Accessibility links

Алматыда «әлеуметтік дәріханалар» пайда болды


Дәріхана. Алматы, 12 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Дәріхана. Алматы, 12 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мамандары «бұл дәріханаларда препараттар он пайыз арзанға сатылады» дейді.

Алматылық 32 жастағы Айман Қайсенова қант диабетіне шалдыққан. Инсулин салдырып, түрлі дәрі-дәрмектер ішетін науқас қалалық емханаларда «әлеуметтік дәріханалар» ашылғанын айтады.

– Қазан айының аяғында қалалық 17-емханадан 10 пайыз арзанға дәрі алдым. Кейін білгенімдей, бұл «әлеуметтік дәріханалар» екен. Яғни қарапайым халыққа бағасын түсіріп дәрі сатады. Мен ай сайын алты мың теңге шамасында дәрі сатып алатынмын. Енді арзандатқан дәрі алып, мың теңгедей ақша үнемдедім, – дейді Айман Қайсенова.

«ӘЛЕУМЕТТІК ДӘРІХАНА ТЕК ОТАНДЫҚ ПРЕПАРАТТАР САТАДЫ»

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазір қалада 22 «әлеуметтік дәріхана» жұмыс істейді. Басқарма бастығы Роза Қуанышбекова:

– Бұл дәріханаларда 10 пайыздық жеңілдік бар. Жеңілдікті тек қолында рецепті бар адамдар пайдалана алады. Рецепт болмаса, дәрі өз бағасымен сатылады. Мұның Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Роза Қуанышбекова. (Сурет басқарманың ресми сайтынан алынды)

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Роза Қуанышбекова. (Сурет басқарманың ресми сайтынан алынды)

а өз себебі бар. Қазір халық ауырғанда өз бетінше ем қабылдап, ауруларын асқындырып алады. Олар дәріханалардан рецепсіз дәрі сатып алады. Осы мәселені біржола шешіп, рецепт арқылы дәрі алуға тәрбиелеу – басты мақсатымыз, – дейді.

Маманның айтуынша, Алматыдағы 22 «әлеуметтік дәріхана» қалалық емханаларда орналасқан. Мәселен, 1, 8, 10, 11, 12, 13-емханалардағы дәріханалар әлеуметтік деп есептеледі.

– Халыққа ескертіп айтарымыз, «әлеуметтік дәріханалар» қалалық емханаларда орналасқан. Ауруханалардағы дәріханалар бұл санатқа жатпайды. Сондықтан азаматтардың шатастырмағаны жөн. Және он пайыздық жеңілдіктер жекеменшік дәріханаларда жоқ. Қаладағы бірнеше жекеменшік дәріханаларды «әлеуметтік дәріханаға» көшіруге талпынып көрдік. Бірақ олар бұл ойымызды құптамады. Олар дәріні арзанға сатсақ, шығынға ұшыраймыз деп санайды, – дейді Роза Қуанышбекова.

Басқарма бастығының айтуынша, «әлеуметтік дәріханада қазақстандық өнімдер мен тендерден алынған шетелдік препараттар саудаланады. Жеңілдікпен берілетін дәрілердің ішінде 10 мың теңгелік қымбат дәрілер де бар».

«ОН ПАЙЫЗ ЖЕҢІЛДІКТІҢ ӨЗІ ҮЛКЕН КӨМЕК»

Ал денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Ләйла Кеңесбаева Азаттыққа берген сұхбатында:

– Дәрігер жазып берген нұсқаулық бойынша, қаланың кез келген азаматы, ол зейнеткер бола ма, ол студент бола ма - бұл жеңілдікті пайдаланады. 10 пайыздық жеңілдік әр дәрінің бағасына жеке жүреді. Қазір «әлеуметтік дәріханалар» тек Алматы қаласында бар, – деді.

Ал 17-емхананың фармацевті Әлима Жасқанбаева Азаттық тілшісіне:
Дәріханадағы дәрі-дәрмектер. Алматы, 11 қыркүйек 2012 жыл. Көрнекті сурет.

Дәріханадағы дәрі-дәрмектер. Алматы, 11 қыркүйек 2012 жыл. Көрнекті сурет.


– Дәріханамызда тұмауға қарсы дәрілер, жүрек, бүйрек, асқазан ауруларын емдейтін дәрі-дәрмектер бар. Егер дәрігер берген рецептегі дәрі бізде жоқ болса, онда оны азаматтар қаладағы жекеменшік дәріханалардан барып алады, – деді.

Басқарма маманы Ләйла Кеңесбекова Азаттық тілшісінің «Он пайыздық жеңілдік мұқтаж халыққа аздық етпей ме?» деген сауалына:

– Нарықтағы дәрі-дәрмек бағасының қымбаттығын ескерсек, он пайыздық жеңілдіктің өзі – қарапайым азаматтар үшін үлкен көмек. Ал 20-30 пайыздық жеңілдік жасау үшін тендерден бөлінетін қаржы да талапқа сай болуы керек. Егер тендерден бөлінетін ақша өссе, жеңілдікті 10 пайызға өсіреміз. Ол, енді, алдағы уақыттың жұмысы, – деп жауап берді.

Ресми ақпаратқа сәйкес денсаулық сақтау басқармасының алдағы уақытта «әлеуметтік дәріханалардың» санын көбейту жоспары жоқ. Ашылған 22 дәріхана ғана жұмысын жалғастыра береді.

(Мақаланы әзірлеуге Махамбет Мәмбетов қатысты)
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG