Accessibility links

Тұрсын Жұртбай: «Жаңаөзен жастары шындықты сұрады»


Тұрсын Жұртбай, алаштанушы ғалым. Алматы, 19 наурыз 2012 жыл.

Тұрсын Жұртбай, алаштанушы ғалым. Алматы, 19 наурыз 2012 жыл.

Жаңаөзенге қала жастарының шақыртуымен барып қайтқан ғалым Тұрсын Жұртбай екі жыл бұрынғы мұнайшыларға оқ атылған оқиғадан кейінгі өзгерістер жайлы айтты.

Азаттық: – Биыл 16 қазанда Жаңаөзен қаласында жергілікті жастармен кездесіп қайтыпсыз. Жаңаөзен жастарының кездесуге сізді шақыруының себебі не?

Тұрсын Жұртбай: – Біріншіден, адамның қасіретін түсіну үшін оның басы-қасында болудың қажеті жоқ. Қайсыбір оқиғаға қатысты адамның өз көзқарасы, түсінігі, ойы болуы керек. Жаңаөзен оқиғасы болып жатқан кезде барайын деп талпындым. Әртүрлі ақпарат көздеріне білдірген ойларым, оқиғаларға қатысты өзге де көзқарастарым болған. Осының барлығын олар біліп отыр. Екіншіден, бұл – өздерінің бастамасы. «Түрлі-түрлі сауалдарымыз бар» деп екі-үш ай хабарласып жүрді. Уақыт тауып барып келдім. Барғаныма өкінбеймін.

Азаттық: – Жастардың сізге қоймақ болған сауалдары не жайлы екен?

Тұрсын Жұртбай: – Қазақстанның ұлттық тәуелсіздігі, сол тәуелсіздікті сақтап қалу жолдары мен Алаш идеясы туралы білгісі келеді.

«ӨТКЕНГЕ КЕКТЕНІП ӨМІР СҮРМЕЙМІЗ»

Азаттық: – Жаңаөзен жастарымен кездесуіңізді кім ұйымдастырды?

Тұрсын Жұртбай: – Өздері. Жаңаөзенде әр саланың мамандары бірігіп, «Жас мамандар» ұйымын құрыпты. Мұндағы мақсат – тұйыққа тірелген сәттерде Жаңаөзеннің 2011 жылғы 16 желтоқсандағы (сол жақта) және қазіргі көрінісі.

Жаңаөзеннің 2011 жылғы 16 желтоқсандағы (сол жақта) және қазіргі көрінісі.

бірігіп жол табу. Мәселен, «Бір үйдегі бес адамның нешеуі жұмыста, қаншасы жұмыссыз? Қай үйдің әлеуметтік жағдайы төмен?» деген секілді сауалдар төңірегінде зерттеу жүргізіп, жұмысқа орналастыру, бір-бірімен әйтеуір септесіп өмір сүру. Мұндай рухани бірлікті өз басым бұрын-соңды байқаған емеспін.

Рухани бірлік бірге немесе жүзге, тіпті мыңға да қатысты емес – 150 мың адамға қатысты. Олардың үлкен-кішісі араласып, бір-бірінің қас-қабағын сыйлауы мені таң қалдырды. Олардың тағы бір айтқаны – «Бізге кім шындықты айта алады?». «Шындықтан басқа ештеңе керек жоқ» дейді.

Азаттық: – «Шындық» демекші, Жаңаөзенде 2011 жылғы желтоқсанның 16-сында болған оқиға кезінде кейбір қоғамдық тұлғалар да Жаңаөзен жастарын жаппай қаралай бастағаны белгілі. Жаңаөзендіктер мұндай «шындықтарды» қалай бағалап отыр.

Жаңаөзен оқиғасынан кейін қалада жүрген полиция. 18 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Жаңаөзен оқиғасынан кейін қалада жүрген полиция. 18 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Тұрсын Жұртбай: – Олар үшін бұл – өте ауыр тақырып. Бірақ бұл оқиғаның қалтарысы мен бұрылыстары, сол кездегі жеке адамдардың, өкіметтің, әсіресе өндірістік орындардың ұстанған принциптері бар. Жастар осының бәрін бес саусағындай біліп, содан қорытынды шығарып, «енді өз қанымызды өзіміз төкпей, күрестің басқа түрімен шешеміз» дегені – жақсы идея. Не істеп не қоярын біліп, шешіп алған олар бір адам секілді.

«Өткеннің кегімен өмір сүрмейміз. Өткенге кектеніп те өмір сүрмейміз. Біз құрбандардың рухы үшін де өмір сүреміз» деген идеямен қаланың 60-70 пайызын құрайтын жастар өмір сүріп келеді.

«ӨЗ ЖАРАСЫН ӨЗДЕРІ ЕМДЕГІСІ КЕЛЕДІ»

Азаттық: – Жаңаөзен оқиғасы ол өңірдегі жастарға қалай әсер етіпті? Ол қаладағы жастардың өзге өңірлердегі құрдастарынан айырмашылығы бар ма екен?

Тұрсын Жұртбай: – Айырмашылық өте көп. Мен де «сол жараның аузын ашқаннан гөрі олардың жанындағы жараның жазылуына себім тие ме» деген Жұрт полицияның оғынан қашып барады. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл. (YouTube видеосынан скриншот)

Жұрт полицияның оғынан қашып барады. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл. (YouTube видеосынан скриншот)

сұрақтармен барғаным рас. «Неге шақырды?», «Неге мен көздеріне түсіп қалдым?» деген азаматтық, адамдық сұрақтар қинап барған. Сол жерде осы сұрақтардан арылдым. Ал биыл жазда Алматыда болған оншақты күннің ішінде түйгенім – бұрын идеяның басында тұратын Алматы жастары қазір «меңіреулік» деген бір күйді бастап кетіпті, сол көңіліме қатты келіп еді. Жаңаөзенге барғаннан кейін мен ол күдіктен толықтай арылдым. «Жаңаөзен рухы» деген термин көкейімде оралып қалды.

Азаттық: – «Жаңөзен рухы» деген сөзіңізді ашып айтыңызшы.

Тұрсын Жұртбай: – Жаңаөзен жастары өміріндегі ең қиын, қасіретті, ашулы, бірақ мақсатқа толы күрестерін жаңа бір адамдық, азаматтық деңгейге көтерген екен. Өздері білетін жан жарасы мен тән жарасын өздері емдеп, жеңгісі келеді.

Жаңаөзенде жастармен де, қала тұрғындарымен де тілдестім, сыр тартып көрдім. Сонда олардың айтқаны – «Үлкен арманымыз – тәуелсіздік, сол тәуелсіздікке қалай да үлес қосу».

«ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ҚАТЕЛІГІ»

Азаттық: – Сіз айтып отырған «Жаңаөзен халқының 60-70 пайызын құрайтын» жастардың әлеуметтік жағдайы қандай екен?
Қандай да қуатты мемлекет болсын, 15 мыңға лайықталған жұмыс орнын 150 мыңға жеткізе алмайды.

Тұрсын Жұртбай: – Жаңаөзен дегеніңіз – Қазақстанның ғана емес, сол Маңғыстаудың ең тұйықталған шегі. Астынан мұнай шыққаны болмаса, жер бетінен шөп-шалаңның өзі шығуы қиын. Яғни бұл жерде қара жұмыстан басқа күн көру көзі жоқ. Ал енді сол жерде, бір уақыттары 15 мың адамға арналған елді мекенде қазір 150 мың адам тұрып жатыр. Қандай да қуатты мемлекет болсын, ол 15 мыңға лайықталған жұмыс орнын 150 мыңға жеткізе алмайды. Бұл – біздің әу баста демографиялық саясаттан кеткен қателік. Сондықтан бұл проблема қазір де бар.

Азаттық: – Әңгімеңізге рахмет.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG