Accessibility links

«Сириядағы жиһадшыларды» Қазақстанда не күтіп тұр?


"Сирияға аттанған Қазақстандық жиһадшылар". (YouTube видеосынан алынған скриншот).

"Сирияға аттанған Қазақстандық жиһадшылар". (YouTube видеосынан алынған скриншот).

«Сирияға кеткен жиһадшыларды» Қазақстанға қайтару мәселесі жиі айтыла бастады. Кейбіреулер «келген соң оларға амнистия жариялау қажет» дейді, ал заңгерлер «жиһадшылардың» жауапқа тартылатынын айтады.

Қазақстандық ақпарат құралдарында «Сириядағы жиһадшыларды» елге қайтаруға шақырған мақалалар жариялана бастады. «Жиһадшылардың» бұған дейін Азаттыққа сұқбат берген жақындары да «туыстарымыз алданып, біреулердің арбауына түсіп қалды» дескен. Олар Қазақстан билігінен туыстарын «аман-есен елге қайтаруды» сұрап, өтініш жазған.

«ЕЛГЕ ҚАЙТСА, ӘУЕЛІ СЕЗІКТІ БОЛАДЫ»

Адвокат Теңгебек Байымбетовтің сөзінше, Сириядағы «жиһадшылар» Қазақстанға оралған жағдайда міндетті түрде қамалады.

– Заң талаптары бойынша, олар Қазақстанға келген бетті қылмыстық істер жөніндегі кодекстің 138-бабының негізінде «сезікті» ретінде айып тағылғанша үш тәулікке ұсталады. Одан кейін тергеу амалдарын жасап, прокурорға жеткізеді. Прокуратура оларды қамауға алу-алмау жөнінде сотқа ұсыныс айтады. Сол кезде сот өз құзырына қарап, тағылған айыпқа байланысты заң талаптарына сай шешім қабылдайды, – дейді адвокат.

Теңгебек Байымбетовтің айтуынша, Сириядағы «жиһадшылар» Қазақстанға оралып, әуелі үш тәулікке қамалған кезде балалары туыстарына беріледі. Егер "Сирияға аттанған жиһадшылар". Олардың бірі Мақсат Аймаханов (суретте қызыл шеңбермен белгіленген адам) екені анықталды.

"Сирияға аттанған жиһадшылар". Олардың бірі Мақсат Аймаханов (суретте қызыл шеңбермен белгіленген адам) екені анықталды.

қарайласатын ешкімі болмаса, баланың әкесі қамауда қалып, шешесі қолхатпен босатылады.

Адвокат «Сирияда жүрміз» деген қазақстандықтардың ол жаққа қалай (өз еркімен әлде еріксіз) кеткені де әлі белгісіз екенін айтады.

– Олардың ісіне қандай да бір қылмыстық іс-әрекет бар ма, жоқ па – оны тергеу органдары анықтайды. Егер қылмыстары бары анықталып жатса, Қазақстанда оларға «террористік құрылымға қатысты» деп айып тағып, жазаға тартуы да мүмкін, – дейді адвокат Теңгебек Байымбетов.

«АМНИСТИЯ БОЛА МА, БОЛМАЙ МА?»

Қазақстан мұсылмандар одағының жетекшісі Мұрат Телібековтің пікірінше, «Сирияға кеткен қазақстандық «жиһадшылар» алданған, сондықтан оларға мемлекет кешіріммен қарап, елге қайтару керек».

– Сирияға кеткен Қазақстандық «жиһадшылардың» біразы кері қайтқысы келсе де, «мұнда бостандығымнан айырылуым немесе қудалануым мүмкін» деп "Сирияға барған жиһадшы қазақстандықтардың" балалары. Қызыл шеңбермен қоршалған баланың есімі - Дінмұхамед.

"Сирияға барған жиһадшы қазақстандықтардың" балалары. Қызыл шеңбермен қоршалған баланың есімі - Дінмұхамед.

қорқады. Бұл туралы олар осындағы туыстарына хабар беріп жатыр. Сондықтан Қазақстан билігі кеңпейілдік танытып, оларға кешіріммен қарап, амнистия жасауы керек. Сондай-ақ оларға отанында ешкім тиіспейтініне және қудаланбайтынына кепілдік беруі қажет, – дейді Мұрат Телібеков.

Ал құқық қорғаушы Андрей Гришиннің сөзінше, «қару асынып, соғысқа кеткендерге амнистия жасау үшін президент жарлығы керек».

– Қазақстаннан тыс жерде соғысқа қатысқан Қазақстан азаматтары жайлы біздің заңда айтылмаған. Сондықтан не заңға өзгеріс не толықтырулар енгізу керек, не президент тиісті жарлық шығарып шешім қабылдамаса, амнистия жасау мүмкін емес. Егер депутаттар қаласа, тиісті өзгеріс енгізу үшін үш-ақ күнде заң жобасын дайындап, мақұлдап жібере алады, – дейді құқық қорғаушы.

Бұған дейін Қазақстан парламенті депутаттарының бірі Сирияға кеткен азаматтарды «ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп» деп атаса, екіншісі «кішкентай "Сирияға аттанған Қазақстандық жиһадшылар".

"Сирияға аттанған Қазақстандық жиһадшылар".

балаларын соғыс аймағына алып барған оларды ата-аналық құқығынан айыру қажет» деп мәлімдеген.

Құқық қорғаушы Андрей Гришиннің сөзінше, «ата-аналық құқығынан айырудың өзінің талаптары бар, сондықтан бұл мәселе – депутаттардың емес, соттың құзырында».

Қазанның 15-і күні YouTube желісінде Toran Wahood есімді қолданушы «Сирияға қоныс аударған ондаған жиһадшы қазақстандық» туралы видео жариялаған еді. Қазақстанның ҰҚК-сі бұл видеоны «Сириядан тыс жерде де жасалуы мүмкін үгіт-насихат материалы» деп сипаттап, клиптегі азаматтардың кім екенін анықтап жатқанын хабарлаған. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі видеода көрсетілген адамдардың «Қазақстан азаматтары екенін растайтын не жоққа шығаратын мәлімет жоқ» екенін айтқан.

Азаттық видеоклипке түскен бірнеше қазақстандықтың кім екенін анықтаған. Олардың ішінде ақмолалық Аманжол Жансеңгіров, жезқазғандық Мақсат Аймаханов, жетісайлық ерлі-зайыпты Нұрлан Қаматаев пен Мәдина Мырзаханова есімді адамдардың Дінмұхаммед және Әбілқайыр есімді ұлдары да бар.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG