Accessibility links

Шетелдік музыканттар джазға қазақтың ұлттық аспабын қосып ойнауды ұсынады


Джаз орындаушысы. Teміртау, 1 қазан 2010 жыл.

Джаз орындаушысы. Teміртау, 1 қазан 2010 жыл.

Алматыда 2000 жылдан бері джаз фестивалі өтеді. Фестивальді ұйымдастырушылар жастар арасында джаз музыкасына қызығушылар қатары артып келе жатқанын айтады.



Джаз фестивалі жөніндегі хабарды тыңдаңыз



Осы жылы фестивальге Америкадан, Франциядан, Германиядан, Түркиядан және Австриядан есімдері әлемге әйгілі музыканттар келді.

Орталық Азия бойынша жастарды джаз музыкасына бейімдейтін мектеп Алматы қаласында орналасқан. Мектеп оқушылары бірнеше аспапта ойнап үйренгендерін алға тартады. Ал ұстаздары болса, оқушылар кез-келген жанрда ойнай алатындығын айтады.

Фестивальге Америкадан келген Шамар Аллен және Андердогз джаздан өзге рок, хип-хоп сияқты музыка жанрларын ала келген. Шетелден келген музыканттар қазақтың ұлттық аспаптарын джаз жанрына енгізіп, бірлесе ойнауды ұсынды.

Биылғы жылы өткен джаз фестиваліне өткен жылдармен салыстырғанда көрші мемлекеттерден музыканттар келмеді. Фестивальді ұйымдастырушылар оны көрші мемлекеттерде де фестиваль өтіп жатқанымен және оларды Қазақстанға арнайы шақыратын қаржылай мүмкіндіктерінің жоғымен түсіндірді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG