Accessibility links

Завод тоқтаған соң жүздеген адам жұмыссыз қалды


Ақтау кентінің тұрғыны Мүсейін Мандат. Қарағанды облысы, 14 ақпан 2012 жыл.
Ақтау кентінің тұрғыны Мүсейін Мандат. Қарағанды облысы, 14 ақпан 2012 жыл.

Қарағанды облысы Ақтау кентінің тұрғындары «кәсіпорындар жабылып қалып, жұмыс орындары азайды» деп шағымданады. Билік олардың біразына Теміртау қаласынан жұмыс тауып берді, бірақ ақтаулықтар жалақыларына разы емес.


Ақтау – Қарағанды мен Теміртау қалаларының іргесінде орналасқан кент. Кент тұрғындарының айтуынша, «кәсіпорындар бірінен соң бірі жабылып қалып, жұрт жұмыссыз қалып жатыр».

АСБЕСТ-ЦЕМЕНТ ЗАВОДЫНА ТӨНГЕН ҚАУІП

– Шифер зауыты істеп тұр, ұсақ тас зауыты тоқтап қалды, цемент зауытында еңбекақы мардымсыз. Мен бұл жерден жуықта кетемін Ресейге. Мұнда тұрған қиын. Айтарлықтай жұмыс жоқ, әсіресе әйелдерге. Ал жастарды айтпасақ та болады, – дейді Ақтау кентінің Татьяна есімді тұрғыны.

– Жалдайтын ұйымдар бізді қысқартады деген қауіп төніп тұр. Өткендегі есеп берілген кездесуде бір мекеменің 70 адамды қысқартатынын естідім, – дейді өзге бір әйел.

Ақтаулықтардың сөзінше, асбест-цемент өнімдерін шығаратын Қарағанды заводының мәселесі ерекше шиеленісіп тұр, Мекеме жүздеген адамды жұмыстан шығарған. Осы кентте істеп тұрғанына 50 жылдай болған бұл завод қиындыққа екі жыл бұрын-ақ душар болған. Сол кездің өзінде-ақ жұмысшылардың жалақыларын кешіктіріп төлей бастаған, соңыра тіпті ақысыз демалысқа жіберуді шығарған дейді ауыл жұрты.

- Былтыр Қазақстан президенті сайлауының алдында асбест-цемент зауытының
Қарағанды асбест-цемент өнімдері заводының аумағы. Қарағанды облысы, Ақтау кенті. 7 сәуір 2011 жыл.
Қарағанды асбест-цемент өнімдері заводының аумағы. Қарағанды облысы, Ақтау кенті. 7 сәуір 2011 жыл.
жұмысшылары митинг өткізген. Сөйтіп сол кезде кәсіпорын жетекшілігі оларға еңбекақы бойынша борыш есебінен бес мың теңгеден төлеп шықты, - дейді тұрғындар.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, завод бұрын бар қарқынымен жұмыс істеп тұрған, өнімді көп шығаратын, жұмысшылар таңнан кешке дейін еңбек ететін. Бірақ кейін көбін ақысыз демалысқа жібере бастаған. Кейбір жұмысшылар «мемлекеттің қолдауы болмаса, кәсіпорын аман қалмайды» деген қауіп айтты.

Сол кезде «қадағалаушы органдар аталмыш заводқа борышты мәжбүрлеп өндіріп алуға қатысты жарлықты әлденеше рет берді» деп мәлімдеді Қарағанды облысының прокуратурасы. Соған қарағанда, жұмысшылар еңбекақы бойынша қарыздардың бір бөлігін алған сияқты.

ЖҰМЫСШЫНЫҢ АЛА АЛМАҒАН АҚЫСЫ

1973 жылдан бастап осы заводта қызмет істеген Вера Михайлова 2011 жылы жұмысшыларға тек бес айға ғана ақы төленгенін, ал қалған жеті айдың еңбекақысын сол күйі бермей, биыл да төлемей қойғанын айтты.

– Жалақы төлемеді, адамдар болса бұрынғыдай жұмысқа барып жүрді. Бәрі «ақшаны әйтеуір бір төлер» деп үміттенді. Жұмыс беруші «Шыдаңдар, ақша жоқ» деумен болды. Біз ақшамызды талап ете бастадық. Одан кейін ғана айлықты бір ай бұрын берді. Содан соң бірде сәл көбірек, бірде сәл кемірек айлық (оның өзін тек
Иесіз үйлер. Қарағанды облысы, Ақтау кенті. 14 ақпан 2012 жыл.
Иесіз үйлер. Қарағанды облысы, Ақтау кенті. 14 ақпан 2012 жыл.
бес ай үшін ғана) беріп тұрды, бірақ толық берген емес. Завод тоқтап тұр, ол жерде қазір бірнеше адам кезектесіп, тек қана құбыр мен шифер жасайтын цехтарды күзетіп жатыр. Оларға бір ауысым үшін 500 теңгеден төлейтін сияқты, ал металды цехтардан тасып әкетіп жатыр. Заводты бөлшектеп талап жатыр. Қазір жұмысшылар мүлдем кетіп қалған. Бірнеше ай бойы өндіріс тоқтап тұр. Бізге ақы төлеуді қойғанда, ашу шақырып, ақша талап ете бастадым. Цехтың көбі мені қолдады. «Ақша төлемесе, жұмыс істемеймін» дедім де, үйге кетіп қалдым. Содан бірнеше күннен соң заводты мүлдем тоқтатып тастады, себебі адамдар жұмысқа баруды қойған. Мұның бәрі қаңтарда басталған болатын, – дейді ол.

Вера Михайлова құбыр жасайтын цехта дайындау бөлімінің операторы болып жұмыс істеген. Үш жылға жуық, зейнеткер бола тұра, үй ішін асырау үшін заводта еңбек етуге мәжбүр болған. Ол шамамен 20 мың теңге алып тұрған екен. Кейбір жұмыскер әйелдер, оның айтуынша, айына шамамен 15 мың теңге алатын. Ер адамдар көбірек табыс тапқан.

Вера Михайлованың күйеуі де құбыр жасайтын цехта жұмыс істеп жүріп, тура өзі сияқты жұмыссыз қалған:

– Маған жүз мың теңгеден астам, ал күйеуіме үш жүз мың ақша қарыз болып қалды. Оған қоса кәсіподақ төлемдері мен зейнетақыларды қожайындар қалталарына басты. Ақша аудармады. Бірақ біз «заводты күндердің күнінде қайта ашады» деп бәрібір күтіп жүрміз, осы үмітпен өмір сүреміз. Көбіміз қазір үйде отырмыз, себебі бұл кентте басқа жұмыс жоқ. Бірақ қаладан да жұмыс табу оңай
Қарағанды асбест-цемент өнімдері заводының қақпасы. Қарағанды облысы, Ақтау кенті. 7 сәуір 2011 жыл.
Қарағанды асбест-цемент өнімдері заводының қақпасы. Қарағанды облысы, Ақтау кенті. 7 сәуір 2011 жыл.
емес. Кездейсоқ табыспен күн көріп жатқандар бар. Біз бірде Теміртау әкіміне жұмыс жөнінде сұрақ қойған едік, ол «жұмыс істегісі келетіндер Теміртаудан жұмыс тауып, мысалы қаланы көркейтумен айналыса алады» деді. Бірақ ол жерде жартымсыз тиын-тебен төлейді ғой - жүрген жолың мен түскі тамағыңның өзіне көп кетеді. Көше сыпыру үшін барып жүру керек пе сонда? Өйтіп жүру болмас. Қазір заводта бірде-бір жетекші жоқ. Мен кейде заводты бір көріп келуге барып қайтамын - ол жерде істің «жақсы» жүріп жатқанын, талан-таражға салып жатқанын көріп тұрамын.

Асбест-цемент өнімдерін шығаратын Қарағанды заводының тағы бір жұмысшы әйелі, Ақтау кентінде 1995 жылдан бері тұрып келе жатқан Мүсейін Мандат еңбекақы алмағанына төрт айдан астам уақыт болғанын айтты. Ол заводқа 2007 жылы орналасқан екен. Құбыр жасайтын цехта төсеуші болып істеген. Өз айтуынша, «жұмыс ауыр, 12 сағат істейсің, екі аяққа тыным жоқ».
Күйеуім ғана жұмыс істеп, 40 мың теңге табады. Төрт баламыз, оған қоса несиеміз бар.

– Төрт ай үшін маған 96 мың теңге қарыз болып қалды. Алдын-ала ақша төлемейді. Енді не істерімді де білмеймін. Әкімшілікке барған да жоқпын, себебі олар көмектеспейтінін білемін. Күйеуім ғана жұмыс істеп, 40 мың теңге табады. Төрт баламыз, оған қоса несиеміз бар. Бұл кентте басқа жұмыс жоқ. Үйімде нан да бола бермейді. Мен алғаш рет жұмыссыз қалдым. Реніштен жылағым келеді. Өндірісіміз тоқтап тұр. Барлық жұмысшыларды үйді-үйіне таратып жіберген, – дейді Мүсейін Мандат.

Асбест-цемент өнімдерін шығаратын Қарағанды заводының басшыларына хабарласудың сәті түспеді. Бірақ заводтың бас директоры Оспан Мұхтаров бұдан бұрынғы сұқбатында:

– 2009 жылы-ақ құрылтайшылар өндірісті жаңарту үшін қомақты несие алып, бірақ мұнда қоюға лайық қажетті тетіктерді таппады. Сөйтіп ол несие босқа қалып, өндіріс жаңартылмады. Ал келісім-шарттар алдын-ала жасалып қойған. Әңгіме содан басталды. Құбыр алушылар ақша талап етіп, өсімін, айыппұлын сұрады, шикізатты алмай қойды. Банкке де пайыздық үстемелерін өтеу керек. Бір жыл ішінде өсіп кеткені сонша, жаңа желіні де ашпады, қарыз да жиналып қалды, - деген еді.

БИЛІКТІҢ УӘДЕСІ

Ақтау кенті мен Теміртау қаласының басшылығы асбест-цемент өнімдерін шығаратын Қарағанды заводын іске қосу мақсатында шара қолданып жатқандарын хабарлады. Теміртау қаласының әкімі Нұркен Сұлтанов Қарағанды асбест-цемент бұйымдары заводы бойынша мәселені «өздерінің бақылып отырғандарын» айтады:

– Менде ол кәсіпорында жұмыс істеген барлық адамның тізімі бар. Аты-жөнін атасаңыз болды, мен тура Теміртау қаласынан жұмыс тауып бере аламын. Ұсыныстарды қабылдайсыз ба, жоқ па еңбекақысы көңіліңізден шыға ма, жоқ па –
Тұрғын үйлерді жылытатын пештің күлі. Қарағанды облысы, Ақтау кенті. 14 ақпан 2012 жыл.
Тұрғын үйлерді жылытатын пештің күлі. Қарағанды облысы, Ақтау кенті. 14 ақпан 2012 жыл.
соны айтуыңыз керек. Адамдардың біразын жұмыспен қамтыдық, әлі 150 адам тізімде тұр. «Қарағанды асбест-цемент бұйымдары заводы» акционерлік қоғамының босатылған жұмыскерлерін жұмысқа орналастыру үшін қаланың жеті кәсіпорнының жетекшілерімен келіссөздер жүргізіліп, 60 жұмысшыны жұмысқа орналастыруға келістік. Қазір ол өндірісті іске қосу үшін инвестор іздеп жатырмыз. Заңдық мәселелерді шешу керек. Ең бастысы, осы кәсіпорынның талауға ұшырамағаны керек. Мен қазір ондай жайттардың барын білемін. Ол компанияның өкілі - «Ресей жинақ банкі» сол жерге күзет қойсын деп ақылдасып жатырмыз.

Әкімнің айтуына қарағанда, Ақтау кенті бойынша 2011 жылы жұмысқа орналастыру мәселелеріне қатысты өтініш айтқан жұмыссыздар 218 адам болған. Оның 181-і жұмысқа орналастырылып, қоғамдық жұмыстарға – 137, қайта оқып шығуға – 12, жастар практикасына – 4, әлеуметтік қызмет орындарына 1 адам жолданған.

Былтыр басталған «Жұмыспен қамту–2020» бағдарламасы бойынша қайта оқып шығуға және біліктілігін арттыруға 10 адам аттанған, алты адам жұмысқа кірген.

Жуықта Теміртау қаласы сәулет және құрылыс бөлімінің бастығы Гүлмира
Теміртау қаласы сәулет және құрылыс бөлімінің бастығы Гүлмира Күсенова. Қарағанды облысы, 2011 жылдың сәуірі.
Теміртау қаласы сәулет және құрылыс бөлімінің бастығы Гүлмира Күсенова. Қарағанды облысы, 2011 жылдың сәуірі.
Күсенова қалпына келтірілген тұрғын үйді бөліп беру жөнінде журналистерге берген сұқбаты кезінде «қалпына келтірілген пәтерлерді кезекте тұрған теміртаулықтар ғана емес, Ақтау кентінің тұрғындары да алады» деп хабарлады.

Шенеуніктің сөзіне қарағанда, Ақтау кентіндегі шифер шығаратын заводтың жабылуы кесірінен 106 әулет жұмыссыз, баспанасыз қалған, Теміртау қаласының әкімі «кент тұрғындарының бір бөлігі Теміртауға көшірілсін» деп Қарағанды облысының әкіміне барған.

– «Жұмыспен қамту–2020» бағдарламасы бойынша жақын арада осы үйлерді көшіруге қатысты мәселені шешеміз. Қоныс аударғандарға 4 «А» кварталындағы үйден, 71-кварталдағы және ішінара Шоқан Уәлиханов көшесіндегі үйден пәтер берілетін шығар. Оған қоса осы әлеуметтік бағдарлама бойынша олар оқу бітіріп, жұмыс таба алады. Дағдарысқа ұшыраған аудандар, мысалы, Ақтоғай, Бұқар жырау аудандарының тұрғындары көшіп келетіндей бағдарлама да қарастырылған, – деді Теміртау қалалық сәулет және құрылыс бөлімінің бастығы Гүлмира Күсенова.
XS
SM
MD
LG