Accessibility links

Сталиннің ұлт саясатының зардаптары әлі бар


Иосиф Сталин (cол жақта) мен Климент Ворошилов (оң жақта) Түркіменстан мен Тәжікстаннан келген колхозшылар делегаттары сыйлаған ұлттық киімдерді киіп тұр. 3 қыркүйек 1935 жыл.

Иосиф Сталин (cол жақта) мен Климент Ворошилов (оң жақта) Түркіменстан мен Тәжікстаннан келген колхозшылар делегаттары сыйлаған ұлттық киімдерді киіп тұр. 3 қыркүйек 1935 жыл.

Совет үкіметі құлаған соң Еуразия құрлығында ұрыс-жанжал, қарулы қақтығыстар көбейді. СССР-дің жұртында тұтанған соғыстардың көбі Сталин жүргізген ұлттық саясаттың салдары еді.

81 жастағы Николай Хасиг 1932 жылы Сухуми қаласында дүниеге келген. Бір жыл бұрын, 1931 жылы Сталин СССР-дің құрамында республика болып тұрған Абхазияны бұл мәртебесінен айырып, Грузин ССР-інің бір облысына айналдырып жіберген еді.

ҚАЗІРГІ «РЕСЕЙ ОТАРЫ»

1936 жылдың аяғында Кавказ аймағының басшысы болған, кейін Сталин құрған НКВД-ні басқарған Лаврентий Берия абхаз халқының саяси жетекшісі Нестор Лакобаны Тбилисидегі үйіне түске асқа шақырады. Лакоба тамақ жеп отырып қайтыс болады. Ресми құжатта оны жүрек талмасынан өлді деп жазғанымен, Сталиннің бұрынғы революционер жолдасын улап өлтіргенін бәрі білді.

1937 жылы басталған репрессия кезінде Абхаз үкіметінің басшылары түгелдей тұтқындалып, тергеуге алынды. Кейін Совет архивтерін зерттегенде Берияның оларды сот процесі басталмай тұрып-ақ атып тастағаны белгілі болды.

Коллективизация науқаны Абхазияда екі есе қарқынмен жүрді. Советтік басылымдар «Шындығында Абхазия бұрыннан Грузияға тиесілі жер» деп жазып жатты.

81 жастағы Сухуми қаласының тұрғыныНиколай Хасиг. Абхазия,18 желтоқсан 2012 жыл.

81 жастағы Сухуми қаласының тұрғыныНиколай Хасиг. Абхазия,18 желтоқсан 2012 жыл.

Хасиг «Біздің халқымыз дәл мынадай қорлықты, геноцидті, қатігездікті, масқараны бұған дейін көрмеген екен» деп еске алады.

Белгілі бір дәрежеде екінші дүниежүзілік соғыс Абхазияға сәл де болса жеңілдік әкелді. Бірақ 1930 жылы басталған саясат соғыс аяқталғанша жалғаса берді. Ол кезде Хасиг орта мектепте оқитын.

- Соғыс біткен 1945 жылы Абхазиядағы мектептер жабылды да, мәжбүрлеп көшіру саясаты басталды. Балаларымыз да, өзіміз де грузин мектептерінде білім алдық. Абхазша бірде-бір сөз білмей, бүкіл тамырымыздан кесілгендей болып қалдық, - дейді ол.

1991 жылы СССР тараған кезде баяғы өкпе-реніштің бәрі қайта қоздады. 1992 жылы Абхазияда соғыс басталды. Абхазияның сепаратистеріне Кавказдағы шешен, черкес, осетин және казак сияқты ұсақ ұлттардың өкілдері қолдау көрсетті.

Ресей әскері де абхаздықтарға белсенді түрде көмек беріп келді. Есеп бойынша сол соғыста сегіз мың адам қаза тауып, 240 мыңдай этникалық грузиндер басқа жаққа қоныс аударуға мәжбүр болды.

2008 жылғы Грузия мен Ресей арасындағы соғыстан соң Абхазияның тәуелсіздігін Ресей үкіметі мен бірнеше елдер мойындады. Ал Грузия мен халықарылық ұйымдардың көбі бұл аймақты Ресей басып алды деп санайды.

Ал Хасиг Абхазияны «Ресейдің отары» деп сипаттайды.

«СТАЛИН БОМБАЛАРЫ»

1990 жылдардың басында бұрынғы СССР территориясында соғыс қарулары қаптап кетті. Советтік саясаттың кесірінен 60 жыл бұрын шиеленісе бастаған осындай қақтығыстарды мамандар «уақыт өте келе жарылатын Сталин бомбалары» деп атады.

Әзербайжандағы этникалық армяндар тұратын Таулы Қарабах аймағы, Ресей құрамындағы Шешен республикасы және онымен көршілес отырған басқа да республикалар Совет үкіметі құлағалы бірнеше рет соғысып үлгерді. Бұл елдерде қарулы қақтығыстар әлі де болып тұрады.
Дағыстандағы жарылыс. Махачкала, 22 қыркүйек 2011 жыл.

Дағыстандағы жарылыс. Махачкала, 22 қыркүйек 2011 жыл.


Шешендердің көсемі болған Джохар Дудаев 1993 жылы сөйлеген сөзінде «Ресейде тұратын 100 мың шешен азаматы 100 мың жауынгерге айналуы керек. Олар жихад жариялауы тиіс. Әрбір шешен азаматы құрбан болуға дайын жүруі керек» деген еді.

Молдавадан бөлінген Приднестровье аймағы да қанға бөкті.

Орталық Еуропадан Орталық Азияның шекараларына дейін жайылып жатқан көптеген аз ұлттардың арасындағы мұндай жанжалдар Сталиннің Совет үкіметінде 30 жыл бойына қатігездікпен жүргізген ұлттық саясатының кесірінен туындап жатыр.

Сталиннің саясаты шекараларды өзгертуден бастап, этникалық топтарды жаппай көшіру және этникалық орыстарды әр түрлі аймақтарға апарып еріксіз қоныстандыру сияқты шаралар арқылы іске асты. Қазіргі жанжалдар - сол кездегі Сталин саясатының нәтижесі болып отыр. Еуразия құрлығының қазіргі тарихын түсінгісі келген адамға Сталиннің ұлттық саясатын зерттеу керек.

СТАЛИННІҢ ҰЛТТЫҚ САЯСАТЫ

Совет үкіметінің негізін қалаған Владимир Лениннің кезінде және Сталин басқарған алғашқы жылдары Совет үкіметінің басшылары ұлтшылдықты «империалистік жүйенің кеселі» деп атаған. Олар көпұлтты еуразиялық кеңістікте СССР-да өмір сүретін «совет адамын» жасауға тырысты.

АҚШ-тың әскери колледжінде ұлттық қауіпсіздік мәселелерін зерттеумен айналысатын профессор, Сталин кезеңі жайында кітап жазған Стифен Блэнк:

- Бұл саясат экономикалық, әлеуметтік және мәдени негіздерді трансформациялау арқылы жүзеге асырылды. Себебі Сталин ұлтшылдық факторына ерекше мән берді. Олар (барлық ұлттар) бір ғана социалистік мемлекетке толықтай бірігуі керек болды. Оның ұстанған саясатының негізгі мақсаты - бір орталыққа бағындырылған социалистік жүйе құру. Сталин осындай жүйе ұлттық проблеманы шешеді деп сенді, - дейді.

Гарвард университетіндегі Еуразия мен Ресейді зерттейтін Дэйвис орталығының директоры және «Ленин мен Сталин кезіндегі ұлттық мемлекеттер: империяның құрылуы» деп аталатын кітаптың авторы Терри Мартин бұл пікірді құптай отырып:

- Советтік басшылар этникалық топтар қалыптасып жатқан жерлерде де шекара жүргізіп, проблема туғызып кетті. Совет басшылары 1920 жылдары шекараларды бұзып, этникалық топтарды сапырылыстырып жіберді. Тек өзге ұлттар сирек қоныстанға Орталық Азия сияқты аймақтарда ғана олай болған жоқ. Бұл күндері біз көріп жүрген ұлттардың көбі ол кезде қалыптасып болған жоқ еді, - дейді Терри Мартин.
Ресейдегі коммунистік партия мүшелері Сталиннің портретін ұстап Қызыл алаңға шықты. Мәскеу, 21 желтоқсан 2011 жыл.

Ресейдегі коммунистік партия мүшелері Сталиннің портретін ұстап Қызыл алаңға шықты. Мәскеу, 21 желтоқсан 2011 жыл.


Оның ойынша, Сталин дүниеден озған соң СССР интенсивті түрде бір орталықтан басқарылатын экономикалық модернизацияны жүріп өткен және ұлттық саясат та өзгерген.

- 1930 жылдардың ортасынан бастап, орыс ұлтының алдыңғы қатарға шыға бастағаны аңғарылады. «Халықтар достығы» идеясы бойынша орыстар «аға ұлт» болып саналды. Билеуші ұлтқа айналды, - дейді Мартин.

Тарихшылар арасында Сталин дәуірінде қабылданған шешімдер жайлы әртүрлі пікірлер айтылады. Мәселен этникалық армяндар тұратын Таулы Қарабах Әзербайжанның құрамына кірген.

АҚШ-тың бір кездегі мемлекеттік хатшысы Джеймс Бейкерге Совет Одағындағы ұлттар проблемасы бойынша кеңесшілік қызмет көрсеткен Пол Гобл:

- Мәскеу Әзербайжанға Таулы Қарабахты Баку мен Ереванның арасындағы өзінің төрелік ету қызметін күшейту үшін берген, - дейді.

Ал Терри Мартиннің айтуынша, әзербайжандар территориясының бір бөлігін Совет үкіметі Түркияға геосаяси ахуалды жақсарту үшін берген.

Алайда ресейлік этнограф ғалым Анатолий Ямсков бұл пікірге қарсы уәж айтады. Оның ойынша, Түркияға бұл жерді таулы қырат пен жазық жайылым арасында көшіп жүріп мал жаятын шаруалар шекараны қайта-қайта бұза бермеу үшін берген.

Проблеманың шығу тегін қалай түсіндірсе де қазір Қарабах - Кавказдағы жанжал ошағы. СССР тарағалы Оңтүстік Кавказ елдерінің бір-бірімен және Ресеймен қарым-қатынасына Таулы Қарабахтағы жағдай теріс ықпалын тигізіп келеді.

Одан бөлек, Оңтүстік Осетияның, Аджарияның және Абхазияның грузиялық аймақтарындағы қақтығыстар тәуелсіз Грузияның дамуын тежеді. Дәл сол сияқты Молдовадан бөлінген Приднестровье мен Ресей құрамындағы Солтүстік Кавказ аймағы дами алмай кері кетті.

ҚАЗАҚСТАН НЕГЕ ТЫНЫШ?

Еуропадағы ынтымақтастық пен қауіпсіздік ұйымы (ЕҚЫҰ) 1994 жылдан бері осы жанжалдарды реттеу үшін әртүрлі жобалар ұсынып, мәселені шешудің жолдарын қарастырып келеді.

Сталиннің «кейін жарылатын бомбалары» 10 мыңдаған адамды опат қылып, 100 мыңдаған адамды елінен бездіріп жіберді. Бірақ Терри Мартин СССР ыдыраған кезде болған қақтығыстар басқа империялар ыдыраған кездердегі қантөгістерден аз болды деп есептейді.
Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу шарасына кейбір азаматтар Сталиннің портретін ұстап келді. Алматы, 9 мамыр 2012 жыл.

Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу шарасына кейбір азаматтар Сталиннің портретін ұстап келді. Алматы, 9 мамыр 2012 жыл.


- Осы оқиғаларды Үндістандағы Ұлыбритания империясының құлауымен салыстырсаңыз, «бұл аймақтағы өзгерістер не себепті салыстырмалы түрде бейбіт жағдайда өтті?» деген сұрақ ойға келеді. Мәселен Ресей империясы құлаған кез бен Совет үкіметінің ыдыраған кездегі Қазақстанды алайық. Салыстырып қарасаңыз, «Қазақстан республикасында өзгерістер не себепті қақтығыссыз жасалды?» деген сұрақ туады, - дейді ол.

Бірақ мұндай аргументтер Людмила Кусарева сияқты адамдарға онша ұнай бермейді. 1992 жылы ол Кочиерь ауылында мұғалім болып жүрген. Олар Днестр өзенінің шығыс жағалауында тұрса да, Приднестровьедегі сепаратистік күштерге қарсы соғысқан. Людмиланың күйеуі мен ағасы сол соғыста опат болған.

- Менің шешем де осы соғыста жараланды. Олар бізді бомбалап, Дубэсарь мен Рохи ауылы жақтан - екі тараптан оқ жаудырды. Бір жағы атуды тоқтатса, екінші жақтағылар бастап кететін, - деп еске алады Людмила.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG