Accessibility links

Eni компаниясы «Қазақстанға пара берді» деген айыппен істі болды


Eni компаниясының атқарушы директоры Паоло Скарони. Брюссель, 4 ақпан 2010 жыл.

Eni компаниясының атқарушы директоры Паоло Скарони. Брюссель, 4 ақпан 2010 жыл.

Сейсенбі күні Миланда «Қазақстан билігіне пара берді» деп айыпталған Eni мемлекеттік энергетикалық компаниясына қарсы сот процесі басталды. Іс насырға шапса, Италияның бұл мұнай компаниясы Қашаған жобасынан шығуы да мүмкін екенін айтады геосаяси зерттеу мен стратегиялық болжамдар жасайтын Stratfor орталығы.

Италиялық Eni (Ente Nazionale Idrocarburi S.p.A. — «Мемлекеттік мұнай өндірісі бірлестігі») компаниясының Қазақстандағы Agip KCO еншілес компаниясы «Қашаған мұнай кенішіндегі жұмысын жалғастыру үшін Қазақстанның ресми өкілдеріне пара бергені» көптен бері айтылып келеді.

«2007 жылы Қазақстан президентінің күйеу баласы, мұнай-газ саласындағы топ-менеджер Тимур Құлыбаевқа 20 миллион доллар берген» деген күдікке ілінген Eni компаниясының атқарушы директоры Паоло Скарони «халықаралық коррупция жасады» деп айыпталуы мүмкін.

Оның пара бергені расталса, Милан соты италиялық бұл компанияның Қашаған кенішін дамыту жобасына қатысуына тыйым сала алады.

Eni компаниясы қатысып келе жатқан Қашаған – Қазақстанның ең ірі мұнай кеніші әрі соңғы 40 жыл ішінде табылған ең үлкен кен орны. Астана бұл жерде үлкен мұнай өндірісін дамытқысы келгенімен, жобаның бюджеті мен берілген уақыт кедергі болды. «Енді Eni компаниясы бұл консорциумнан шығатын болса, онсыз да тығырыққа тірелген жобаны тұралатып қоюы ықтимал» деп болжайды Stratfor сарапшылары.

ҚАЗАҚСТАНДА 20 ЖЫЛ ЖҮРГЕН ENI

Италияның ең ірі Eni энергетикалық компаниясы – бұрынғы Совет елдеріндегі бірқатар мемлекетпен әріптестік орнатқан, Совет одағы тұсында-ақ осы аймаққа барып, әсіресе Ресей жерінде жұмыс істеген Батыстың ең алғашқы энергетикалық компанияларының бірі.

Қазақстанға 1992 жылы барған Eni-дің қазір бұл елдегі мұнай қорын игерудегі үлесі – 13 пайыз. Қашаған жобасындағы негізгі компанияның бірі Eni сонымен қатар Қарашығанақ мұнай кенішінде де жұмыс істеп, Қазақстанның ең ірі екі энергетикалық жобасына қатысып келеді.

Сарапшылар Қазақстанда жұмыс істеп жатқан Батыстың басқа ірі компаниялары сияқты емес, Eni өзі қатысқан жобалар бойынша жоғары техникалық мүмкіндіктерін ENI компаниясының белгісі. (Көрнекі сурет)

ENI компаниясының белгісі. (Көрнекі сурет)

таныта алмағанын айтады. Техникалық жағынан артта қалған бұл компания Chevron, ExxonMobil, Royal Dutch/Shell сынды ірі кәсіпорындар сияқты өзінің технологиялық мүмкіндігін дамытып, Қазақстандағы техникалық тұрғыдан қиындықтарға душар болған жобаларын құтқаруы керек.

Eni-дің Қазақстанның мұнай-газ саласында жұмыс істеуіне оның Қазақстан үкіметімен ерекше байланысы арқау болып отыр. Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын досы болғандықтан да, Eni компаниясы Қазақстандағы энергетикалық ірі жобаларға қатысып келді дейді сарапшылар.

Eni компаниясының коррупцияға қатысы бар деген айыптар Италияда 2009 жылдан бері айтылып келген. Бірақ бұл компания мен оның басшысы Скарониге жақын Берлускони премьер-министр болып тұрған шағында, Eni компаниясына қарсы жасалған қандай да бір әрекеттер тоқтап қалатын.

Бірақ Милан соты коррупциялық істерге қатысты қатаңдау әрі Берлускони тобымен саяси ымыраласпаған. Италияда Берлускониге қарсы істердің көбісі Милан сотында қаралған.

Берлускони биліктен кетіп, Италияның қазіргі премьері Марио Монти жеке байланыстардан гөрі коррупция мен экономикалық мәселелерге баса назар аударып, Eni компаниясы қорғаушысыз қалып отыр.

ҚАШАҒАН КЕНІШІНІҢ ҚҰНЫ ӨСІП БАРАДЫ

Қашаған – Қазақстанның үміт артып отырған ең үлкен мұнай кеніші. Болжам бойынша, Қашағанда 38 миллиард баррель мұнай бар. Қазір Қашаған жобасы бойынша Қазақстанның МұнайГаз компаниясы мен Батыстың Eni, Total, Exxon, Shell консорциумы жұмыс істеп жатыр. Олардың әрқайсысы жобаның 16,8 пайызын иеленіп отыр.

Қазақстанның 2013 жылға жоспарлаған екі үлкен мұнай өндіру келісімі бар, оған қажет мұнайдың басым бөлігі осы Қашаған кенішінен алынбақ.

Қашаған кенішін игеруде бірқатар кедергі бар. Каспий теңізінің солтүстігіндегі таяз сулы теңіз түбінде орналасқан бұл кеніш қыста мұз болып қатып жатады. Алғаш Каспий шельфіндегі Қашаған кенішіндегі D аралы. 2009 жыл.

Каспий шельфіндегі Қашаған кенішіндегі D аралы. 2009 жыл.

Қашағанда мұнай өндіру жұмыстары 2005 жылы басталады деп болжанғанымен, технологиялық және жабдықтау жүйесіндегі көп шаруа шешімін таба қоймады. Енді бұл кеніштен желтоқсан айынан бастап аздап мұнай алады деген үміт бар деп жазады Stratfor.

Соңғы жеті жылда Қашаған жобасының құны барған сайын артып келеді. Басында ол 24 миллиард доллардан 38 миллиард долларға өскен болатын, қазір 46 миллиард долларға жетті.

Қашаған жобасының тағы бір проблемасы – оның түрлі компаниялар арасында ауысып жүруі. 2004 жылы бұл жобадан Ұлыбританияның BG Group компаниясы шығып кетті. 2008 жылы Қазақстан үкіметі бұл жобадағы өз үлесін қайта қарады.

2009 жылы Қазақстан жағы Қашаған операторы болған Eni компаниясының өзіне жүктелген міндеттерді орындай алмай жатқанын айтып, компанияны жобадан мүлдем шығарып жібергісі келген. Бірақ бұл италиялық компанияның билікпен байланыстарының арқасында Қазақстан Қашаған консорциумы мүшелері арасында үлес бөлісу келісімін қайтадан жасап, ол North Caspian Operating Company (Солтүстік Каспий басқару компаниясы) деп аталды.

Eni құқықтарының біразын Солтүстік Каспий басқару компаниясы мүшелерімен бөлісіп, жобада қалды. Бірақ Stratfor мәліметтеріне қарағанда, консорциум мүшелері өз жұмысын нәтижелі атқара алмай отырған Eni компаниясына көңілдері толмай отыр.

ҚАЗАҚСТАН МЕН ИТАЛИЯ БАЙЛАНЫСТАРЫ

Милан соты Қашаған жобасына өзгеріс әкелуі мүмкін. Егер италиялық сот Eni компаниясына Қашағанда жұмыс істеуге немесе Қазақстандағы энергетикалық жобаларға қатысуға тыйым салса, North Caspian Operating Company оның орнын басатын компанияны табу керек болады.

Бұл оқиға Қазақстанның да Италия мен Eni компаниясына қатысты өз ұстанымын өзгертуіне мүмкіндік болады. Берлускони биліктен кеткеннен кейін Eni компаниясы қазақ үкіметіне сөзін өткізе алатын өзінің қорғаушысынан айрылды.

Stratfor деректеріне қарағанда, Eni компаниясының жетекшісі Паоло Скарони мен Италия премьер-министрі Марио Монти соңғы апталарда Қазақстанға барып, «бәрі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Италияның сол кездегі премьер-министрі Сильвио Берлускони. Рим, 5 қараша 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Италияның сол кездегі премьер-министрі Сильвио Берлускони. Рим, 5 қараша 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

жақсы боларына» президент Назарбаевты сендіруге тырысқан. Бірақ Скаронидің Назарбаевпен Берлускони сияқты тікелей байланысы жоқ. Монти де қазақ билігімен етене таныс емес, оның үстіне ол өзінің алдындағы Берлускони сияқты мұндай жағдайды саяси мақсаттарға пайдаланбайтынын байқатты дейді ұйым.

Қазақстан мен Италияның әріптестігі төмендеп, Астана Қашаған мәселесін Италиямен қарым-қатынасынан да жоғары қойып отыр. Қазақстан Қашаған кеніші алдағы жылы іске қосылуы керек дейді.

Stratfor деректеріне сүйенсек, Shell Қашаған жобасын неғұрлым тезірек бастауға болады деген ұсыныс айтып, Қазақстан президентімен ENI компаниясының орнын басу жайында сөйлесе бастаған.

Shell компаниясының Қашаған жобасына қатысуын президент Нұрсұлтан Назарбаевтың экономикалық мәселелер бойынша арнайы кеңесшісі, Ұлыбританияның бұрынғы премьері Тони Блэр қолдап отыр.

«Бизнестегі мәселелер жеке таныстық арқылы шешілетін Қазақстан сияқты елде мұнай жобасының немен аяқталатыны әлі белгісіз» дейді Stratfor сарапшысы Ливио Антиколи.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG