Accessibility links

Иранда түрмеде бірге отырған адамды зорлау қалыпты жағдайға айналған


Тегеранның солтүстік-батысында орналасқан бұл түрмеде саяси тұтқындар отыр.

Тегеранның солтүстік-батысында орналасқан бұл түрмеде саяси тұтқындар отыр.

Иран түрмелерінде адамның қарапайым құқықтары да сақталмайды, тұтқындар азапталып, небір қитұрқы кемсітуге ұшырайды. Мұнда өзін-өзі қорғай алмайтын немесе ақша төлей алмайтын тұтқындарды зорлау - қалыпты жағдай.


Құқық қорғаушылардың деректері бойынша, соңғы 12 айда Иранда қарсылық шараларына қатысқаны немесе саяси көзқарастары үшін 1250-ден астам адам тұтқындалған деп хабарлайды Азат Еуропа/Азаттық радиосының Ирандық редакциясы – Фарда радиосы. Отбасы мүшелері немесе сот орындары тұтқындау деректерінің барлығын бірдей жария қылмағандықтан, ұсталғандардың нақты санын анықтау мүмкін емес.

Елден тысқары жерде орналасқан Ирандағы адам құқығы үйінің өкілі Моджтаба Семинеджад «тұтқындалғандардың 185-і – студенттер, 165-і – діни азшылықтардың өкілдері, 129-ы – саяси қайраткерлер, 129-ы – күрд белсенділері, 43-і – журналистер мен блогерлер, 40-ы – түркімен белсенділері, 22-сі – еңбекшілердің өкілдері, 20-сы – адам құқығы үшін күресушілер, 8-і – әйел құқықтары жөніндегі қозғалыстың өкілдері және 8-і – араб белсенділері» дейді.

- Олардың көпшілігі негізгі манифестациялар өтетін Тегеранда ұсталды. 20 ақпан мен 20 наурыз аралығында өте көп адам ұсталды, бірақ билік өзінің
Оппозициялық Жасылдар қозғалысының жетекшілері Мир-Хосейн Мусави (сол жақта) мен Мехди Карруби. Тегеран.

әрекеті жайында ешқандай ақпарат берген жоқ, - дейді Моджтаба Семинеджад.

Осы уақыт аралығында оппозициялық Жасылдар қозғалысының жетекшілері Мир-Хосейн Мусави мен Мехди Каррубилерді әйелдерімен бірге қауіпсіздік күштерінің ұстағандығы жайындағы хабарлар қазіргі уақытқа дейін расталған жоқ.

САЯСИ ТҰТҚЫНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ӨТЕ НАШАР

Жоғары дәрежелі иран шенеуніктеріне жолданған хаттар: «Түрмедегі болып жатқан оқиғалар уәде етілген исламдық адам құқықтары ма?» – деген риторикалық сұрақтармен аяқталады. Мұндай хаттар Иран сот билігінің басшысы аятолла Садек Лариджани мен Тегеранның бас прокуроры Аббас Джафари Долатбадиге де жолданды.

Жақында ғана қатаң режимдегі түрмеге ауыстырылған саяси тұтқын-әйелдердің отбасылары Ирандағы адам құқығы жөніндегі Исламдық комиссияның басшысы Мохаммад Хасан Зиэифэрге және бірнеше ирандық жоғары дәрежелі шенеуніктерге тұтқындардың адам төзгісіз жағдайы жөнінде хат жазып, жедел түрде шара қолдануды талап етті.

8 мамыр күні kaleme.com веб-сайтында жарияланған бұл хатта жақында ғана Тегеранның оңтүстік шетіндегі «Чарчак» түрмесіне ауыстырылған 600 тұтқын әйелдің өмірлеріне қауіп төніп тұрғандығы хабарланған. Тұтқындар кереуеті де, қарапайым ғана гигиеналық құралдары да жоқ
Иран түрмесі.

бөлмелерде отыр. Түрме қызметкерлері су мен тамақты тұрақты түрде бермейді.

Парижде орналасқан Құқық қорғау лигалары халықаралық федерациясының вице-президенті Абдулкарим Лахиджи Фарда радиосына Ирандағы саяси тұтқындардың жағдайлары өте нашар деді.

Алдымен билік саяси тұтқындардың отбасымен байланысуына кедергі жасап немесе оларды бір адамдық камераларға отырғызып толықтай оқшаулап алып, содан соң өздерінің талаптарын күштеп орындату үшін қысымның барлық түрлерін жасайды.

ҚАУІПТІ ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРМЕН БІР КАМЕРАДА

Кем дегенде ирандық 11 саяси тұтқын Тегераннан тыс жердегі қатаң жағдайымен аты шыққан түрмеге ауыстырылды.

«Ирандағы адам құқықтары жөніндегі халықаралық науқан» ұйымының деректері бойынша, Мохаммад Пур-Абдолламен бірге кем дегенде өзге 10 саяси тұтқын жақында Тегераннан батысқа қарай 20 шақырымдай жердегі Кередж қаласындағы «Гезель Хесар» түрмесіне ауыстырылды.

2009 жылғы Ирандағы өте даулы президент сайлауынан кейін тұтқындалған саяси тұтқындарға соңғы айларда қысым қатты күшейіп кетті деп хабарлады «Ирандағы адам құқықтары жөніндегі халықаралық науқан» ұйымының жетекшісі Хади Гаеми Фарда радиосына.

Хади Гаеми Иранның бас прокуроры Голам-Хосейн Мохсени-Эжейдің «егер саяси тұтқындар өз пікірлерінен бас тартпаса, олар уақытша демалыс және отбасы мүшелерімен кездесу сияқты әдетте тұтқындарға берілетін құқықтарды алмаған болар еді» деп жақында ғана жасаған мәлімдемесін айтып берді.

«Гезель Хесар» түрмесіне жабылған тұтқындарды ауыр қылмыс жасаған аса қауіпті қылмыскерлермен бірге ұстап отыр дейді Хади Гаеми. Америкалық саясаттанушы Али Афшари Азат Еуропа/ Азаттық радиосы тілшісімен болған әңгімеде саяси тұтқындардың көптен бері «Гезель Хесар» түрмесінде ұсталып жатқанын айтқан. Ол, сонымен бірге, осы түрмеде 1980-жылдары отырғандардың абақтыдағы ең бір ауыр кезеңдері осында болды деп еске алғанын айтады.

Наурыз айының ортасында Иран телевидениесі «Гезель Хесар» түрмесіндегі тұтқындар мен күзетшілер арасында болған қақтығыстан 14 адамның опат болып, 33 адамның жараланғанын хабарлаған. Бірақ өзге бір дерек көздерінің хабарлауынша, опат болғандар саны 150 адамға дейін жеткен.

ЗОРЛАУ ТҮРМЕДЕ ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙҒА АЙНАЛДЫ

Журналист Роберт Тейт Азат Еуропа/ Азаттық радиосының веб-сайтындағы блогында түрме өмірінің қорқынышты оқиғаларын сипаттап жазды. Аутордың жазуынша, зардап шеккен тұтқындар толып жатқан зорлау оқиғаларына қатысты куәліктерді айтып берген. Бұл Ирандағы 2009 жылғы президент сайлауының даулылығы жайындағы пікірталастар ішіндегі ең сорақысы болған. Ұсталған шерушілерді түрме бақылаушылары зорлаған.

Көп жағдайларда медициналық куәліктермен бекітілген бұл ақпаратты жария қылғаны үшін билік соңғы сайлауда президенттікке үміткер болған реформашыл саясаткер Мехди Каррубиді қыспаққа алды. Өзге мәселелер сияқты жыныстық мәселеде де діншілдікті насихаттайтын ислам режимі
Иранның жоғары басшысы аятолла Әли Хаменей. Тегеран, 9 қаңтар 2010 жыл.

үшін зорлау жабық тақырып болып табылады.

Реформашыл журналист, Мехди Каррубидің жақтасы тұтқын Мехди Махмудианның Иран басшысы аятолла Әли Хаменейге жолдаған ашық хатында да зорлау жайында жаңа деректер пайда болды.

Мұндағы айырмашылық, Мехди Махмудианның айтып отырғаны - режим тарапынан рұқсат етіліп, саяси тұтқындарға қатысты қысым жасаудың бір түрі емес. Бұл жерде әңгіме қатыгез қылмыскерлердің өзін-өзі қорғай алмайтын камераластарына қатысты зорлық жасауы жайында болып отыр.

2009 жылдың қыркүйек айынан бері абақтыда отырған Мехди Махмудиан Тегеран маңындағы Кередже қаласында орналасқан «Раджай Шахр» түрмесіндегі өте қауіпті және қорқынышты жағдайларды сипаттайды.

Иранның жоғары басшысы аятолла Әли Хаменейге жолданған шағым-хат 2010 жылдың қыркүйек айында жазылғанымен, жақында ғана жарыққа шықты. «Егер өзіңді қорғауға күшің жетпесе немесе ақшаң болмаса, онда «Раджай Шахрда» күнде зорлық жасалады», - деп жазады Мехди Махмудиан.

БІР ТҮНДЕ ЖЕТІ РЕТ ЗОРЛАНҒАН

Гомосексуализм – түрмеде «қалыпты жағдайға айналған» дейді Махди Махмудиан. Махмудианның саяси тұтқын жолдасының айтуынша, оның жағдайы аса ауыр көрінеді. Оны бір түнде жеті рет зорлаған. Жәбірленуші осы оқиғаларға байланысты шағымданғанда, түрме қызметкерлері зорлықшыларға қатысты шара қолданудың орнына оның өзін бір адамдық камераға қамап қойған.

Мехди Махмудиан аятолла Әли Хаменейге жолдаған хатында былай деп жазады: «Сіздің бақылауыңызда тұрған осы «Раджай Шахр» түрмесінде елдің ұлдары мен азаматтары 250 мың томанға (шамамен 250 доллар) жалға беріледі және бұл жүйеден шығар жол жоқ!»

Түрмедегі адам төзгісіз жағдай кесірінен денсаулығынан айрылған Мехди Махмудиан түрмеде есірткінің еркін сатылатындығына және саяси тұтқындарды шынжырмен, сыммен ұратындығына шағымданады. Мехди Махмудиан өзі отырған «Эвин», «Раджай Шахр» және «Качою» түрмелерінде есірткіні қажет мөлшерде, емін-еркін алуға болатындығын айтады. Ал дәл осы кезде ол киім-кешегін алты ай күткен екен.

Есірткі пайдаланатын көптеген тұтқындар СПИД, гепатит ауруларымен ауырады және олар өзге тұтқындармен жыныстық қарым-қатынас жасайды. Осының өзі ВИЧ-тің таралуына себеп болады. Мехди Махмудиан өзі қамалмай тұрып-ақ Иран түрмелеріндегі ауыр жағдай жөнінде дабыл көтерген еді.

ТҮРМЕЛЕРДЕ ОРЫН ЖЕТПЕЙДІ

Аятолла Әли Хаменейге жазған хатында Мехди Махмудиан 2007 жылы «Кахризак» түрмесінде болған тұтқындарға қатысты айуандыққа назар аударады. Сайлаудан кейінгі қарсылық шараларынан кейін тұтқынға алынған бірнеше тұтқын, оның ішінде атақты ғалымның баласы да бар, азаптаулар мен таяқтаулардың салдарынан қайтыс болған соң Иранның жоғарғы басшысының бұйрығымен бұл түрме жабылған.

Түрмеге жабылған Иран студенттерінің жетекшісі Зия Набави өткен аптада сот билігінің адам құқықтары жөніндегі департаментінің басшысы Мохаммад Джавад Лариджаниге Иранның оңтүстік-батысындағы Ахваз қаласындағы Карун түрмесі жайында хат жазды. Ол түрменің толып кеткенін, өте лас екендігін және 1500 тұтқынның ауа-райының қандай екендігіне қарамастан далада, аулада ұйықтауға мәжбүр болғанын айтты.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG