Accessibility links

Рамазан Есіргепов бостандыққа шықты


«Мемлекеттік құпияны жариялады» деген айыппен үш жыл түрмеде отырған «Алма-Ата Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов қаңтардың 6-сы күні бостандыққа шықты.


Тараздағы жалпы тәртіптегі УЖД-158/2 қамау мекемесінен қаңтардың 6-сы күні таңертеңгі 8 сағат 55 минутте бостандыққа шыққан журналист Рамазан Есіргеповты түрме қақпасының алдында туыстары, әріптестері мен достары қарсы алды деп хабарлады сол жерден Азаттық радиосының тілшісі.

Олар түрмеден шығып Тараз қаласындағы саяси репрессия құрбандары ескерткішіне барып гүл шоқтарын қойып, Қазақстандағы барлық саяси-қуғын сүргін құрбандары мен өткен айда Жаңаөзендегі оқиға кезінде мерт болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

- Бұл - біздің барлығымыз үшін үлкен трагедия. Қару қолдануға бұйрық бергендер ғана емес, істің осылай белең алуына жол берген тұтас қоғам, оппозиция - барлығы да кінәлі, - деді Рамазан Есіргепов Жаңаөзен оқиғасы жайында Азаттық радиосына.

Бұдан соң Рамазан Есіргепов пен оны қарсы алғандар автокөлікпен Алматыға қарай жолға шықты.

Қазақстандық құқыққорғаушылар қаңтардың 5-і күні Рамазан Есіргепов қамауда жатқан Тараздағы түрменің алдына келіп, журналистің есімі жазылған қағаз ілінген шарларды әуеге ұшырып арнайы флэш-моб өткізген еді.

«Журналистер қауіп-қатерде» қоғамдық қорының президенті Розлана Таукина мен тәуелсіз журналист Андрей Свиридов Қазақстан билігі Рамазан Есіргеповты қамауда бір күн артық ұстады деп санайды.

Бірақ түрме әкімшілігі мен бас прокуратура сот үкімімен үш жыл мерзімге бас еркіндігінен айырылған Есіргепов дәл қаңтардың 6-сы, яғни тұтқындалған соң тура үш жыл өткенде босатылуы тиіс дегенді алға тартты.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері 2009 жылы қаңтардың 6-сы күні Алматыдағы кардиология институтында ем алып жатқан Рамазан Есіргеповті «мемлекеттік құпияны жариялады» деген айыппен тұтқындап, Тараздағы тергеу абақтысына апарып қамаған еді.

АЙЫПТАУ

2008 жылы Рамазан Есіргепов басшылық еткен «Алма-Ата Инфо» газетінде тараздық белгілі кәсіпкер Сұлтан Махмадовқа қатысты бірнеше мақала жарияланды. Махмадов өзінің бизнесін сол кездегі Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшылығы тартып алмақ болып бопсалау әрекеттеріне барды деп айтқан болатын.

Осынау даулы мәселеге қатысты «Алма-Ата Инфо» газетінде 2008 жылғы 2008 жылы қарашаның 21-і күні «Алма-Ата Инфо» газетінде шыққан мақала.

2008 жылы қарашаның 21-і күні «Алма-Ата Инфо» газетінде шыққан мақала.

қарашаның 21-індегі санында «Біздің мемлекетті кім басқарады – президент пе, әлде ҰҚК ме?» («Кто управляет нашей страной – президент или КНБ?») деген тақырыппен жарық көрген мақалада «құпия» және «жеке мақсатта» деген белгісі бар екі құжат – ҰҚК орталық кеңсесі мен облыстық департаменті арасындағы қатынас хаттар жарияланды.

Бұл құжаттардағы әңгіменің төркіні мынаған саяды: Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың аймаққа сапары кезінде «өзінің досы» Махмадовпен кездеспеуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасау, өйткені кәсіпкер комитет қызметкерлерінің үстінен шағым айтуы мүмкін. Сонымен бірге мақалада Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаментінің іс-әрекеттері туралы сын айтылды.

Осыдан кейін ұлттық қауіпсіздік комитеті «мемлекеттік құпияны жария ету» деген айып бойынша қылмыстық іс қозғады. Рамазан Есіргепов, Сұлтан Махмадов пен оған жақын тағы бірнеше адам, солармен бірге ҰҚК департаментінің аты-жөні аталмаған әлдебір қызметкері айыпкер ретінде жауапқа тартылды. 2009 жылы жазда Тараз қаласында өткен жабық сот журналист Рамазан Есіргеповты айыпты деп тауып, үш жыл мерзімге түрмеге қамауға үкім шығарды.

ҚАПАСТАҒЫ ҮШ ЖЫЛ

Қазақстандық және халықаралық құқыққорғаушы ұйымдар Рамазан Есіргеповке шығарылған үкімге наразылық білдіріп, Қазақстан билігі журналисті кәсіби қызметіне бола жазықсыз түрмеге қамады деген ұстанымда болды. Баспасөзді қорғау ұйымдары Рамазан Есіргеповті соттауға себеп болған «Алма-Ата Инфо» Журналист Рамазан Есіргепов қалалық соттың үкімі шыққан күні. Тараз, 8 тамыз, 2009 жыл.

Журналист Рамазан Есіргепов қалалық соттың үкімі шыққан күні. Тараз, 8 тамыз, 2009 жыл.

газетінде жариялаған мәліметтердің мемлекеттік құпия қатарына кірмейтінін және оның құпиялануы заңды емес екеніне дәлелдер келтірді.

Рамазан Есіргеповтың Тараз қалалық сотының үкіміне келіспей облыстық сотқа берген шағымы да, сот үкімі бойынша жарты мерзімін өтеген соң түрмеден қоныстану колониясына ауыстыруды, ал кейін шартты түрде бостандыққа шығаруды сұраған өтініштері де қанағаттандырылған жоқ. Сол сияқты, оның ісін қайта қараудан Жоғарғы сот та бас тартты.

2010 жылы шілде айында Рамазан Есіргепов Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына мүше 55 елдің атына Қазақстанда адам құқығы бұзылып отырғаны туралы саяси мәлімдеме жасап, Тараз түрмесінде аштық жариялады.

Әріптестері мен жақтастары түрмедегі журналиске қолдау білдіріу шараларын Рамазан Есіргепов негізін қалап, жетекшілік еткен «Алма-Ата Инфо» тәуелсіз газеті.

Рамазан Есіргепов негізін қалап, жетекшілік еткен «Алма-Ата Инфо» тәуелсіз газеті.

өткізгені үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Былтыр Тараздағы түрме әкімшілігі сонда жазасын өтеп жатқан Рамазан Есіргеповке сырқат анасымен кездесуге барып қайтуға рұқсат беріп, ол қыркүйектің 19-ынан 26-сына дейін қысқа мерзімді демалысқа Алматыға келіп қайтқан еді.

Ал Рамазан Есіргепов 2004 жылы қарашада негізін қалап, өзі жетекшілік еткен «Алма-Ата Инфо» газеті бас редакторы түрмеге қамалғаннан кейін де «ар-намысқа тиген» деген шағымдар негізінде бірнеше рет сотқа тартылды. Былтыр ақпан айының соңында газет редакциясы Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігінен басылымның ресми тіркеуі жойылғаны туралы хат алғанын хабарлаған еді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG