Accessibility links

Қабдеш Жұмаділов оралмандарды кемсіткен адамдарды жазалау керек дейді


Қабдеш Жұмаділов, Қазақстанның халық жазушысы. Алматы, 24 қараша 2009 жыл.

Қабдеш Жұмаділов, Қазақстанның халық жазушысы. Алматы, 24 қараша 2009 жыл.

1960 жылдары Қытайдан Қазақстанға оралған көрнекті жазушы Совет Одағында репатрианттарды әлеуметтік тұрғыда жерсіндіру қазіргі Қазақстандағы оралмандарға қатысты саясаттан әлдеқайда тиімді жүргенін айтады.


Қабдеш Жұмаділов: "СССР-дің бір жақсы жері - 20 күннің ішінде Қазақстан шекарасына енген 200 мың адамды бірден орналастырып, ешкімді жүгіртпей-ақ екі айдың ішінде бүкіл адамның төлқұжаттарын қолдарына берді" дейді. Ол бүгінгі Қазақстанда елге оралған қазақтар 10 жыл бойы азаматтық ала алмай, сергелдеңге түсіп жүргенін айтады.

Жазушы қазіргі билік қазақ санының көбеюіне мүдделі емес, сол үшін көшті саябырсытып, оралмандарды сенделтіп қойды дейді. Оның пікірінше, қазақтар саны 70 пайызға жетсе, көпұлтты деген ұғым жойылып, ассамблея қажетсіз болып қалуы мүмкін. Бұл басқа ұлттарға көбірек арқа сүйейтін биліктің мүддесіне қайшы болып, сырттағы қазақтарды көшіріп әкелу басылып қалды деген ой айтады "Соңғы көш" романының авторы.

Қабдеш Жұмәділов соңғы уақытта шеттен келген қазақтарды оралман деп кемсіту оқиғалары кездесіп жатқанын сынға алды. Оның пікірінше, соңғы кезде қоғамда оралмандарға қарсы кері пікір қалыптастырып отырған биліктегі қазаққа жаны ашымайтын адамдарды жазалау керек.

Жазушының сұқбатын төмендегі сілтеме бойынша тыңдаңыз.

Жазушы Қабдеш Жұмәділовпен сұқбатты тыңдаңыз
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG