Accessibility links

Қазақстан мен Беларусьтің «ақпарат құралдарын қудалау амалдары» ұқсас


Журналистерді қорғау комитетінің Орталық Азия мен Еуропа бойынша бағдарламасының үйлестірушісі Нина Огниянова. 6 ақпан 2007 жыл.
Журналистерді қорғау комитетінің Орталық Азия мен Еуропа бойынша бағдарламасының үйлестірушісі Нина Огниянова. 6 ақпан 2007 жыл.

Халықаралық ұйым өкілі өткен жылы ЕҚЫҰ сияқты беделді ұйымға төрағалық еткен Қазақстанның баспасөз еркіндігін шектейтін заңдар қабылдағанын айтады.


Журналистерді қорғау комитетінің Орталық Азия мен Еуропа бойынша бағдарламасының үйлестірушісі Нина Огниянова Азат Еуропа/Азаттық радиосына берген сұқбатында аймақтағы 2010 жылдағы баспасөз еркіндігі жағдайын баяндады.

ЕҚЫҰ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БАҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДАРЫ

Нина Огниянова Қазақстан мен Беларусь елін салыстыра отырып, интернетке қысым мен шектеулердің тым көбейіп кеткенін сынайды.

– Қазақстан өткен жылы ЕҚЫҰ сынды беделді ұйымға төрағалық жасады. Әлбетте, бұл ұйымның негізгі мақсаты – адам құқықтарын қорғау мен Еуразия кеңістігіндегі адам құқының сақталуын қадағалау. Қазақстан бұл ұйымға төраға бола отырып, ақпарат құралдарына қарсы бір ғана емес
Интернет-ресурстарды реттеу туралы заңға қарсылық білдірушілердің парламентке "сәлемдемесі". Алматы, 29 сәуір 2009 жыл.
бірнеше заң қабылдады. Ондай заңдардың бірінде интернет арнайы нысанаға алынған, – дейді Нина Огниянова.

Журналистерді қорғау комитеті Еуразиялық кеңістіктегі Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекеттерін сөз еркіндігін шектеп отырған басты елдер деп атады. «Оның ішінде Беларусь билігі интернетке цензура енгізуде ең сорақы жолдарды таңдағанын» айтады Огниянова.

– Беларусь үкіметі онлайнға қатаң бақылау жасайтын заң қабылдап, заңның орындалуын жүзеге асыратын арнайы агенттік құрып қойған. Беларусь елінде онлайнға бақылау күшейтілгені соншалықты, интернет платформасындағы жеке блогтар, чаттар мен форумдар, тіпті бір мақаланың соңына пікір қалдыру үлкен цензураға тап болып отыр, – дейді Журналистерді қорғау комитетінің үйлестірушісі.

ИНТЕРНЕТТІ БАҚЫЛАЙТЫН АГЕНТТІК

Беларусь билігінің интернет кеңістігін пайдаланушыларды жіті бақылауда ұстау әдіс-тәсілі 2009 жылы арнайы қабылданған заң бойынша, дәстүрлі ақпарат өкілдерін «жеке басқа тіл тигізді», «ар-намысқа тиетін сөздер айтты» деп, тіпті экстремизмге қатысты айыптаулармен жазалай алады дегенді айтады Журналистерді қорғау комитетінің өкілі. «Беларусь билігі бұл онлайн жұмысын бақылайтын арнайы агенттік интернет кеңістігінде қозғалып
Қазақстандық интернет форумдағы хабарландыру. Алматы, 2009 жыл.
жатқан тақырыптар мен мәліметтерді тікелей президентке жеткізіп отырады. Бұл агенттікті президент Лукашенконың бір баласы басқарады» деді Огниянова.

Оның мәлімдеуінше, бұрынғы Совет елдеріндегі сөз еркіндігін шектеу шаралары мен ақпарат құралдарын қудалау тәсілдері – бір-бірінен айнымайды.

– Беларусь пен Қазақстанның интернеттегі дәстүрлі ақпарат құралдарын қудалау амалдары өте ұқсас. Олар ақпарат өкілдерін басқарып отыратын онлайн бақылауын жасап алған. Оның ішінде екі елдің ақпарат құралдарының материалдарын тартып алу, «тіл тигізді» деп іс қозғау, ақпарат құралының жұмысын тоқтату сияқты жазалаулары мен қудалаулары бірдей болып келеді, – дейді ол.

Журналистерді қорғау комитетінің Орталық Азия мен Еуропа бойынша өкілі Нина Огниянова Беларусь билігі қолданып отырған баспасөзді шектеу бағытындағы заңдары мен оны жүзеге асыратын агенттік құру тәсілін Қазақстан да жүзеге асырып жатыр дейді:

– Қазақстан да Беларусь сияқты ақпарат құралдарына қарсы заңды жүзеге асыратын арнайы агенттік құрып қойды. Ол мекеме өздері айтқандай «деструктивті вебсайттарды» іздеуді бастаған». Бұл тұрғыда Қазақстан мен Беларусь интернет заңын өте қатты пайдаланып отыр. Онда ақылға қонымсыз интерпретациялар жасалады. Бұған қатысты Журналистерді қорғау комитеті бірнеше жағдайды зерттеп, қазақ билігі заңды өзін сынаушыларды басып-жаншу үшін саралап қолданып отырғанын дәлелдейтін құжаттар жинады, – дейді Журналистерді қорғау комитетінің Қазақстанға қатысты өкілі.

ИНТЕРНЕТТІ ШЕКТЕУДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ «АМАЛДАРЫ»

Freedom House («Фридом Хауз») ұйымы да Қазақстанның интернет кеңістігін тұсаулап отырғанын сынаған болатын. Сәуірдің 18-інде жарияланған Freedom House зерттеуі Қазақстандағы интернет ресурстарына үш түрлі «амалмен» шектеу қойылды немесе цензураға алынды деп жазған. Біріншісі – «Қазақтелеком» тарапынан болатын техникалық себептер, екіншісі – .kz дмендік атауын жою, үшіншісі – соңғы кездерде қудалаудан қауіптенген хостингтік компаниялардың өздерінің шектеу қоюлары. Бұның ішінде «Қазақтелеком» тарапынан жасалатын шектеулер де кең таралған.

2007 жылдың қазанында оппозициялық пиғылда делінген Kub.kz, Zonakz.net, Geo.kz және Inkar.info веб-сайттары жоғары шенді тұлғалардың телефон-әңгімелерін жариялағаннан кейін жабылған болатын.

Бұл тұста елде интернет ресурстары мен оны пайдалану еркіндігіне мониторинг жасайтын қоғамдық ұйымдардың белсенділігі төмен екендігі де айтылған. «Әділ сөз», «Интерньюс» және «Медианет» сияқты қоғамдық ұйымдар Қазақстандағы сөз бостандығы мен интернетке қатысты соңғы тенденцияларды бақылап отырады. Бірақ мұндай қоғамдық ұйымдар мен блогшылар қауымдастығының өзара бірлесіп жұмыс істемеуі және бір-бірінің қажеттілігін түсінбеуі көрші Қырғызстандай емес, Қазақстанда саяси белсенділіктің кенжелеп қалуына душар етеді дейді Freedom House.
XS
SM
MD
LG