Accessibility links

Курамшин шағымдана алатын халықаралық ұйымдар ғана қалды


Құқық қорғаушы Вадим Курамшин. Алматы, 31 тамыз 2012 жыл.
Құқық қорғаушы Вадим Курамшин. Алматы, 31 тамыз 2012 жыл.

Жоғарғы сот құқық қорғаушы Вадим Курамшиннің үкіміне қатысты қадағалау өндірісін қозғау туралы шағымды қанағаттандырмай тастады. Қазақстанда оның адвокаттары шағымдана алатын сот қалған жоқ. Олар БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне шағымданбақ.

Қарашаның 25-і күні Астанада «прокуратура қызметкерінен ақша бопсалады» деген айыппен былтыр 12 жылға сотталған құқық қорғаушы Вадим Курамшиннің адвокаттарының шағымы қаралды. Курамшиннің жақтастарының пікірінше, оған тағылған айыптың саяси астары бар.

Сот процесі бір сағатқа кешігіп басталды. Жоғарғы сот күзетшілері журналистерді видео және фотоаппаратурамен кіргізбеді. Бірақ бұл мәселе баспасөз қызметі араласқан соң реттелді. Бірақ Вадим Курамшиннің адвокаттарынан сот барысын жазатын диктофонды алып қойды.

Сот отырысында Вадим Курамшиннің адвокаттарының бірі Лейла Рамазанова қылмыстық істі қарау барысында заң бұзушылықтар болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Курамшиннің әрекеті «Бопсалау» емес, «Өктемдік» бабы бойынша
Солдан оңға: Вадим Курамшиннің анасы Ольга Колтунова, адвокаттары Рәзия Нұрмашева мен Лейла Рамазанова. Астана, 25 қараша 2013 жыл.
Солдан оңға: Вадим Курамшиннің анасы Ольга Колтунова, адвокаттары Рәзия Нұрмашева мен Лейла Рамазанова. Астана, 25 қараша 2013 жыл.
қаралуы тиіс болған.

Екінші адвокат Рәзия Нұрмашева бұрын Курамшиннің ісін қарап, үкімді заңды деп таныған жоғарғы соттың судьясы Моряк Шегенов төрағалық еткен судьялар алқасынан бас тарту туралы өтініш берді. Бірақ адвокат Нұрмашеваның өтініші қанағаттандырылмады.

Биыл шілде айында жоғарғы сот Курамшиннің ісі бойынша қадағалау өндірісін қозғаудан бас тартып, оның тергеу барысында «қылмыстық-процессуалдық құқық нормалары бұзылды, ал айыбым дәлелденбеді» деген шағымын қабылдамаған.

Бұл жолы жоғарғы сот судьялары қадағалау өндірісін қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарды.

Вадим Курамшиннің анасы әрі қоғамдық қорғаушысы Ольга Колтунова сот отырысына Петропавловск қаласынан келді. Қаулы жарияланған соң жылап
Ольга Колтунова, Вадим Курамшиннің анасы. Астана, 25 қараша 2013 жыл.
Ольга Колтунова, Вадим Курамшиннің анасы. Астана, 25 қараша 2013 жыл.
жіберген ол «жоғарғы сот баламның адвокаттарының шағымын қанағаттандырар деп үміттеніп едім» дейді.

– Ары қарай күресеміз. Франция балама сыйлық берді, ал туған елі 12 жылға соттады, – дейді Ольга Колтунова.

«Енді БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитеті сияқты халықаралық ұйымдарға шағымданудан басқа амал қалмады» деген Рәзия Нұрмашеваның айтуынша, бас прокуратура Вадим Курамшиннің адвокаттарының өтініштерін қабылдаудан бас тартқан.

– Жоғарғы сотта осымен екі рет қаралды. Егер олар бірден бас тартса, енді ешқандай отырыс болмайды деген сөз. «Бізде бірдеңені дәлелдеу мүмкін емес» деп мен әу баста-ақ айтқанмын, – дейді Рәзия Нұрмашева.

Астанаға келген адвокаттардың жол шығынын Вадим Курамшиннің Англияда тұратын достары ақша жинап төледі. Бұл жайында әлеуметтік желілерде
Жоғарғы сот Курамшиннің адвокаттарының шағымын қарап отыр. Астана, 25 қараша 2013 жыл.
Жоғарғы сот Курамшиннің адвокаттарының шағымын қарап отыр. Астана, 25 қараша 2013 жыл.
азаматтық белсенді Бақытжан Төреғожина жариялады. Оның хабарлауынша, жеке меншік компания Вадим Курамшиннің екі адвокатына 150 мың теңге бөлген.

Биыл маусым айында Вадим Курамшин Адам құқығы саласындағы Людовик Трарье атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды. Баласының сыйлығын алу үшін желтоқсанның 3-інде Францияға баратын анасына көмек ретінде құқық қорғаушы ұйымдар мен азаматтық белсенділер ақша жинады.

Азаматтық белсенді Игорь Коловтың айтуынша, қарашаның 24-і күні Вадим Курамшинді босату жөніндегі жаңа комитет құрылып, оны басқару Айнұр Құрмановқа жүктелген. «Бұрынғы комитет өз міндетін орындай алмады» дейді Колов.

Бірінші сот Вадим Курамшинді «Бопсалау» бабы бойынша ақтап, босатқан. Бірақ оны Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Варшавада өткен конференциясына барып келген соң, екі айдан кейін қайта қамауға алды. Вадим Курамшин2012 жылдың 7 желтоқсанында «бопсалады» деген айыппен 12 жылға сотталды.

Қазір Курамшин жұрт Жамансопка деп атап кеткен ауылдағы тәртібі қатал түрмеде отыр.

Биыл қазақстандық бірнеше құқық қорғау ұйымы Курамшинді саяси тұтқын деп таныды. Ол еркіндікте жүргенде түрмедегі тұтқындардың құқығын белсенді қорғаған.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG