Accessibility links

«2010 жыл – түрмеде отырған журналистердің көптігімен есте қалған жыл»


Шаңырақ оқиғасына байланысты сотталған публицист Арон Атабек. Алматы, қазан, 2007 жыл.

Шаңырақ оқиғасына байланысты сотталған публицист Арон Атабек. Алматы, қазан, 2007 жыл.

«Журналистер қауіп-қатерде» қоғамдық қоры Қазақстанда ақпарат құралдарына қысым көрсету жылдан-жылға күшейіп, журналист қызметі қауіпті болып бара жатқандығын айтады.


«Былтыры түрмеге қамалған бірде-бір журналист бостандыққа шақпады, ең болмаса жеңілдік алған жоқ» деген қор өкілдері журналистердің есімдері жазылған әуе шарларын ұшырды.

«Журналистер қауіп-қатерде» қоғамдық ұйымының президенті Розлана Таукинаның сөзінше, өткен жыл – түрмеде отырған журналистер санының көптігімен есте қалған.

«ОТЫЗДАН АСА ЖУРНАЛИСТ СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫЛДЫ»

– Халықаралық «Шекарасыз репортерлер» ұйымының жыл сайынғы баяндамасында дәл осы жайт Қазақтанның 20 сатыға төмендеуіне негіз болды. Бұдан бөлек, өткен жылы 30-дан аса журналист соққыға жығылып, 40-қа жуығына айыппұл салынған. Осы жайттардың барлығы халықаралық ұйым жарияланған «Баспасөз барометрінде» Қазақстан сөз бостандығына қысым жасалынатын ел ретінде аталуына негіз болды, – дейді Розлана Таукина.

Таукина «өткен жылы «Свобода слова» газетіндегі жарияланған «Ажал эскадроны» мақаласының арқасында биыл ІІМ 2000 жылы негізсіз айыпталған журналист Дувановтың
«Журналистер қауіп-қатерде» қоғамдық ұйымының президенті Розлана Таукина. Алматы, 11 қаңтар 2011 жыл.
ісін қайта қарауға мәжбүр болғанын» да айтты.

– Газетте қазақ арнайы қызмет орындарымен қоян-қолтық жұмыс істеген адам – Василий Кузиннің «ажал эскадроны» туралы айтқан әңгімесі жарияланды. Василий Кузин онда нақты оқиғалар туралы деректер келтіріп, оған қатысқан адамдардың аты-жөндерін атаған. Кузин ІІМ жазалаушы тобы барын және оған өзінің қатысы болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, осы топ оппозициялық журналист Сергей Дувановқа қарсы арнайы операция ұйымдастырған, – дейді Розлана Таукина.

РАМАЗАН ЕСІРГЕПОВТІҢ СОТЫ

Осыдан екі жыл бұрын, қаңтардың 6-сы күні тәуелсіз журналист Рамазан Есіргепов Алматыдағы кардиологиялық орталықта емделіп жатқан жерінен тұтқынға алынған еді. «Алма-Ата инфо» басылымының бас редакторы ҰҚК қызметкерлері ұстап әкеткен.

– Содан бері төрт айға созылған сот процессі өтті. Оның бәрі де заңсыздыққа толы болды. Алайда журналисті үш жылға бас бостандығынан айырды, оған қоса екі жыл журналистік
«Журналистер қауіп-қатерде» қоғамдық қорының сарапшысы Андрей Свиридов. Алматы, 11 қаңтар 2011 жыл.
және баспа жұмысымен айналысуына тыйым салынды, – дейді «Журналистер қауіп-қатерде» қоғамдық қорының сарапшысы Андрей Свиридов.

Естеріңізде болса, Есіргеповтің 2008 жылы 21 қараша күні «Алма-Ата инфо» апталық газетінде жарияланған «Елді кім басқарады: президент пе, әлде ҰҚК ме?» деп аталатын мақаласы өзіне қарсы қылмыстық істің қозғалуына себеп болған.

Даулы мақалада ҰҚК төрағасы Амангелді Шабдарбаевқа Жамбыл облыстық департаментінің бастығы жолдаған қызметтік хат жарияланған. «Құпия» деген белгісі бар бұл хатта «Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарсы «салық төлеуден жалтарған» деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалғаны жазылған. Оған қоса осы серіктестіктің құрылтайшысы – кәсіпкер Сұлтан Махмадов Қазақстан президентінің Жамбыл облысына сапары кезінде Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеспек болып жүргені баяндалған.

Елдегі баспасөзді қорғаушы ұйымдар мен оппозициялық күштер «билік орындары журналист Рамазан Есіргеповті кәсіби қызметіне бола қуғынға ұшыратты» деп санайды.

«ЖУРНАЛИСТ МАМАНДЫҒЫ ҚАУІПТІ БОЛЫП БАРА ЖАТЫР»

«Журналистер қауіп-қатерде» қоры сотталған журналист жалғыз Рамазан Есіргепов қана емес екендігін еске салады.

Абақтыда отырғандардың арасында «Закон и провосудие» газетінің редакторы, 3 жылға сотталған Тоқберген Әбиев, 16 жылға бас бостандығынан айырылған публицист Арон Атабек және «Время» басылымының тілшісі, 4 жылға сотталған Тоқнияз Күшіков те бар.
«Алма-Ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргеповті үкім шығатын күні сотқа әкелген сәт. Тараз, 8 тамыз 2009 жыл.

Қор тізімінде өткен жылы қазан айында бостандыққа шыққан, Батыс Қазақстан облысының әкімінің бұрынғы кеңесшісі, жазушы Алпамыс Бектұрғанов та бар.

Батыс Қазақстандық жазушы 2009 жылдың тамыз айында «әкім Бақтықожа Ізмұхамбетовке жала жапты» деген айыппен бір жылға сотталған. Кейін Бектұрғановқа «кітаптарын облыс кітапханаларына сатуда құзырын асыра пайдаланды» деген айыппен тағы үш жылдық түрме жазасы кесілген.

Алпамыс Бектұрғанов Орал сотының 30 қыркүйектегі шешімі бойынша «үлгілі тәртібі үшін» кесімді жазасын мерзімінен бұрын өтеп, шартты түрде бостандыққа шыққанын Азаттық хабарлаған болатын.

2009 жылы қыркүйекте Шымкент қаласының әкімін сынаған Камалатдин Дулатов бір жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылды.

2009 жылы Шымкент қаласының әкімін сынағаны үшін Мұхтар Мұхамбетжан бір жарым жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Мамандар бұл азаматтардың кәсіби қызметттері үшін жазаланғандығын айтады. Қор жетекшісі Розлана Таукинаның айтуынша, 2010 жылдың қорытындысы бойынша, елде журналистерді сотқа берушілер саны өскен.

Тек өткен жылы ғана мұндай шағымдардың саны 50-ден асқан. Сол шағымдар бойынша қылмыстық істер қозғалып, редакцияларға ондаған миллион теңге көлемінде айыппұлдар салынған.

«Журналистер қауіп-қатерде» қоры елдегі сөз бостандығы тағдырына, журналист мамандығының қауіпті болып бара жатқанына алаңдайтынын мәлімдеді.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG