Accessibility links

Борышкерлер: «Аштықтан басқа амалға көшеміз»


Екі айға жуық аштық жариялап жатқан борышкерлер еш нәтиже шықпаған соң наразылық акцияларын тоқтатты. Олар енді мәселені шешудің басқа амалдарына жүгінетінін айтады.

Алматыдағы «Халыққа баспанасын қалдырайық» ұйымының кеңсесінде қазан айынан бері аштық жариялап жатқан азаматтардың бірі, ақтөбелік Айгүл Нұрымова желтоқсанның 13-і күні акцияларын тоқтатқанын айтты. Ол – банктен алған несиесін тұтас қайтара алмай борышы ай сайын өсіп жатқан, солайша тұйыққа тірелген мыңдаған қазақстандықтың бірі. Айгүлдің банктен алған төрт жарым миллион теңгенің жартысын ғана қайтаруға шамасы келген.

– Банк мойнымдағы қарызымды 2023 жылға дейін созып, берешегімді 11 миллион теңгеге дейін өсіріп қойған. Біз президентке сеніп едік, көз жасымызды көрер деп ек. Бірақ елбасымыздан еш көмек болмады. Сонда енді біз кімге сенеміз, – деп жылап тұрып сөйледі ол Азаттық тілшісіне.

«ЕКІ ЖОЛ ҰСЫНДЫҚ»

Желтоқсанның 13-і күні борышкерлер және олардың мүддесін қорғаушы ұйымдардың мүшелері – жиыны 50-ге жуық адам Алматыдағы «Халыққа баспанасын қалдырайық» ұйымының кеңсесінде бас қосты.

«Халыққа баспанасын қалдырайық» қоғамдық қозғалысы төрағасы Есенбек Өктешбаев осы кеңседе және елдегі бұдан басқа тағы екі жерде өтіп жатқан "Халыққа баспанасын қалдырайық" қоғамдық қозғалысының төрағасы Есенбек Өктешбаев. Алматы, 13 желтоқсан 2013 жыл.

"Халыққа баспанасын қалдырайық" қоғамдық қозғалысының төрағасы Есенбек Өктешбаев. Алматы, 13 желтоқсан 2013 жыл.

аштық акцияларының бәрі тоқтағанын мәлімдеді. Оның сөзінше, «мәселені аштық жариялаумен шешу мүмкін емес».

– Мәселені шешудің басқа екі жолын ұсындық. Оның біріншісі – ортамыздан қор құрып, жиналған қаржыға баспанасынан айрылған жандарға баспана тауып беруге жұмсау, екіншісі – парламентте қаралып жатқан заңға қозғалыс тарапынан ұсыныс білдіру, – дейді ол.

Есенбек Өктешбаев «жаңа жылдан кейін сот орындаушылары мен банк иелеріне, борышкерлерге қатысты заң қабылданғалы жатқанын» айтады.

– Егер ол заң қабылданатын болса, борышкердің банкке қарыз сомасы үй құнының 10 пайызын құраса да, сот орындаушысы ол үйді алып сатып жіберуге хақылы болып шығады. Біз осы заң жобасына қатысты ұсынысымызды ұйым атынан жолдаймыз, – дейді Есенбек Өктешбаев.

«БІЗДІ ЕШКІМ КЕРЕК ҚЫЛМАДЫ»

Ипотекалық несиесі бар борышкерлердің мүддесін қорғайтын енді бір қозғалыс – «Үйімізді қорғайық» ұйымының жетекшісі Қыздығой Ажарқұлова Шымкенттегі аштық акциясы да тоқтағанын айтты.

– Басындағы баспаналарынан ай мен күннің аманында айрылу қаупі туғандарға «Үйімізді қорғайық» ұйымының жетекшісі Қыздығой Ажарқұлова. Алматы, 13 желтоқсан 2013 жыл.

«Үйімізді қорғайық» ұйымының жетекшісі Қыздығой Ажарқұлова. Алматы, 13 желтоқсан 2013 жыл.

биліктің назарын аударту мақсатында қазанның 22-сінен бері аштық жариялағанымызбен қайыр болмады. Үкіметтің жаны ашымайтынына көзіміз жетті. Бізді билік те, басқасы да керек қылмады, – дейді Қыздығой Ажарқұлова.

Өздерін «борышкерміз» деп атайтын азаматтар – 2000 жылдардың ортасында болған «қаржылық дүмпу» кезінде банктерден салыстырмалы түрде оңайлатылған жолдармен несие алған тұрғындар. Олар банкпен арадағы несие көлемі мен өсіміне байланысты дауларын шешуді биліктен талап етеді. Билік орындары банк пен клиенттердің арасындағы дауға араласа алмайтыны туралы уәжінен танбайды. Банк өкілдері заң аясында талап қойып отырғандарын айтады.

Борышкерлердің әуелі жекелеген қалаларда шашыраңқы түрде басталған наразылық акциялары соңғы жылы бір ұйымға біріккен қозғалыс ретінде жүйелі түрде Алматы мен Астана қалаларында жиі өтіп келеді. Олардың аштық акциясы биыл күзден бері Қазақстан бойынша үш жерде – екеуі Алматыда (21 және 27 қазанда), біреуі Шымкентте (23 қазанда) басталған еді.

Аштық жариялаушылардың көбі наразылық акциясын кезектесіп өткізген. Аштықтан әлсіреген адамның орнын борышкерлер қозғалысының өзге аймақтардан келген басқа белсенділері басқан. Олардың біразы денсаулықтары нашарлап, ауруханаға да түскен.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG