Accessibility links

Жовтис: «Заң саяси тұтқындардың жағдайын жеңілдетуге мүмкіндік береді»


Құқық қорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 26 наурыз 2013 жыл.

Құқық қорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 26 наурыз 2013 жыл.

АҚШ мемлекеттік департаменті 2013 жылғы «Адам құқықтары ахуалы туралы есебінде» адам құқығы жиі бұзылады деп Қазақстанды тағы сынады. Құқық қорғаушы Евгений Жовтис Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстандағы саяси тұтқындар проблемасына тоқталды.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ТҰТҚЫНДАР КІМДЕР?

Азаттық: – Жовтис мырза, Қазақстан билігі «елде саяси тұтқын жоқ» деп мәлімдейді. Билік пен азаматтық қоғам саяси астары бар қылмыстық іс бойынша айыпталып, түрмеге түскендерге қатысты әдетте қарама-қарсы көзқарасты ұстанады. Жуырда өзіңіз қатысып, сөз сөйлеген Еуропа қауіпсіздігі ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) парламенттік ассамблеясында бұл тақырып қалай талқыланды?

Евгений Жовтис: – ЕҚЫҰ-ның парламенттік ассамблеясы (оны Еуропалық кеңестің парламенттік ассамблеясымен шатастырмау керек) қысқы сессиясының отырысы Вена қаласында өтті. Мен демократия, адам құқығы және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комитеттің ЕҚЫҰ-ына мүше елдердегі саяси тұтқындар мәселесі тақырыбына арналған отырысына қатыстым. Саяси тұтқындар мәселесі бұлай ашық әрі тікелей қозғалғанын бірінші рет көрдім.

Саяси ахуалды ушықтырмас үшін саяси оппозициямен байланысты және басқа күрделі саяси мәселелер бұрын жанама түрде ғана, басқа бір үлкен мәселелердің ішінде қаралатын.

Азаттық: – Сізді де «бұрынғы саяси тұтқын» деп атайды. Парламенттік ассамблея отырысында қандай проблемаларға назар аудардыңыз?

Евгений Жовтис: – Аса маңызды проблемалардың бірі болғандықтан, қамауда отырған адамдарды «саяси тұтқын» деп атау критерийлеріне тоқталдым. Яғни біз Қазақстандық құқық қорғаушылар "саяси тұтқындар" деп таныған адамдар: бірінші қатар солдан оңға қарай - Арон Атабек, Мұхтар Жәкішев, Владимир Козлов; екінші қатар солдан оңға қарай - Вадим Курамшин, Роза Төлетаева, Саят Ыбраев. Фото коллаж. 28 мамыр 2013 жыл.

Қазақстандық құқық қорғаушылар "саяси тұтқындар" деп таныған адамдар: бірінші қатар солдан оңға қарай - Арон Атабек, Мұхтар Жәкішев, Владимир Козлов; екінші қатар солдан оңға қарай - Вадим Курамшин, Роза Төлетаева, Саят Ыбраев. Фото коллаж. 28 мамыр 2013 жыл.

кімді және ең бастысы неліктен «саяси тұтқын» деп есептейміз.

Бұдан ертеректе қазақстандық сарапшылар «саяси тұтқын» статусына қатысты өз өлшемдерін ұсынған болатын. Оларды құрастыру кезінде Еуропалық кеңестің парламенттік ассамблеясы мен «Халықаралық амнистия» ұйымының өлшемдері пайдаланылды. Бұл өлшемдерге біз «саяси тұтқынға қатысы бар тұтқын» (білуімше, мұндай түсінік халықаралық практикада бұрын-соңды кездеспеген) деген жаңа ұғымды қостық. Бұл – саяси астары бар қылмыстық іс бойынша қудаланған тұлғамен туыстық, іскерлік және басқа қарым-қатынасы бар немесе бұрын қатынаста болған тұлға.

Біздің өлшеміміз бойынша, саяси астары бар іс бойынша қудаланған банкир Мұхтар Әблязовтың жұбайы Алма Шалабаева, «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы топ-менеджері, Мұхтар Әблязовтың жақын досы Мұхтар Жәкішев, бұрынғы банкирмен байланысы үшін қудаланған Александр Павлов және Татьяна Параскевич сияқты адамдар осы категорияға жатады. Саяси тұтқын деп есептелетін Әблязовқа қатысы үшін қудаланып отыр деген айтуға негіз бар болғандықтан, оларды қудалау себебінің де саяси астары барын байқауға болады.

Азаттық: – Қазақстанда саяси тұтқын деп тағы кімдерді атайды?

Евгений Жовтис: – Мысалы, протестант шіркеуінің сотталған пасторы Бақытжан Қашқымбаевты, тіркелмеген оппозициялық «Алға» партиясының сотталған жетекшісі Владимир Козловты саяси тұтқын деп есептеймін. Өйткені олар өз көзқарасын білдіргені үшін, «араздықты қоздырды» немесе «тіркелмеген қоғамдық бірлестіктерге мүше болды» деген саяси баптар бойынша айыпталып, сотталды.

Жалпы сипаттағы қылмысы үшін саяси астармен айыпталып, әділетсіз сот арқылы қудаланып, сотталған жандарды саяси тұтқын ретінде тануға болады. Диссидент әрі ақын Арон Атабек пен азаматтық белсенді Вадим Курамшин – осындай саяси тұтқындар.

САЯСИ ТҰТҚЫНДАР ІСІН ҚАЙТА ҚАРАУ МҮМКІНДІГІ

Азаттық: – Құқық қорғаушылар саяси тұтқындар проблемасы бойынша қандай өзгерістер енгізуді ұсынады?
Халықаралық құқық қорғау ұйымдары әдетте «қазақстандық саяси тұтқындарды ешқандай шартсыз босату керек» деген үзілді-кесілді мәлімдеме жасайды.

Евгений Жовтис: – Халықаралық құқық қорғау ұйымдары әдетте «қазақстандық саяси тұтқындарды ешқандай шартсыз босату керек» деген үзілді-кесілді мәлімдеме жасайды. Ал мен бұл жағдайға прагматикалық тұрғыдан қарауға шақырамын. Өкінішке қарай, олардың үкімін ешкім қайта қарамайды және ешкімді бостандыққа шығармайды. Сондықтан осыны ескере отырып, мен ЕҚЫҰ-ның парламенттік ассамблеясын «саяси тұтқын» деген статус алған тұтқындарға заңда қарастырылған мүмкіндіктердің берілуін қатаң талап етуге шақырдым. Мысалы, Владимир Козлов пен Арон Атабек жаза мерзімін Петропавл немесе Қарағанды қалаларында емес, Алматы қаласында немесе оған таяу жердегі түрмелердің бірінде өтеуге құқылы.

Қазақстандағы саяси тұтқындардың ісін қайта қаралуына қол жеткізу керек. Жаңаөзендегі оқиғалар халықаралық тұрғыдан әлі күнге дейін тексерілген жоқ, ал сотталған мұнайшылардың істері әлі қайта қаралған жоқ.

Владимир Козловтың қоныс-колонияға ауысу мүмкіндігі бар. Ал Роза Төлетаеваға қазір бұл мүмкіндік берілді. Тұтқындар мұндай заңды мүмкіндіктерді барынша пайдалануға тырысуы қажет. Келесі жылы Козловтың шартты түрде мерзімінен бұрын босауына мүмкіндігі бар. Мұнайшылар Роза Төлетаева мен Мақсат Досмағамбетовтің мұндай мүмкіндігі биыл туады. Шартты түрде мерзімнен бұрын босап шығуға екі рет рұқсат бермеген менің жағдайымды қайталамай, заң жүзінде қарастырылған мүмкіндіктерді пайдалану қажет.

Азаттық: – Сұхбат бергеніңізге рахмет.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG