Accessibility links

«Жаңаөзендік жас балалар психотерапияға мұқтаж»


Режиссер Болат Атабаев. Алматы, 9 қаңтар 2012 жыл.

Режиссер Болат Атабаев. Алматы, 9 қаңтар 2012 жыл.

Жаңаөзендегі оқиғаның 40 күндігіне арналған Форумханамызға сұқбат берген қоғам белсендісі, режиссер Болат Атабаев "Жаңаөзен халқы күйзеліске ұшыраған" дейді. Ол 16 желтоқсандағы оқиғаға куә болған жаңаөзендік жас балалар психотерапиялық сауықтыруға зәру деп санайды.


Жаңаөзендегі оқиғаларды зерттеу мақсатында құрылған қоғамдық комиссиялардың біріне мүше болған Болат Атабаев маңғыстаулықтармен күнде хабарласып отырғанын айта келе, «Жаңаөзенде психотерапевтер жұмыс істеуі тиіс» деді.

- Жаңаөзенде психологтар жұмыс істеуі керек. Реабилитация деген сөз бар. Халықтың жағдайы қиын қазір. Сол жердегі тұрғындармен сөйлессеңіз, адамша сөйлей алмайды. Әбден психологиялық дертке ұшыраған қазір. Ана атысты, өлімді көрген балалар не болды?! - дейді режиссер.

Болат Атабаевтың айтуынша, Жаңаөзендегі балалар аулада ойнағанда мұнайшылар мен ОМОН-дар болып, екіге бөлініп алып атысады.

- Сонда балаларға «ОМОН» деген жексұрын сөзге айналған. Міне, халықты неге жеткіздік. Біз бала кезімізде фашистерді атып ойнадық қой, сол сияқты «ОМОН» ойнап жүр қазіргі балалар, - дейді ол.

Болат Атабаев осындай жағдайға антигуманистік мемлекет жеткізді деген пікірде.

Режиссердің Азаттық радисоына берген сұқбатын төмендегі сілтеме арқылы толығырақ тыңдаңыз.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG