Accessibility links

Журналиске қатысты азаматтық іс уақытша тоқтатылды


Лұқпан Ахмедьяровтың мақаласына қатысты соттың бірінші күніне келген тараптар. Орал, 23 сәуір 2012 жыл. («Уральская неделя» сайтынан - uralskweek.kz алынған сурет)

Лұқпан Ахмедьяровтың мақаласына қатысты соттың бірінші күніне келген тараптар. Орал, 23 сәуір 2012 жыл. («Уральская неделя» сайтынан - uralskweek.kz алынған сурет)

«Уральская неделя» басылымында жарық көрген журналист Лұқпан Ахмедьяровтың «Брат, сват, блат» атты мақаласына орай Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастығы Тілекқабыл Имашев берген шағым бойынша басталған азаматтық іс уақытша тоқтатылды.

Азаттық тілшісіне азаматтық істің уақытша тоқтағанын сәуірдің 27-сі күні «Журналисткая инициатива» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің («Уральская неделя» басылымының құрылтайшысы) өкілі, құқық қорғаушы Павел Кочетков хабарлады.

ҮШ СҰРАҚ

Павел Кочетковтың айтуынша, бүгінгі сотта судья Шалқаров филологиялық сараптама жүргізу туралы анықтама қабылдап, сараптама нәтижесі дайын болғанша сотты тоқтату туралы шешім қабылдаған – сараптама сұрақтары да белгіленген.

– Негізгі сұрақтар мынадай болды: «Мақаладағы үш сөйлемнің жалпы бағыты және мағыналық мазмұны қандай?», «Мәтіндегі мәліметтерді кесімді тұжырым деп айта аламыз ба?», «Мәтіндегі мәліметтер Имашевтің ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіре ме?» Бұдан бөлек тағы үш сұрақ бар, – дейді Павел Кочетков түстен кейін Азаттық тілшісіне.

Журналист Лұқпан Ахмедьяровтың «жергілікті билік өкілдерінің туыстық қарым-қатынастары» жөнінде жазған мақалада Тілекқабыл Имашевке қатысты үш сөйлем Журналист Лұқпан Ахмедьяров баспасөз мәслихатында. Алматы, 14 желтоқсан 2009 жыл.

Журналист Лұқпан Ахмедьяров баспасөз мәслихатында. Алматы, 14 желтоқсан 2009 жыл.

​бар. Онда туыстық байланыстың арқасында «бұрынғы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, қазіргі облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Тілекқабыл Имашевтің карьералық тұрғыда өскені», оның «активінде» бұрынғы премьер-министр Иманғали Тасмағамбетов те бар» екені айтылған.

Құқық қорғаушы Павел Кочетков айтуынша, бүгінгі сот отырысына «редакция мақаланы терістеп, моральдық өтемақы ретінде бес миллион теңге төлеуін» талап еткен шағым иесі Тілекқабыл Имашев, Лұқпан Ахмедьяровты қолдауға келген азаматтық қоғам белсенділері, журналистер, партия өкілдері қатысқан. Олардың кейбірі сот залына сыймағандықтан сыртта күтіп тұрған.

«Журналисткая инициатива» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өкілінің айтуынша, бүгін ауруханада жатқан журналист Лұқпан Ахмедьяровқа осы сотқа шақырту қағазы тапсырылған.

«БАЙЛАНЫСТЫРМАЙМЫЗ, ЖОҚҚА ДА ШЫҒАРА АЛМАЙМЫЗ»

«Уральская неделя» басылымының тілшісі Лұқпан Ахмедьяров өткен аптада үйінің алдында ауыр соққыға жығылып, ауруханаға түскен еді. Операция жасаған Журналист Лұқпан Ахмедьяровты жедел жәрдем ауруханаға алып келді. Орал, 19 сәуір 2012 жыл.

Журналист Лұқпан Ахмедьяровты жедел жәрдем ауруханаға алып келді. Орал, 19 сәуір 2012 жыл.

дәрігерлер журналиске сегіз рет пышақ салынғанын, басына ауыр соққы тигенін, травматикалық қарудан жарақат алғанын айтқан.

Лұқпан Ахмедьяровқа жасалған қастандыққа байланысты қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлімі, 96-бабының 1-бөлімі (қасақана адам өлтіруге оқталу) бойынша іс қозғалды.

Бұл қылмыстық іс бойынша журналисті қорғаушы адвокат Абзал Құспановтың айтуынша, «қазіргі кезде журналисті соққыға жыққан екі күдікті туралы болжамдар жасалып жатыр».

– Екі қазақ азаматы күдікті ретінде ізденіліп жатыр. Олардың түрін ешкім көрмеген. Тек сөйлегенде таза қазақша сөйлеген. Соны Лұқпанның өзі естіген. Осыған байланысты фотороботтар жасалып, полиция қолына беріліп, іздестіріліп жатыр, – дейді Абзал Құспанов.

Адвокаттың айтуынша, жалпы палатаға ауыстырылған Лұқпан Ахмедьяров қазір есін толық жиған, палатасына қарулы күзет қойылған.

– Лұқпан Ахмедьяров бір күн бойы күзетсіз ауруханада жатыпты. Одан кейін прокуратураға оған күзет қою туралы мәселе көтердік. Қазір күзет қойылды. Күндіз Адвокат Абзал Құспанов.

Адвокат Абзал Құспанов.

бір автоматты жігіт тұрады, түнде екі автоматты жігіт тұрады, – дейді Абзал Құспанов.

«Әділ сөз» баспасөз бостандығын қорғау қоры «22 сәуірде есін жиған Лұқпан Ахмедьяровтан тергеушілер «Сізге қандай мақала үшін қастандық жасалуы мүмкін?» деп сұрағанда журналист сотқа себеп болған осы мақаласын айтты» деп жазған еді.

Адвокат Абзал Құспанов «ол кезде Лұқпан Ахмедьяров толық есін жимағандықтан сонда айтқан сөзін қазір теріске шығарып жатырмыз» дейді.

– Шын мәнінде нақты ол мақаламен байланыстыра алмаймыз. Бірақ жоққа да шығара алмаймыз, – дейді Абзал Құспанов.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG