Accessibility links

«Алқабилер сотының артықшылығы да, кемшіліктері де бар» дейді заңгерлер


Сот отырысындағы алқабилер. Атырау, 21 сәуір 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Сот отырысындағы алқабилер. Атырау, 21 сәуір 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстандағы заңгерлердің бірі «алқабилер үкім шығаратын сот жүйесін енгізу – үлкен демократиялық қадам» деп есептесе, кейбірі «қазіргі құқықтық-сот жүйесі елді құрдымға жетелейді, сол себепті оған билер сотының элементтерін қосу керек» дейді.


Қазақстан 2007 жылы қаңтардың 1-інде алқабилер сотының аралас моделін – екі судья мен тоғыз алқаби қатысатын түрін таңдап алып, «Алқабилер соты туралы» дербес заң қабылдады.

Алқабилердің қатысуымен қылмыстық іс қаралған тұңғыш сот 2007 жылдың ақпанында Солтүстік Қазақстан облысында өтті.

«Бірақ алқабилер сотының бес жылдық тәжірибесі оның артықшылықтарымен бірге бірқатар кемшілігін де аңғартты» дейді заңгерлер.

«АЛҚАБИЛЕРГЕ ЫҚПАЛ ЕТЕ АЛАДЫ»

Адвокат Абзал Құспановтың айтуынша, «алқабилердің тәуелсіздігі, бейтараптығы заңда толық қамтамасыз етілді деп айтуға болмайды».
Абзал Құспанов, адвокат, Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының мүшесі. Орал, 29 қараша, 2011 жыл.

Абзал Құспанов, адвокат, Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының мүшесі. Орал, 29 қараша, 2011 жыл.


- Іс жүзінде сотқа қатысатын алқабилер психологиялық тұрғыдан сот төрағасына жұмыс беруші деп қарайды, - дейді Абзал Құспанов.

Оның ойынша, алқабилер сотын енгізудің басты мақсаты - тәуелсіз үкім шығару. «Бірақ Қазақстан таңдап алған алқабилер сотының моделі сотқа төрағалық етуші судьяның алқабилерге ықпал ете алатын, оларды айыптайтын үкім шығаруға көндіре алатын мүмкіндік береді» дейді ол.

«АЛҚАБИЛЕРГЕ ЕШКІМ ЫҚПАЛ ЕТЕ АЛМАЙДЫ»

Қазақстан Жоғарғы сотының судьясы, алқабилер сотын құру жөніндегі концепцияны жасауға қатысқан Әділ Құрықбаев «сотқа төрағалық етуші судья алқабилерге ықпал ете алады» деген пікірмен келіспейді.

- Қазірге дейін қаралған істердің ішінен 91 кісіге ақтау үкімінің шығуы оған дәлел болатын шығар деп ойлаймын. Сотқа төрағалық етуші судьяның алқабиге ықпал ете алмайтыны қолданыстағы заңда көрсетілген, – Қазақстанның жоғарғы соты. Астана, 27 қазан 2011 жыл.

Қазақстанның жоғарғы соты. Астана, 27 қазан 2011 жыл.

дейді Әділ Құрықбаев.

Себебі, судьяның айтуынша, «алқабилер кеңесі бөлмесінде сотқа төрағалық етуші судья бірге отырғанымен, алқабилер үкім шығарарда жасырын дауыс береді . Ал жасырын дауыс берушіге төрағаның ықпал етуі мүмкін емес».

– Төрағалық етуші судьяның ықпал еткені туралы дерек көп емес, бір-екі жайтты естігенбіз. Алқабилерге ықпал ету немесе қысым жасау туралы хабарлар бізге жетіп жатқан жоқ, – дейді Әділ Құрықбаев.

ҮКІМ ШЫҒАРУШЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Абзал Құспановтың ойынша, алқабилер соты «ұзаққа созылатын, өте күрделі, бірнеше қылмыстық эпизодтан тұратын қылмыстық істерді қарайтын сот процестерінде өзінің аса тиімсіз екенін байқатты».

- Үш жарым айға созылған бір сотта алқабилердің кейбірі «бала-шаға қараусыз қалды», «қонақ келетін, қонаққа баратын жағдайларымыз бар еді», «сот тым созылып кетті, осылай болатынын білгенде біз қатыспаушы едік» деп арызданды, – дейді Абзал Құспанов.

Оның айтуынша, «алқабилер туралы заңда олардың жауапкершілігі қарастырылмаған. Мәселен, судья заңсыз үкім қабылдағаны үшін жауапты. Ал алқабилердің ішінде сатылып кеткені болса, заңсыз үкім шығарғаны үшін ол жауап бермейді».

Қазақстан жоғарғы соты қылмыстық істер алқасының бұрынғы төрағасы Өтеген Ықсановтың ойынша, «өте күрделі және үш-төрт айдай ұзаққа созылатын сот процестеріне алқабилердің шыдамайтыны рас».

«Алқабилер қатысқан соттардың барлығын да әділ болады деп айта алмаймын» деген Өтеген Ықсанов Қазақстанның сот жүйесіне алқабилер сотының енуін «бір үлкен демократиялық өзгеріс» деп атады. Оның пікірінше, алқабилер соты халықтың сот билігіне деген сенімін арттырады. Алқабилер соты туралы қазіргі заң, Ықсановтың айтуынша, сот билігінің әділ болуын қамтамасыз етеді.
Айыпталушы тараптың адвокаттары сот үкімін тыңдап тұр. Ақтөбе, 14 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Айыпталушы тараптың адвокаттары сот үкімін тыңдап тұр. Ақтөбе, 14 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)


Парламент мәжілісінің заң және сот-құқық саласындағы реформа бойынша комитетінің мүшесі Рамазан Сәрпековтің сөзіне қарағанда, «сотталушылар арасында алқабилер сотына деген сенім арта түскен».

- Өткен бес жылдың ішінде, алғашқы кезде сотталушылардың 30 шақтысы ғана алқабилер сотын қалаған болса, 2011 жылы өз істерін алқабилер сотында қаралуына сенім білдіргендер 400-дей болған. Кез-келген жаңа істің артық-кемшілігін, әділ төрелігін тәжірибе мен уақыт қана айта алады. Бес жыл ішінде сот төрелігін жүзеге асыруға халық өкілдері - алқабилерді енгізіп, оларға деген адамдардың сенімінің арта түскенін назарға алуымыз керек, – дейді мәжіліс депутаты Рамазан Сәрпеков.

«БИ МЕН СУДЬЯНЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ»

Ал адвокат Абзал Құспанов «алқабилер сотын былай қойып, Қазақстанның қазіргі қолданыстағы жалпы құқықтық-сот жүйесінің болашағы жоқ» дейді.

Адвокат елдің сот жүйесіне қазақтың ежелгі билер сотының элементтерін міндетті түрде енгізуді ұсынады.

- Билер соты кезінде екі дауласушы жақ өзі тұратын қала, аудан не облыстың сотына байланып қалмай, өздері жөн деп тапқан, көңілдері тоқтаған биге бара алатын. Ал би «сендер өз ықтиярларыңмен менің әділдігіме сеніп келдіңбер ме?» деген сауалына «иә» деген жауап алған соң ғана, істі қарауға кіріседі. Бұл билер сотының бірінші артықшылығы – дауласушының би мен билікті [судья мен сотты] таңдау құқы, – дейді заңгер.
Ескідегі билер сотының бірінші артықшылығы – дауласушының би мен билікті [судья мен сотты] таңдау құқы

Оның ойынша, «нашар биге халық тарапынан, қазіргі тілмен айтқанда, сұраныс болмай қалады. Ал қазір судья тағайындалады. Халықтың пікірінде оның шаруасы жоқ».

- Билер сотының қазіргі соттан басты айырмашылы – билер қылмыстың себептерімен күресті, ал қазір салдарымен күреседі, – дейді Абзал Құспанов.

Азаттық радиосының алқабилер туралы дөңгелек үстелінің толық нұсқасын мына жерден тыңдай аласыз:

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG