қабылданбауы, бекітілгені-бекітілмегені туралы көрсетілген.

Бұл жоспарда жергілікті билік органдарынан рұқсат сұрамай, тек ескертіп қана бейбіт жиын жасауға мүмкіндік беретін заң қабылдау міндеті бар. Қазақстан билігі бұл міндетті бірнеше жылдан бері орындамай келеді.

Құқық қорғаушылардын ойынша, азаматтардың ақпарат алу мүмкіндігін шектейтін заңдардың қабылдануы, жала жабу мен қорлау туралы баптың «қылмыс емес» деп толық сараланбауы да – Қазақстанның адам құқығы саласында алған міндеттеріне қайшы.

«56 ПАЙЫЗ – ТЕК ЗАҢНАМАҒА ҚАТЫСТЫ КӨРСЕТКІШ»

Бақылаушылар «азаптаулардан және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінен еркін болу құқығы» бөлімінде жазылған міндеттердің 56 пайызға орындалғанын айтады. Бұл – өзге бөлімдермен салыстырғанда ең үлкен көрсеткіш.

Адам құқығын қорғау бюросының Астана бөлімшесінің жетекшісі Анар Ибраева бұл көрсеткішке күмән келтірген кейбір ақпарат құралдары өкілдеріне:

– Ұлттық жоспар деген кезде мұнда жазылғанның барлығы орындалып жатыр дегенді білдірмейді. Біз тек оның үш құрама бөлігі – заңнама, азаматтардың Адам құқығын қорғау бюросы Астана бөлімшесінің жетекшісі Анар Ибраева. Астана, 23 маусым 2011 жыл.

Адам құқығын қорғау бюросы Астана бөлімшесінің жетекшісі Анар Ибраева. Астана, 23 маусым 2011 жыл.

құқықтарын қорғауға бағытталған органдар, құқықты қорғау механизмдері – туралы ғана айтып отырмыз. Ал 56 пайыз деп айтып отырғанымыз – заңнамаға қатысты көрсеткіш. Бізде қысымға қарсы конвенция бар, сонымен бірге қылмыстық кодексте қысымға қарсы бап бар. Бірақ қысымды жою үшін бұлардың бәрі жеткіліксіз. Сіз ресми статистикадан да, үкіметтік емес ұйымдардың статистикасынан да Қазақстанда қысым барына көз жеткізе аласыз. Ал сол қысымды зерттейтін тәуелсіз орган жоқтың қасы. Бұл – өте үлкен проблема, – деп жауап берді.

Анар Ибраеваның айтуынша, Қазақстанда қысым фактілерін дәлелдеудің өзі – өте қиын.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG