Accessibility links

АҚШ: «Қазақстанда адам құқықтары жиі бұзылады»


Газетті жабу туралы сот шешіміне наразы журналистер. Алматы қалалық соты, 28 ақпан 2013 жыл.

Газетті жабу туралы сот шешіміне наразы журналистер. Алматы қалалық соты, 28 ақпан 2013 жыл.

АҚШ мемлекеттік департаменті әлемдегі адам құқығы ахуалына арналған есебін жариялады. Қазақстан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтамайтын ел ретінде аталған.

АҚШ үкіметінің әлемдегі адам құқықтарының жағдайына арналған биылғы есебінде Қазақстанда жемқорлық пен заңсыз сайлауға жол беріліп, азаматтардың құқығы мен бостандықтары өрескел түрде бұзылатындығы айтылған.

ЗАҢСЫЗ САЙЛАУ, ЖЕМҚОРЛЫҚ ПЕН ЖАЗАСЫЗДЫҚ

«2012 жылғы парламент мәжілісінің сайлауы халықаралық стандарттарға сай болмады, 2011 жылғы президент сайлауы да сондай болған. Ол сайлауда президент Н.Назарбаев 95 пайыз дауыс жиналған» делінген АҚШ мемлекеттік департаментінің есебінде.

Құжатта адам құқықтары саласындағы ең үлкен мәселелер ретінде азаматтардың өз үкіметін ауыстыру құқығының өрескел түрде бұзылуы; сөз, баспасөз, бейбіт жиын, дін және ұйымдарға бірігу құқықтарының сақталмауы; әсіресе кең тараған жемқорлық істеріне, күш құрылымдары мен соттардың өз құзыретін асыра пайдалануы жайттарына қатысты тәуелсіз сот жүйесінің жоқ екендігі көрсетілген.

Жиі кездескен заң бұзушылықтар қатарына кісі өлтіру; адам өліміне алып келген әскери әлімжеттік; тұтқындалғандар мен сотталғандарды азаптау; түрмедегі жағдайдың нашарлығы; заңсыз тұтқындау және қамауға алу; азаматтардың жеке өміріне заңсыз араласу; дін бостандығын шектеу; саяси партияны тіркеу
Жемқорлық кең тараған, әсіресе үкіметке жақын адамдар мен құқық қорғау саласында жазасыздық етек жайған.
талаптарының тыйым салу үлгісінде болуы; үкіметтік емес ұйымдардың әрекеттеріне шектеу қою; әйелдерге зорлық-зомбылық жасау және кемсіту; мүгедектер мен этникалық азшылық өкілдеріне қатысты дискриминация; балаларға әлімжеттік жасау; сексуалдық құлдық; гей, лесбиан, бисексуалдық және трансгендерлік азшылық өкілдерін, СПИД/ВИЧ дертін жұқтырғандарды қоғам тарапынан дискриминациялау; бала еңбегін қанау жатқызылған.

АҚШ үкіметінің есебіне сенсек, қызмет бабын асыра пайдалану, әсіресе жоғары шенді басшылардың жемқорлығына қатысты істерде үкімет заң бұзушыларды жауапқа тартуда аз-маз қадамдар жасаған, «алайда жемқорлық кең тараған, әсіресе үкіметке жақын адамдар мен құқық қорғау саласында жазасыздық етек жайған» деп қорытындыланған есепте.

ЖАҢАӨЗЕН ОҚИҒАСЫ

Есепте адам құқықтары бұзылуының ерекше фактісі ретінде Жаңаөзен оқиғасы аталған.

«2011 жылғы желтоқсанда жеті ай бойы ереуілдеген Жаңаөзен қаласы мен оған жақын жердегі Шетпе қаласының мұнайшылары мен құқық қорғаушылар арасында қақтығыс болды, соның салдарынан 17 адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланған. Интернетте жарияланған бейнематериалдарға сенсек, құқық өкілдері халыққа қарай оқ атқан, қашып бара жатқан ереуілшілерді қуалаған, оларды полицей тоқпағымен ұрған» делінген аталған есепте.

Құжатта айылғанындай, «үкіметтің зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті Владимир Козлов сот залында. Ақтау, 8 қазан 2012 жыл.

Владимир Козлов сот залында. Ақтау, 8 қазан 2012 жыл.

жекелеген адамдардың мойнына артуға талпыныс жасауы, таңдап соттау, сот жүйесін оппозицияның үнін бәсеңдетуге және үкіметті сынаушыларды қорқытуға пайдалануы бұл процеске байланысты қобалжуды үдетті» деп жазылған есепте.

Былтыр қазан айында сот тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловты «қылмыстық топ құрып, үкіметті заңсыз құлатуға үндегені үшін айыпты» деп тауып, жеті жарым жылға бас бостандығынан айырғаны белгілі. Есепте бұл іске қатысты «көптеген бақылаушылар оған (В.Козловқа – ред.) қарсы айғақтардың сендірерліктей болмағанын айтқан» делінген.

ТҮРМЕДЕГІ ЗОРЛЫҚ

Түрмедегі азаптау, уақытша қамалғандар мен айыпталғандарды ұрып-соғу, соның ішінде өздеріне ыңғайлы түсініктеме алу үшін соққыға жығу оқиғалары аса күрделі мәселе ретінде аталады. «Мәселен, адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның қазақстандық өкілі қамалғандардың денесінен азаптау іздерін, ашық жарақат, көгерген жараларды, өте суық жерлерде ұстағанын дәлелдейтін фактілерді байқағанын айтқан».

Өкілдің айтуына қарағанда, билік өкілдері адам құқықтарын бақылаушылардың қамау орындарына кіруіне көбіне рұқсат бермейді. Есепте үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен құралған Қоғамдық бақылау комитетінің Қостанайдағы колонияда жазасын өтеп жатқандармен кездесуі туралы жазылған. Кездесуден кейін билік өкілдері комиссия мүшелерінің жазғандарын тартып алғаны және оларға шағым айтқандарды жазалады деген ақпардың болғаны айтылады.

Сотталғандардың туыстары АК159/5 мекемесінің қақпасының алында наразылық білдіріп тұр. Қарағанды облысы, 1 қыркүйек 2012 жыл.

Сотталғандардың туыстары АК159/5 мекемесінің қақпасының алында наразылық білдіріп тұр. Қарағанды облысы, 1 қыркүйек 2012 жыл.

Үкіметтің статистикасы бойынша, 6410 адам түрмеде немесе сотқа дейінгі қамау орындарында отыр. АҚШ үкіметінің есебінде полиция бөлімшелерінде, сотқа дейінгі тергеу мекемелерінде және түрмелерде азаптау фактілері тіркелді делінген.

Penal Reform International мәліметіне қарағанда, Қазақстанда түрмедегілердің 4817-і ВИЧ індетін жұқтырған. Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің хабарлауынша, былтыр ВИЧ жұқтырғандардың саны алдыңғы жылға қарағанда азайған. Түрмедегілердің өздеріне дене жарақаттарын салу фактілері көбейген.

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КЕЛЕҢСІЗДІКТЕР

Есепте азаматтарды заңсыз тұтқынға алу фактілерінің үлкен проблемаға айналғаны айтылады. Қазақстанның бас прокуратурасы берген мәліметтерге қарағанда, тергеу абақтыларына заңсыз түрде қамалған 668 адам бостандыққа шығарылса, және 587 адам басқа құқық қорғау органдарының түрлі қамау мекемелерінен босатылған.

«Үкіметке қарсы адамдар мен оны сынаушылар жиі тұтқындалып отырды, олар шағын құқықбұзушылықтары, мәселен, заңсыз жиындарға қатысқаны үшін әкімшілік жазаға тартылды не он күнге әкімшілік қамауға алынды» деп жазылған есепте.

Полицейлер үкіметке наразылық жиынына шыққан белсендіні әкетіп барады. Алматы, 25 ақпан 2012 жыл.

Полицейлер үкіметке наразылық жиынына шыққан белсендіні әкетіп барады. Алматы, 25 ақпан 2012 жыл.

Есепте уақытша қамауға алынған адамды айып тағылғанға дейін 72 сағатқа дейін ұстау туралы ереже сынға алынады. «Адам құқықтарын қорғаушылар бұл мерзімді тым ұзақ деп санайды және бұл уақытты құзырлы адамдар қамаудағылардың кінәсін мойындатқызу үшін азаптап, ұрып-соғу мақсатына пайдаланатынын айтқан. Кепіл ақша төлеп, бостандыққа шығу жүйесі бар болғанымен, кең таралмаған, қамалғандардың көбі сот процесі болғанға дейін
Сот процесінің барлық кезеңдерінде жемқорлық фактілері кездеседі.
түрмеде қала береді. Заң түрмедегілерге туыстарының еркін келіп тұруына кепілдік береді, бірақ кей кездері құзырлы органдар сотталғандарды өз үйлерінен және туыстарынан шалғай аймақтарға жөнелтеді, бұл жол шығынын төлей алмайтындардың түрмеге келу мүмкіндігін шектейді» делінген есепте.

Есепте айтылғанындай, заң тәуелсіз сот жүйесін қамтамасыз ете алмайды, атқарушы билік сот тәуелсіздігін шектейді. «Сот процесінің барлық кезеңдерінде жемқорлық фактілері кездеседі. Ең жоғары жалақы алатын мемлекеттік қызметкерлер қатарына жататынына қарамастан, судьялар, прокурорлар мен басқа да тұлғалар қылмыстық істердің көпшілігінде ыңғайлы шешім шығару үшін пара алуға барады дейді заңгерлер мен адам құқықтарын қорғаушылар» делінген есепте.

Жергілікті және халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары сот жүйесіндегі көптеген проблемаларды атап көрсеткен. Олардың арасында сот процестеріне қатысу мүмкіндігінің шектелуі, үкіметтің қолындағы айғақтарға қол жеткізудің қиындығы, процедуралардың жиі бұзылуы, айыпталғандарға өз құқықтарының жеткілікті түрде түсіндірілмеуі, құзырлы органдардың қамалғандарды азаптау жолымен мойындатқызғаны туралы мәлімдемелердің жеткілікті түрде зерттелмеуі аталады. «Сот процестерінің дұрыс жүрмеуі әсіресе оппозиция өкілдері қатысқан, саяси астары бар істерде, сондай-ақ шектен тыс саяси және қаржылай ықпал ету жайттары қаралатын істерде жиі кездеседі» делінген АҚШ мемлекеттік департаментінің есебінде.

СӨЗ БОСТАНДЫҒЫНЫҢ ШЕКТЕЛУІ

АҚШ мемлекеттік департаменті жылдағы әдеті бойынша, биыл да Қазақстанды сөз бостандығы шектелетін елдер қатарына қосқан.

«Конституция мен заң сөз және баспасөз бостандығына кепілдік береді, алайда үкімет түрлі әдістермен БАҚ-ты бақылауға алуға және пікір білдіру бостандығын шектеуге тырысады, соның ішінде заңдық тетіктерді, жазалау, лицензия беру, интернетті шектеу, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тарту тәсілдері қолданылады. Журналистер мен ақпарат құралдарына қатысты сот процестері, соның ішінде лауазымды тұлғалар тарапынан қозғалған жала жабу туралы азаматтық және қылмыстық істер ақпарат құралдарының жабылуына және ішкі цензураға алып келеді».

Дәрігерлер жараланған журналист Лұқпан Ахмедьяровты ауруханаға апара жатыр. Орал, 19 сәуір 2012 жыл.

Дәрігерлер жараланған журналист Лұқпан Ахмедьяровты ауруханаға апара жатыр. Орал, 19 сәуір 2012 жыл.

Статистикаға сүйенсек, Қазақстандағы 2783 ақпарат құралының 16 пайызы үкіметтің қарамағында болған. «Көптеген жекеменшік газеттер мен телеарналар үкіметтен көмек алады.

Президенттің отбасы мүшелеріне тиесілі делінетін және билікке жақын ұйымдардың қарамағындағы компаниялар теле- және радиоарналардың көпшілігін бақылауға алып отыр, үкімет оларды тікелей бақыламайды. Ақпарат саласындағы
Заң тарапынан проблемаға ұшырамас үшін ақпарат құралдары президент және оның отбасы мүшелеріне қатысты хабар таратуға келгенде ішкі цензураға бой алдырады.
сарапшылардың айтуынша, үкімет республикаға тарайтын жеті телеарнаның барлығын тікелей не жанама түрде өз бақылауында ұстап отыр. Жергілікті әкімшіліктер біраз жиіліктерге иелік етеді, ал мәдениет және ақпарат министрлігі оларды тендер жүйесі арқылы тәуелсіз хабар таратушыларға үлестіріп береді» делінген АҚШ үкіметінің есебінде.

Құжатта, сондай-ақ, ақпарат құралдарының қатал заңдардың кесірінен ішкі цензураға ерік беріп отырғаны айтылады. «Президенттің денсаулығы, қаржылық жағдайы, жеке өмірі туралы ақпарат, мемлекеттік құпия, минералды ресурстар, үкіметтің сыртқы кредиторларға қарыздары сияқты ақпараттарды жариялағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген. Заң тарапынан проблемаға ұшырамас үшін ақпарат құралдары президент және оның отбасы мүшелеріне қатысты хабар таратуға келгенде ішкі цензураға бой алдырады» делінеді есепте.

Сонымен қатар, америкалық сарапшылар Қазақстанда азаматтардың жиналу бостандығының да шектеліп отырағанын, полицияның кей кездері бейбіт шерулерді күш қолдану жолымен таратқанын айтады. «Социалистік қарсылық» қозғалысының жетекшісі Айнұр Құрмановтың айтуынша, өткен жыл ішінде әкімшіліктерге өздері берген митинг өткізу туралы жүзге жуық өтініш кері қайтарылған.

Халықаралық адам құқықтары және заң үстемдігі бюросының қазақстандық өкілдігі таратқан мәліметтерге қарағанда, 2011 жылдың шілдесі мен 2012 жылдың сәуірі аралығында Қазақстанның ірі жеті қаласында 162 бейбіт митинг өткен, олардың 92 пайыздан астамы – әкімшілік рұқсат етпеген жиындар.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG