Accessibility links

Мамандар мұсылмандардың танысу сайттарына сұраныс өскенін айтады


Интернет қарап отырған қыздар.
Интернет қарап отырған қыздар.

Наурыз айының басында мұсылмандардың тағы бір танысу сайты ашылды. Сайт өкілдерінің айтуынша бұл интернет-ресурс «мұсылмандардың тек ислам құндылықтарының негізінде семья құруына» мүмкіндік береді.


Мұндай сайттарға қатысты жастардың көзқарасы әртүрлі. Олардың кейбірі мұсылмандардың танысу сайтына сенбейтінін, қыздың "имандылық дәрежесі" туралы өз жазғанына ешкімнің кепілдік бере алмайтынын, қыздар мен жігіттердің тұрмыс құру үшін көбінесе "ислам атын жамылатынын" айтса, кейбірі мұсылман жар іздеген «біреуінің жолы болуы мүмкін» дейді. Ал сайт өкілдерінің сөзіне сенсек «бұл тәсіл өте тиімді».

«КҮНІНЕ 700 АДАМ»

Nikyah.kz сайты наурыз айының басында ашылды. Сайт өкілдері «өзге сайттардан ерекшелігіміз – мұсылмандарға тек ислам құндылықтары негізінде отау көтеруге мүмкіндік береміз» дейді.

Азаттық тілшісінің сауалына жазбаша жауап берген сайт өкілдері «...Бұл сайттың басқа танысу сайттарында кеңінен өріс алған достық немесе романтикалық,
Хиджап киген студенттер. Атырау, 12 қараша 2010 жыл.
Хиджап киген студенттер. Атырау, 12 қараша 2010 жыл.
некеден тыс интимдік қарым-қатынасқа арналмағанын, мұнда тіркелгендер тыйым салынған (шариғат тыйым салған – ред.) көзқарастан қорғалатынын, орынсыз суреттердің өшірілетінін» жазыпты. Сайтта тек «ислам дініндегі неке, ер адам мен әйелдің құқықтары және міндеттері, сонымен қатар бала тәрбиесі туралы әртүрлі материалдар жарияланады» екен.

Сайт әкімшісінің айтуынша, интернет-ресурсқа күніне 700 адам кіреді. Олар: «Бұл - сайт туралы ақпараттың елдің бәріне жетіп үлгермегенін ескерсек, өте жақсы көрсеткіш» дейді.

Олар Азаттыққа жіберген жауаптарында сайттың интернет-тұтынушыларға қажеттігін былайша түсіндірген: «Мұсылмандар көшеде таныспайды, сондықтан олар өмірлік жарды туыстары мен таныстары немесе осындай арнайы сайттар арқылы іздейді. Соңғы тәсіл өте тиімді. Себебі көптеген мұсылмандардың үй-іші дін ұстамайды, оларға ата-аналары мұсылман жар табуға көмектеспейді. Оларға шариғат шарттарын ұстанатын құрбы-құрдастарын табу қиын».

Сайт өкілдері Алматы қаласының орталық мешітімен тығыз байланыста жұмыс істейтіндерін де жазыпты.

«СҰРАНЫСТЫ ӨТЕУ»

Ал программист Қуаныш Мағзуов мұсылмандардың танысу сайттарына деген сұраныс артып келеді, өйткені бұл сайттарда «шариғатқа қайшы заттар жоқ» деп санайды.

Хиджап киген студенттер. Қазақстан, 12 қараша 2010 жыл.
Хиджап киген студенттер. Қазақстан, 12 қараша 2010 жыл.
- Қазақстан нарығына қарап отырсақ, соңғы мәлімет бойынша әлеуметтік желілерді тұтынушылар саны үш жарым миллионға жетті. Солардың 30 пайызы «Мой мир» желісін пайдаланса, 14 пайызға жуығы – «В контакте» желісінде, 3,5 пайызы Facebook-та «отырады» екен. Енді солардың көпшілігі мұсылмандар ғой. Олардың сұранысын өтеу мақсатында сондай сайттар пайда болып отыр, - дейді Қуаныш Мағзуов.

«БІРЕУІНІҢ ЖОЛЫ БОЛАР»

Азаттық тілшісі мұсылмандардың танысу сайттары туралы қарапайым жастардың пікірін сұраған еді.

25 жастағы Жадыра Сұлтанова мұсылмандардың танысу сайттары арқылы ғана емес, жай сайттардың көмегімен де жақсы жігітпен танысуға болады деп есептейді.

- Мұсылмандық танысу сайттары да біреулерге керек шығар. Алайда «дінді ұстандым, мен ерекшемін» деп қоғамнан бөлектенуді де құптамаймын. Діншіл болу адамдық қасиеттердің болуына кепілдік бере алмайды. Технологияның дамуы қыздар мен жігіттердің танысып, сөз байласуына мол мүмкіндіктер беріп жатыр. Бірақ бәрі де адамның өзіне байланысты деп ойлаймын. Адамдар әртүрлі болған соң, сақтық та артық етпейді. Бір көрген, бір кездескен адамға сырыңды ашып тастауға не құлай ғашық болуға болмайды. Қанша жерден сезімді басқаруға
Интернет пайдаланушылар. Алматы, наурыз 2009 жыл.
Интернет пайдаланушылар. Алматы, наурыз 2009 жыл.
болмайды десек те. Кез-келген таныса салған адам сенің өмірлік тағдырың болып кетпейді. Біреуінің жолы болар, біреу мың адаммен танысса да, сөз байласатын адамын таба алмауы да мүмкін, - дейді Жадыра Сұлтанова.

Ал Мақсат есімді Алматы қаласының тұрғыны мұсылмандардың танысу сайттарына сенбейтінін білдіріп:

- Егер танысу сайттарының мешітпен байланысы болса, сайтты шариғаттан хабары бар имам жүргізетін болса, онда сенуге болады. Әйтпесе онда жазылған ақпараттарға қалай сенуге болады, айтыңызшы? Мысалы, бір қыз «осындайда осындаймын» деп жазсын. Бірақ сол қыздың өзі жазғанындай екеніне кіп кепілдік бере алады? Қазір адамдар әртүрлі ғой. Қазір көптеген қыздар ислам атын жамылып жүр. Ақырында оның тек тұрмыс құру үшін ғана орамал тағып, намаз оқығаны белгілі болады. Бұдан бөлек, мысалы ондаған адам жаңағы қызға жаза бастайды. Ол бәріне жауап бере бастайды. Бұл да дұрыс емес қой, - деді.

Алматы қаласының тұрғыны Ақмарал Бекболатова өмірлік жолдасын интернеттегі мұсылмандық емес әлеуметтік желіден тапқанын айтты.

- Ол кезде аса қатты мән бермей сөйлесе беретінмін. Бір күні бір жігіт суретімді сұрады. Суретімді жібердім. Сәлден кейін ол маған өзінікін жіберді. Сөйтіп біз бір-бірімізді ұнатып, бір жыл жүріп, үйлендік, - дейді Ақмарал Бекбосынова.

Nikyah.kz - Қазақстанда ашылған мұсылмандардың екінші танысу сайты. Сайтқа тіркелу үшін интернет-қолданушылар бірқатар діни сұрақтарға жауап береді. Тіркелуші бұған қоса, өзінің қашаннан бері мұсылман екені, қажылыққа барғаны не бармағаны, Құранның сүрелерін жатқа білетіні не білмейтіні туралы мәліметтерді де беруі тиіс.

Мұсылмандардың алғашқы танысу сайты Қазақстанда 2011 жылдың қыркүйек айында ашылған болатын.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG