Accessibility links

«Халифат сарбаздары» енді Назарбаевқа доқ көрсетуге кірісті


Полицейлер теракт болған маңдағы көлікті тексеріп жатыр. Тараз, 12 қараша 2011 жыл.

Полицейлер теракт болған маңдағы көлікті тексеріп жатыр. Тараз, 12 қараша 2011 жыл.

«Джунд аль-Халифат» («Халифат сарбаздары») исламшыл тобы интернетте Қазақстанға және Нұрсұлтан Назарбаев билігіне доқ көрсеткен жаңа мәлімдемесін жариялады. Топ Назарбаевтың Тараздағы терактіге орай айтқан сөзіне де пікір білдірген.


Өткен сенбі күні, қарашаның 12-сінде Таразда болған терактілік шабуылдың жауапкершілігін «Халифат сарбаздары» тобы өз мойнына алғанын «Дойче пресс» агенттігі жексенбі күні хабарлаған еді. Бірақ ол ақпарат Қазақстанда елеусіз қалды.

Қазақстандық Tengrinews агенттігінің 15 қарашада хабарлауынша, Тараздағы шабуыл «жалғыз адамның не істей алатынын» көрсетті дейді «Халифат сарбаздары» тобы. Тараздағы терактіде «жихадшылар жолын ұстанған» М.Қариевтің өзін қосқанда 8 адам қаза болған.

«Халифат сарбаздары» Қазақстанның қазан айында қабылданған дін туралы заңына тағы да қарсы шықты. Олар «мұсылмандарды тұтқындауды» сынап, Қазақстанды «саяси және тарихи санасы жоқ» деп айыптайды. Бұл – осы исламшыл топтың үшінші мәлімдемесі.

Топ жаңа мәлімдемесінде тіпті Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзіне доқ көрсетуге кіріскен. SITE зерттеу ұйымы веб-сайтының хабарлауынша, «Халифат сарбаздары» президенттің Тараздағы Атыста оққа ұшқан адам. Тараз, 12 қараша 2011 жыл.

Атыста оққа ұшқан адам. Тараз, 12 қараша 2011 жыл.

террорлық шабуылға байланысты сөзін сынап, «Назарбаевтың халық атынан сөйлеуге хақы жоқ» деп мәлімдеген. Топ Қазақстанның діни қызмет туралы заңынан бас тартуын тағы да талап етіп, қорқытады.

Қазақстанда мамыр айынан бері бірнеше жарылыс болып, ондаған адам көз жұмды. Президент Назарбаев қарашаның 14-і күні осы оқиғаларға орай мәлімдеме жасап, терактіге айыптыларды жазалауға уәде еткен.

– Қазақстанға қарсы жасалған терроризмнің кез-келген түрімен күресуге мемлекеттің мүмкіндігі де, күші де, кәсіби қарымы да, шамасы да жетеді. Қазақстандықтарды сақ болуға шақырамын. Мұндай оқиғаны байқасаңыздар, бірден тиісті құқық қорғау орындарына хабарлаңыздар. Бұл оқиғаны анықтап, барлық бағыттағы істі күшейтеміз, – деген еді Қазақстан президенті.

Тараздағы оқиғадан бұрын, қазанның 31-інде Атырауда екі жарылыс болып, бір адам қаза тапты. Бұл терактінің жауапкершілігін де «Халифат сарбаздары» тобы өз мойнына алған болатын.

Бұл топ Қазақстанға алғаш рет қазанның 24-інде доқ көрсетіп, діни қызмет туралы заңнан бас тартуға шақырған.

Қазақстан билігі осымен екінші рет мұндай оқиғаға тап болып отыр. Бұған дейін қазақстандық офицерлер Ауғанстандағы халықаралық қарулы күштерге көмектесу мүмкін дегенде исламшылдар осылай қорқытқан еді.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG