Accessibility links

«Инвесторларды салықтан босату кері әсер етуі мүмкін»


Қазақстанға келетін шетел инвестициясының дені мұнай-газ саласына жұмсалады. Суретте: Каспий теңізіндегі Қашаған кен орнының Д аралындағы инфрақұрылым. (Көрнекі сурет)

Қазақстанға келетін шетел инвестициясының дені мұнай-газ саласына жұмсалады. Суретте: Каспий теңізіндегі Қашаған кен орнының Д аралындағы инфрақұрылым. (Көрнекі сурет)

Қазақстан президенті шетелдік инвесторларды елдегі жекешелендіру процесіне қатысуға шақырды. Ал экономист инвестиция туралы заңдағы өзгерістердің пайдасы да, зияны да бар екенін айтады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторларды елдегі 700-дей компанияны жекешелендіру ісіне, білім және денсаулық салаларына араласуға шақырды.

Маусымның 12-сі күні Назарбаев Бурабайда өткен шетелдік инвесторлар жиынына қатысқан күні оның «Кейбір заңнамалық актілерге инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға да қол қойғаны хабарланды. Заңда инвесторларды бірнеше жыл салық төлеуден босату, квотасыз және рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат ету сияқты жеңілдіктер бар.

Экономика ғылымдарының докторы Мағбат Спанов Азаттыққа берген сұхбатында бұл бастамалардың Қазақстан экономикасына қалай әсер етерін болжайды.

Азаттық: – Жаңа заң бойынша, шетелдік инвесторларды корпоративтік табыс салығы мен жер салығынан 10 жылға, жылжымайтын мүлік салығынан 8 жылға дейін босату жағы қарастырылған. Мұның Қазақстан экономикасына әсері бар ма?

Мағбат Спанов: – Инвесторларды салықтардан босату ел экономикасына кері әсер етуі мүмкін. Қазақстан әуелі ішкі инвестицияны қайта қалыпқа келтіріп, Экономика ғылымдарының докторы Мағбат Спанов.

Экономика ғылымдарының докторы Мағбат Спанов.

дамытуды ойластырғаны дұрыс. Қазақстан халқы өзі мемлекеттік жобаларға инвестиция құйса, халықтың жағдайына да, ел экономикасына да пайдалы болар еді..

Азаттық: – Қазақстан президенті білім, денсаулық сақтау, сумен жабдықтау салаларына да инвестиция тартуды тапсырды. Бұл инвестиция халықтың тұрмысын қалай өзгертуі мүмкін?

Мағбат Спанов: – Білім мен денсаулық сақтау – адами капитал. Демек, адами капиталға инвестиция тарту халықтық тұрмыс жағдайын жақсартады. Инвесторлар келіп, бәсекелестік артар. Университет, колледждерде білім сапасы, ауруханаларда қызмет көрсету сапасы жақсарар.
Макроэкономикадан гөрі білім, денсаулық сақтау саласына инвестиция тартуды бұрыннан ойлау керек еді.


Қазақстан осыған дейін тек макроэкономикаға инвестиция тартып келді. Макроэкономикадан гөрі білім, денсаулық сақтау саласына инвестиция тартуды бұрыннан ойлау керек еді.

Егер инвесторлар Қазақстанның білім мен денсаулық сақтау салаларына 10 жыл бұрын шақырылғанда жаңа ғылыми технологиялар ашылып, бәсекелестік артып, бұл сала дамитын еді. Енді келсе де, кеш емес.

Бірақ білім мен денсаулық сақтау саласына инвестор тартудың механизмі ашық айтылмады. Бұл механизм Қазақстанға да, шетелдік инвесторларға тиімді болады. Жалпы, білім және денсаулық сақтау салаларына инвесторлар тарту әлем елдерінде бұрыннан қалыптасқан.

Азаттық: – Кей сарапшылар «Еуразия экономикалық одағына қосылған соң Қазақстанда Ресей инвесторлары көбейіп, Батыс инвесторлары азаюы мүмкін» деп қауіптенеді. Бұл пікірге не айтасыз?

Мағбат Спанов: – Бұл – қалыпты құбылыс. Әлемдік нарықта кейде қаржы болады, кейде инвесторлар қаржысыз қалады. Батыс инвесторлары азайса, оны қалыпты экономикалық тербеліс деп қабылдаған жөн. Макроэкономика саласына 20 жылдан бері шетелден инвестиция тартып келе жатқан Қазақстан қазіргі инвестициялық механизмді өзгертіп, өзінің ішкі инвестициясын дамыту жағын ойластыруы керек.

Азаттық: – Сұхбатыңызға рахмет.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG