Accessibility links

Құқық қорғаушыларды қудалау туралы есеп жарияланды


Жезқазған қаласында тұратын азаматтық белсенді әрі журналист Берік Жағыпаров. Астана, 23 сәуір 2014 жыл.

Жезқазған қаласында тұратын азаматтық белсенді әрі журналист Берік Жағыпаров. Астана, 23 сәуір 2014 жыл.

Құқық қорғаушылар жаңа есебінде қоқан-лоқы көбейіп, қысым күшейгеніне шағымданады. Олардың істері бойынша соттар көбінесе айыптау үкімін шығарады.

Жезқазған қаласында тұратын азаматтық белсенді әрі журналист Берік Жағыпаров «жергілікті билік өкілдері үстімнен оқтын-оқтын арыз жазады» деп шағымданады.

– Біз заңды жұмыс істейміз. Әкімдік немесе жұмыс беруші компания өкілдері шағым жазады, ал органдар тексере бастағанда менің ешқандай заң бұзбағанымды түсінеді, – дейді Берік Жағыпаров.

Сәуірдің 23-і күні Астанада «Қадір-Қасиет» құқық қорғаушылар қауіпсіздігі коалициясы құқық қорғаушылар мен белсенділердің әділ сот төрелігіне құқығын орындау барысын бақылаудың алдын ала мониторингімен таныстырды.

Тоғыз ай бұрын коалиция волонтерлерден бақылаушылар тобын құрған. Олар сот Коалиция өкілі Индира Кәкімова. Астана, 23 сәуір 2014 жыл.

Коалиция өкілі Индира Кәкімова. Астана, 23 сәуір 2014 жыл.

отырыстарына қатысып, сот өндірісінде туындаған даулы жайттарды тіркеп отырған. Бақылаушылар сегіз қала мен бір кенттегі сот процестеріне қатысқан.

Волонтерлердің бірі Индира Кәкімованың айтуынша, белсенділерге қарсы – 12, белсенділердің жартылай пайдасына шығарылған – бір, толық пайдасына шешілген бес сот шешімін тіркеген.

– Егер өткен кезеңді талдасақ, көбі – журналистерге қарсы қозғалған істер. Бұл «бірыңғай БАҚ» туралы іс, азаматтық белсенділер, құқық қорғаушылар, адвокаттар және қоғам қайраткерлерінің істері, – дейді Индира Кәкімова.

Құқық қорғаушыларды әсіресе адвокаттарды қудалаудың жиілеп кетуі алаңдатады. Биліктің қысымына іліккендер арасында Өскемен қаласында Белсенділер наразылығы. Алматы, 2 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Белсенділер наразылығы. Алматы, 2 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

тұратын Полина Жукова мен Любовь Агушевич те бар. Оларды адвокаттық лицензиясынан айырған. Бұл тізімде психиатриялық ауруханаға ұзақ мерзімге күшпен қамалған соң Қазақстаннан қашуына тура келген балқаштық адвокат Зинаида Мухортова да бар.

Индира Кәкімованың айтуынша, сотталушылардың әділ сот төрелігіне құқығын бұзу фактілерін тіркеу үшін азаматтық белсенділер мен құқық қорғаушылардың сотына бақылаушылар мен журналистердің қатысуы жақсы нәтиже береді.

Бірақ қозғалған істің бәрі бірдей сотқа жете бермейді. Қазақстан адам құқығы бюросының Астана филиалының жетекшісі Анар Ибраеваның пікірінше, өз Қазақстан адам құқығы бюросының Астана филиалының жетекшісі Анар Ибраева. Астана, 23 сәуір 2014 жыл.

Қазақстан адам құқығы бюросының Астана филиалының жетекшісі Анар Ибраева. Астана, 23 сәуір 2014 жыл.

құқығын әуелі белсенділердің өздері қорғауы тиіс, ал құқығы бұзылған жағдайда тиісті ведомстволарға арыз жазғаны дұрыс.

Қазақстанда белсенділер мен құқық қорғаушыларға қарсы ең көп тараған қоқан-лоқы түрлері – куәгер ретінде тергеу үшін қаржы полициясына шақырту, ұстап әкету, әкімшілік қамауға алу немесе айыппұл салу. Ал адвокаттардың үйін немесе кеңсесін де тінтеді.

– Егер елде белсендіге қатысты адам құқығы бұзылса, бұл жалпы халықтың құқығы бұзылады дегенді білдіреді, – дейді Анар Ибраева.

Коалиция бақылаушыларының айтуынша, құқық қорғаушылар мен азаматтық белсенділердің соттағы істерін бақылау арқылы елдегі адам құқығына байланысты ахуалды бағалауға болады. Олар есебі мен ұсыныс-кеңестерін Қазақстан жоғарғы соты мен қызығушылық танытқан басқа ұйымдарға биыл жазда ұсынбақ.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG