Accessibility links

Қазақ ГУЛАГы жайлы кітап авторы оларды тағы жазудың қажеті барына күмәнданады


Карлагтың Спасск лагерь бөлімшесінің тұтқындары қолдан қалап тұрғызған қабырғаның көрінісі. Екатерина Кузнецованың "Кровавый тридцать седьмой. Репрессированный Казахстан" кітабындағы сурет.

Карлагтың Спасск лагерь бөлімшесінің тұтқындары қолдан қалап тұрғызған қабырғаның көрінісі. Екатерина Кузнецованың "Кровавый тридцать седьмой. Репрессированный Казахстан" кітабындағы сурет.

Қытайда туған, өз басы сталинизмді көрмеген қарағандылық Екатерина Кузнецованың Карлаг жайлы кітаптары Ресей мен АҚШ-та басылып шыққан. Бірақ жазушы сталиндік қуғын-сүргін жайлы кітаптар жазудың қажеті барына, оларды қазіргі оқырманның оқитынына, саясаткерлердің қорытынды шығаратынына күмәнданады.


Екатерина Кузнецова – алған білімі бойынша да, мамандығы бойынша да журналист. Оның есімі Қазақстаннан тыс жерде де кең танымал. Оның НКВД Карлагы жайлы «Карлаг: по обе стороны колючки» және «Карлаг: меченые одной метой» атты кітаптары Ресей мен АҚШ-та шыққан. Ол сонымен қатар «Книга скорби. Расстрельные списки» қарағандылық басылымының редактор-құрастырушысы.

Жақын арада ғана тұсауы кесілген кітабы «Кровавый тридцать седьмой. Репрессированный Казахстан» деп аталады. Оқырман ықыласына бұйырған кітап – елге де, халыққа да, өз отбасыларына да еш қиянат жасап көрмеген адамдардың тағдырлары жайлы шыншыл да қайғылы әңгіме, олардың өмірі күш кемеліне келген кезде желкеге тиген чекист оғынан үзілді.

ҚЫТАЙДАН КЕЛІП, ҚАЗАҚСТАНҒА БЕЙІМДЕЛУ

Екатерина Кузнецова (әкесі бойынша - Колоколова) 1938 жылы Қытайда Даляне қаласында дүниеге келді. Қытайда туған оның әкесі 1911 жылы қытайлық сыртқы сауда министрлігінде синхронды тілмаш болып жұмыс істеген, қытай және ағылшын тілдерін білген. Шешесі қытай мектебінде орыс тілін оқытты. Атасы, Сергей Колоколов, Ресейден 20- ғасырдың әу Журналист Екатерина Кузнецова. Карлаг тарихы туралы үш кітаптың авторы, «Книги скорби. Расстрельные списки» кітабын құрастырушы. http://karlag.kz сайтындағы сурет

Журналист Екатерина Кузнецова. Карлаг тарихы туралы үш кітаптың авторы, «Книги скорби. Расстрельные списки» кітабын құрастырушы. http://karlag.kz сайтындағы сурет

басында патша үкіметі заманында-ақ Петербург университетін тәмамдаған соң кетіп қалған. Ол Ресей империясының Мукден қаласындағы консулы болған, ол 1921 жылы дүниеден өтті. Жұбайы мен үш баласы Қытайда қалды.

1946 жылы Қытайда РСФСР ағарту министрлігіне қараған советтік мектептер ашылды. Осындай мектептердің бірінде болашақ журналист әрі жазушы Екатерина Кузнецова да оқыды. Ол пионер болып та үлгерді. Бірақ мәскеулік диктат бұрынғы империяның шетіне бәрі бір де толық шамада жетпей жатты, Қытайда патша заманындағы орыс эмигранттік ортасы дәстүрлері анағұрлым мықты болатын.

1946 жылы Сталин репатриацияның алғашқы толқынын жариялады. СССР-ге оралған көптеген эмигранттар ең қатал жазалау шарасына немесе «халық жаулары» ретінде лагерьлерге ұшырады. Колоколовтар отбасы сол шақта шақырғанға ермеді, дегенмен, Екатерина Кузнецованың айтуынша, оның әкесі алайда балаларының отанын танығанын қалап Ресейге баруға ынтық болатын. Осылайша Колоколовтар отбасы Қытайда 1954 жылға дейін тұрды.

1954 жылы Сталиннің өлімінен кейін СССР мен Қытай арасындағы қарым-қатынас бүліне бастады. Хрущев совет азаматтарының репатриациясын жариялады, тың игеру, тың жерлерге өз еркімен қоныс аудару басталды.

- Біз 1954 жылы Қазақстанға тың жерлерге келдік. Әуелі Акмолинскке келіп жеттік – ол кезде ол үлкен ауыл болатын, тізеден келетін батпақ, қазақ шалдары түйемен, арбамен жүретін, ішім-жем жайы мардымсыз болды, сөйтіп біз Нуринск совхозынан бір-ақ шықтық, ол арада кілең айдалып келгендер болатын. Бірақ совхозда біз істейтіндей ештеңе болмай, оның үстіне ол арада біздің ешкімге аса қажетіміз де болған жоқ, сол себепті біз аудан орталығына, Киевкаға көшіп бардық, ағаммен бірге 9-шы сыныпқа мектепке бардық. Оқушылар арасында поляктар, немістер, шешендер, ингуштар, тіпті ассириялық та, украиндықтар, грузиндер, белорустар, орыстар мен қазақтар болды. Балалардың бәрі де тілектестік танытатын. Совет мектебінде жүргенде-ақ СССР бұл көпұлтты ел, халықтар достығы деп бізге айтып отыратын, сондықтан соншама ұлттың болғанын ешкім ауырсынбады, - деп баяндайды Азаттық радиосына берген сұқбатында Екатерина Кузнецова.

Ол мұғалімдер негізінде айдалып келгендердің қатарынан еді деп еске түсіреді. Ауылдық мектепте бір жыл оқып шығып, Колоколовтар отбасы Қарағандыға қоныс аударды. Әкесі – ғылыми-зерттеу институтына, анасы ғылыми-техникалық кітапханаға жұмысқа тұрды, кейіннен оны меңгеретін болды. Осылайша Колоколовтар отбасы Қазақстанға бейімделді.

Қарағандылық мектепте ұстаздар да негізінде жер аударылғандар
Ол кезде цензура болғанымен, баспасөзде сыни материалдар өте көп еді. Бірақ обкомның атына сын жазуға болмайтын, қалғанының бәріне – рұқсат етілді.

болатын. Мысалы, ағылшын тілінен Карлагта 10 жыл отырып келген әйел сабақ берген, Мәскеуден келген қырым татары физик болды. Мектептен соң Екатерина Алматыдағы университетке журналистика факультетіне түсті. Диплом алып, жолдамамен «Комсомолец Караганды» жастар газетіне келіп орналасты. Осылайша Екатерина Кузнецова 1961 жылдан бастап бүкіл ғұмырын баспасөзге арнады.

- Ол кезде цензура болғанымен, баспасөзде сыни материалдар өте көп еді. Бірақ обкомның атына сын жазуға болмайтын, қалғанының бәріне – рұқсат етілді. Сараптамалық журналистика қатты дамыған болатын. Мен журналистік зерттеулермен әуестендім. Өзім қорғанып, адамдарды қорғауды үйрендім. Адамды мемлекеттен арашалап алатын біреу болуы керек қой, себебі оның адамға жау екені априори. Оның үстіне совет мемлекеті. Менің материалдарым обкомға дәйім жақпайтын, менің сын тұрғысынан ойлайтыным бар. Шетелде өскеніме байланысты шығар, менде бөгеліп қалу, қорқыныш деген болмайтын. Қытайда бізді Сталиннің атын атап, қатты ығыр қыла бермейтін, - дейді сұқбаттасушымыз.

КАРЛАГҚА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛДЫ

Екатерина Кузнецова Карлаг тақырыбы және СССР-дегі репрессиялар тарихымен 1987 жылдан бері шұғылдана бастады. Карлаг жайлы, Қазақстандағы сталиндік репрессиялардың ғұрпы жайлы, НКВД қапастарында сталиндік террор жылдарын көзі көргендер, аман қалған-қалмағандар жайлы газеттегі басылымдары қарағандылық оқырмандарға Спасск. Терезесіне темір тор орнатылған барақ қабырғасының қалдығы. Екатерина Кузнецованың "Кровавый тридцать седьмой. Репрессированный Казахстан" кітабындағы фотосурет.

Спасск. Терезесіне темір тор орнатылған барақ қабырғасының қалдығы. Екатерина Кузнецованың "Кровавый тридцать седьмой. Репрессированный Казахстан" кітабындағы фотосурет.

таныс. Лагерь қызметін тоқтатқан кезде, Қарағанды лагерьлерден босанып шыққан зиялы қауымға тола қалды, бірақ Қазақстан және тіпті Қарағанды аумағынан шығуға рұқсат бола қойған жоқ, олар ақталмаған болатын, деп есіне түсіреді ол.

– Қарағанды – айдалып кеткендер, жер аударылғандар, «халық жауларының» қаласы. Бұл арада аса атақты да айтулы адамдар болды. Бірақ біз ол шақта жас едік, лагерьлер жайлы, осы сұмдықтардың барлығы турасында ештеңе білмедік, сонымен қоса бұл адамдар да біздің алдымызда тұйық болатын, олар да ашылып ештеңе айтпайтын. Лагерьден шығарда олар 25 жыл ішінде еш ақпарат құралына сұқбат бермейміз деген қолхат беретін, жалпы айтқанда, бәрі де құпия күйі қалуға тиіс болатын. Ақпаратты жария қылғаны үшін ең қатал жазалау шарасына кесіліп кетіп, жаңадан қамалу қаупі бар еді. Менде бұл қолхат бар, оны табу маған бұйырыпты, ол жерде ақпарат таратудың барлық мүмкін жолдары ескерілген. Бірақ соңыра «Новый мир» журналы «Один день Ивана Денисовича» мақаласын басып шығарды, сонымен 1960-жылдары тіс жармау қиынға соға бастады, – деп әңгімелейді Екатерина Кузнецова.

Бұрынғы тұтқындардың Қарағандыда қалғандарының тағы бір себебі сол, олардың барар жері болмады, олар отбасыларынан, үйлерінен айырылып қалды. Ал бұл арада оларға жұмыс берді, өмір біртіндеп оңалып келе жатты.

- Бұрынғы тұтқындардан редакцияға лек-легімен хаттар келе бастады. Бұл хаттар мен қызмет еткен үгіт-насихат бөліміне жолданатын. Сонымен мен осы хаттарды оқи бастағанымда, мұның – басты мәселе, ал
Солженицынның аса зор іс атқарғанын мойындаймын, ол дәл осы «Архипелаг ГУЛАГ-ының» арқасында тарихқа еніп, атын мәңгілік етті. Бірақ бұл кітап орасан қызбалықпен, көбіне дәлелсіз, шамадан тыс сезіммен, әрі аса қатігездікпен жазылған.

қалғандарының барлығы – бос сөз екенін сезіп, түсіндім. Мен бұл адамдарды үйіме шақыра бастадым, олар маған сеніп, ашылып сөйлеуден қорықпайтын. Алғашында олармен төрт сағаттап сұқбаттастым. Оларды тоқтату мүмкін емес еді, бұл олардың бәрін айтып бере алатындай алғашқы мүмкіндіктері еді ғой. Сөйтіп сен сол шақ жайлы қаншама өтіріктің болғанын түсіне бастайды екенсің. Біз сол хаттарды басып шығара бастадық. Жұмысқа келгеніміз сол, обком партиядан қоңырау шалды. Сөгіс айта бастады. Біз редактормен бірге обкомға жол тарттық. Маған ұрсып тастады, жала жабушы деп атады. Бірақ материалдар бәрі бір де ары қарай шыға берді. Обкомдағылар айғай сала алғанымен, тыйым сала алмады, ендігәрі шамалары жетпейтін болды, - дейді Кузнецова.

Карлаг тақырыбын бар ынтасымен қолға алып, Екатерина Кузнецова қолға түскенінің бәрін оқып шықты. Мысалы, Солженицынның «Архипелаг ГУЛАГ» кітабын оқып, ол аса жағымды әсер ала қоймады:

- Солженицынның аса зор іс атқарғанын мойындаймын, ол дәл осы «Архипелаг ГУЛАГ-ының» арқасында тарихқа еніп, атын мәңгілік етті. Бірақ бұл кітап орасан қызбалықпен, көбіне дәлелсіз, шамадан тыс сезіммен, әрі аса қатігездікпен жазылған. Жанына батқаны сол екенін түсінемін. Бірақ кітап беттерінен оқырман жазушының ызалы, долы тұлғасын көреді. Сондықтан тегінде менің алған әсерімді ол Ресейді қалай аралағанымен дәлелдеді, Америкадан қайтып келіп, ол мессия ретінде, әлдебір ерекше ақиқатты жеткізуші ретінде барды. Мен мұндайды жақтыртпаймын. Менің жаныма сонау Шаламовтың айғақты құқық қорғаушы прозасы жақын. Онда сұмдық дүниелер бар, бірақ оны терең ойлы адам байыбына барып жазған.

Екатерина Кузнецова 1989 жылы басқа белсенділермен бірге «Мемориал Караганды» қоғамдық бірлестігін құрғанын айтады. Сол кезде ол араға Карлагтың жедел-чекистік бөлімінің ғимараты, қазір бұл ғимарат жоқ. Екатерина Кузнецованың "Кровавый тридцать седьмой. Репрессированный Казахстан" кітабындағы фотосурет.

Карлагтың жедел-чекистік бөлімінің ғимараты, қазір бұл ғимарат жоқ. Екатерина Кузнецованың "Кровавый тридцать седьмой. Репрессированный Казахстан" кітабындағы фотосурет.

жас жоо мұғалімі Ермұхамет Ертісбаев араласты, ол саяси мансабын либерал ретінде бастаған, бірақ кейін президент Назарбаевтың штаттық кеңесшісі ретінде оның авторитарлы билігінің трибунына айналды:

- Ертісбаев сол шақта қызық публицистикалық материалдар жазып жүретін. Ол студенттерді ұйымдастырды, олар осы адамдарға барып жүріп, олардың естеліктерін диктофонға жазып отырды, мен сосын осының бәрінің басын ашып, газетке беріп отырдым. Соңыра мен адамдардың санасын азат ету бойынша дөңгелек үстелдер өткізе бастадым. 1989 жылы «Әділет» республикалық қоғамы құрылды. Біз осы тақырыпты кеңінен Ресейге қарағанда ертерек қозғадық. Есімде, литвалықтар келіп, мәйіттердің эксгумацисын өткізіп, сүйектерді Литваға әкетіп жатты, осы жұмысты бірінші болып көтерген дәл солар. Дәл сол литвалықтарды шығарып салу күні Совет Одағының ақыры басталды, сәйкестік деген осы.

ГАЗЕТТЕРДЕН КІТАПТАРҒА ДЕЙІН

Екатерина Кузнецованың айтуынша, ол репрессиялар жайлы жаза бастағанда-ақ, оған кейбір бұрынғы күзетшілер мен Карлаг жұмыскерлерінен көптеген хат келіп түсе бастады. Барлығы дерлік ұрсып, айғайлап, дауыс көтеріп, неше түрлі сөзбен тілдеп жатты.

- Бірде маған Сталин жақсы емес пе деп, мұндайды жазуға қалай дәтімнің барғанына ашуланып, лагерь бақылаушысы қаһарлы хат жолдады. Оның маған жазғанына қарағанда, соғыстан соң Орлов облысында киерге киім, ішерге тамақ болмаған, отбасы болса үлкен еді, жақсылықтың нышаны
Бірде маған Сталин жақсы емес пе деп, мұндайды жазуға қалай дәтімнің барғанына ашуланып, лагерь бақылаушысы қаһарлы хат жолдады.

болмаған соң, ол осында келген, әпкесі оны лагерьге қызметке тұрғызған. Бақылаушы болып өмірдің дәмін таттым, тамағым тоқ, көйлегім көк болды деп жазады. Сонда ол сол заманға өз сөзімен өзі үкім шығарып отыр. Ол өзінің менің жазып отырғанымның ең көрнекті дәлелі екенін түсінбеген, - деп сөзін жалғастырады Азаттық радиосына сұқбат беруші.

Екатерина Кузнецова өзін жазушы санамайды, журналист болғанын, журналист екенін әрі журналист болып қалатынын алға тартады. Жай бір сәтте, деп есіне алады ол, сталиндік репрессиялар жайлы ақпаратты сақтап қалу, кітап жазу идеясы туды.

- Уақыт өтіп, әлгі адамдар өмірден оза бастады. 1980-жылдары баспасөзге шыққанды оқымаған жаңа буын өсіп жетілді, 1990-жылдары газет жайына Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайындағы «Қызыл террордың құрбандары» атты архивтік фото. Долинка кенті, Қарағанды облысы, 31 мамыр 2011 ж.

Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайындағы «Қызыл террордың құрбандары» атты архивтік фото. Долинка кенті, Қарағанды облысы, 31 мамыр 2011 ж.

қалды, ал қазір 1985 жылы дүниеге келгендер мұның ештеңесін оқымаған болып отыр. Мектеп оқулықтарында бір абзацта айтылады, жоо-дарында бұл тақырып турасында тиіп-қашып сөз қозғап өтеді, тарихшылар да бұл жайлы нашар біледі, не болмаса сескенеді, не себептермен екенін білмеймін. Қалайша сотсыз әрі тергеусіз адамды тұтқындап, атып тастауға болады деп аң-таң болады қазіргі ұрпақ. Адамдардың мұны оқып, білгені мен үшін маңызды, себебі менің кітабымда бәрі де рас. Менің әдебиетке еш қатысым жоқ, мен журналистпін, ал бұл – журналистік деректі проза, зерттеулер, - дейді Екатерина Кузнецова.

Кітапқа арнап ештеңе жинаудың қажеті болмады, бүкіл дерлік ақпарат дайын тұрды, барлық материал газетте қызмет еткен жылдарымда жазылған. Жай ғана оларды әдеби қылу қажет болды, деп жалғастырады әңгімесін Екатерина Кузнецова:

- Өз басым кітапта сөз болған осы адамдардың бәрін көрдім, олармен тілдестім, мұны мен әлдебір жерден алып, оқып, көшіріп жазған жоқпын, бұл – менің жеке бас тәжірибем. Менен тағы қандай әдебиет қолданғанымды сұрап жататын. Жауабым: ешқандай, барлығы да тірі адамдардың нақты ақпаратына негізделген, мен олардан сұқбат алдым, бір бөлігі жарық көрді, бір бөлігі шықпады. Материал затымен айрықша.

Карлаг жайлы кітап авторының айтуынша, көптеген адамдар ГУЛАГта көзі жойылған туыс-туғандарын іздемейді, қорқады. Бірақ Екатерина Кузнецовадан тауып беруді сұрайды, хат жіберіп, қоңырау шалып, электронды почтаға хабарлама жазып отырады.

- Жаңа маған хат әкеп берді, бір адам туралы біліп беруді өтінеді. Бұл Шурин Шарип, ол Ақтағай ауданындағы Қаратау совхозында 1937 жылы атылып кеткен, 35 жаста болатын. Оның есімі қаралы кітапта бар. Оның артында төрт қызы мен ұлы қалған. Ол көз жұмғанда, ұлы 8 айлық болатын. Бірдемесін анықтап біліп көрейін.

Бірнеше жыл бұрын оның кім екенін білмейтін бір әйел оған өтініш Медеш Оралдиев, Қарқаралыда шығып тұрған қазақ газетінің редакторы. 1937 жылы қарашаның 22-і атылған. Лагерьдегі жеке ісіндегі суреті.

Медеш Оралдиев, Қарқаралыда шығып тұрған қазақ газетінің редакторы. 1937 жылы қарашаның 22-і атылған. Лагерьдегі жеке ісіндегі суреті.

жасапты. Оның оккупациядан азат етілген аумақтан келгені аян, ол жер аударылған он алты кісінің арасынан шыққан поляк әйелі көрінеді. Бірақ оған «Евр.» деп жазылған анықтама берген, дегенмен оның сыртқы әлпеті славяндық. Балалық шағынан оның есінде тек вагонда кетіп бара жатқаны қалған, «ол арада әйел көп болды, кейбіреулері жолда жан тапсырып жатты, мәйіттерді шығарып тастап отырды, сарбаздар, иттер болды». Ол Спасскқа, айнала тікенді сым қоршаған балалар үйіне келіп түсті. Сөйтіп ол үнемі жылап, шешесіне сұранғанын, сонда анасын оған ертіп әкелмегенін жадында сақтаған.

- Бір жолы маған НКВД-да қызмет еткен адам хабарласты, ол вохровицк бөлімшесінің бастығы болатын, тұтқындарды ертіп жүрген. Менің кітап шығарғанымды естіп, оны оқығысы келетінін айтты. Ол өзі еврей, жұбайы болса орыс, ал ол бақылаушы болып жұмыс істеген. Ол мені қонаққа шақырды, талай қызықты айтып берді, мен оған осы кітапты сыйладым. Бірақ бір түсінгенім, Сталин туралы айтуға болмайды, бұл арада ендігәрі ештеңені өзгерту мүмкін емес, олар үшін Сталин – жақсы, енді оларға Сталиннің қанішер әрі мемлекеттік қылмыскер екенін қалай дәлелдей аламын, - дейді жазушы.

Оның қаламынан шыққан бірнеше кітап бар: «Книга скорби. Расстрельные списки» - Қазақстанның жер-жеріне тарады; «Карлаг: по обе стороны колючки» - Ресейде шықты. «Карлаг: меченые одной метой, первое издание» және «Карлаг: по обе стороны колючки, второе издание» АҚШ-та, екеуі де орыс тілінде басылып шықты.

- Менің ұлым Калифорнияда тұрады. Мені Америкадағы бір электронды «Мамочкино бейіті» – Қарағанды лагеріндегі тұтқындардың сәбилері жерленген зират. Қарағанды облысы, Долинка кенті, қыркүйек, 2006 жыл.

«Мамочкино бейіті» – Қарағанды лагеріндегі тұтқындардың сәбилері жерленген зират. Қарағанды облысы, Долинка кенті, қыркүйек, 2006 жыл.

баспамен байланыстырған сол болатын, сол баспа менің жобама қызықты. Американдық баспаларға сенуге болады, олар лақтырып кетпейді. Ал, мысалы, ресейлік баспаларға мәтін жібергенің, тәуекел еткенің. Кітап бөтен біреудің аты-жөнімен шығуы мүмкін, сосын сен ол жайлы білмей де қаласың. Былтыр желтоқсанда менің тағы бір жаңа кітабым жарық көрді, ол электронды және қағаз нұсқасында АҚШ-та таратылады. Аударып, ағылшын тілінде бастырып шығаруға болар еді, әрине, бірақ менің ондай мүмкіндігім жоқ, білгір аудармашы керек қой, оған болса ақша төлеу керек. Сонымен қатар бұл соншалықты оңай шаруа емес, бұл әдеби мәтін ғой. Оның үстіне ағылшын тілді оқырманға мұның бәрі түсінікті болады деп ойламаймын да, - дейді жазушы.

Оның айтуынша, электронды нұсқада жүктелген әрбір кітаппен бірге оның есепшотына бір доллар аударылады. Ал кітап қағаз нұсқада сатылғанда ақша баспаның пайдасына түседі. Таяуда ғана тұсауы кесілген кітап «Кровавый тридцать седьмой. Репрессированный Казахстан» деп аталады.

ЖАЗА ТАРТҚАН ҚАЗАҚСТАН

«Кровавый тридцать седьмой» кітабын басып шығаруға оған «Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы көмектескенін айтады Екатерина Кузнецова. Бірақ жәрдемге қол жеткізу оңайға соқпады. Ең әуелі автор осы филиалдың төрағасы, оның үстіне Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметовтен көмектесуді өтінген. Сөйтіп біраз уақыт өткен соң жауап алған… ішкі саясат басқармасынан. Жазушы хат жолдаған адамына мүлдем жетпеген деп секемденеді.

- Ішкі саясат басқармасынан келген хатта «демеушілік жәрдем беру үшін, әдебиет басып шығару үшін мемлекеттік құрылымдарға ақша бөлінбейді» деп көрсетілген. Бірақ мен мемлекеттік құрылымнан ақша сұраған да
1980-жылдары мен лагерлік істерді оқып шығуға мүмкіндік алдым, әсерім жан түршігерліктей болды, адамдарды жайдан-жай құртып отырған екен. Сонымен бірге осы арада атылғандардың тізімі, 1930 жылдан 1943 жылға дейін НКВД органдары Қарағанды аумағында атып тастағандардың аты-жөндері жарияланған. Айтайын дегенім, сол жылдары бүкіл дерлік жергілікті зиялы қауымды жойып жіберді.

емеспін, дегенмен облыстық бюджетте «Ішкі саясат» графасында мынадай жол бар: Карлаг туралы кітап шығаруға ақша бөлу керек. Одан қалды мен «Нұр Отаннан» мүлде ақша сұраған емеспін. Мен партияның маған ақша бермейтінін жап-жақсы білдім, бірақ ол арада демеушілер табуға көмектесе алатындар болды. Одан әрі бұл хатта «жеке тұлғалар мен құрылымдарға арналған демеушілік қаражат табу жолында мемлекеттік қызметкерлердің жәрдем жасауы жемқорлыққа қарсы заңнамаға сәйкес келеді» делінген. Бірақ, қайталап айтайын, мен мемлекеттік қызметкерден көмек сұраған жоқпын. Мемлекеттік органдар да, партия органдары да бар. Бұл екеуі бір нәрсе емес, - дейді жазушы.

Осыдан соң не дегенмен кітап авторы «Нұр Отанға» өзі кіріп шығуды ұйғарды, өйткені партия филиалы төрағасынан сол күйі жауап келмеген. Ол жерде оны Серік Ахметовтың орынбасары - Асқар Базарбаев қабылдады. Жазушының өтінішін тыңдап алып, ол міндетті түрде көмектесетінін айтты.

Көп ұзамай «Кровавый тридцать седьмой. Репрессированный Казахстан» кітабы расында басылып шықты. Онда бұрын-соңды қалың бұқараға жетпеген кейбір архив құжаттарының деректері алғаш рет елге жария болды. Осы кітаптың беттерінде он екі очерк жинақталған, олардың әрбірі Қазақстандағы жаппай саяси террордың құрбандары болған қазақтардың аянышты халін баяндайды.

Олардың қатарына Акмолинскте туып-өскен, 1902 жылғы аймақтық прокурор Хамза Даутов қосылды, оны «контрреволюциялық насихат пен социалистік заңдылықты теріс пайдаланғаны» үшін «халық жауы» ретінде атып тастаған, деп түртілген НКВДБ Үштігінің үкімінде. Қамалып, атылып кетерге екі ай қалғанда Хамзаның әкесін фотосуреттен де көрмеген ұлы дүние есігін ашты. Тінту кезінде чекистер үйден барлық қағаздар мен фотосуреттерді алып кетті. «Кровавый тридцать седьмой» кітабына қарағанда, өткір ойлы, жағымпаздарды ойламбастан өзінен аластата салатын Хамза аса білімді әріптестерінің арасында жиі ерекшеленіп тұратын, осылайша өзіне қарсы теріс ниет, кейде айқын қызғанышты да оятып жүретін. Оны қамауға алған соң оның жұбайы мен балаларын үйден қуып шығарды. Көршілері олардан сырт айналды.

Кәрібөз Шектібаев «Кровавый тридцать седьмой» кітабының басты кейіпкерлерінің бірі болды. Дәл айтқанда іс жүзінде Шектібаевтың Кәрібоз Шектібаев – 1938 жылы наурыздың 9-ы күні атылған.

Кәрібоз Шектібаев – 1938 жылы наурыздың 9-ы күні атылған.

Қарағандының бірінші қала бастығы болғаны санаулы адамға ғана мәлім, осы тұста ол 1930 жылдан 1932 жылға дейін қалалық кеңестің төрағасы қызметін атқарды. Мұнан былай оны жоғары қызметке Солтүстік Қазақстан облысына жөнелтті, бірақ мансабының өсуі оған бақыт әкелмеді: оны қамап, контрреволюциялық әрекет үшін айыптап, үкімді жария ете салысымен санаулы сағат ішінде Алматы түбінде атып тастады.

- Мен бұл отбасылармен, кейбір бұрын жазаланғандардың өздерімен танысқан болатынмын, бағыма қарай, жаза тартқан Қазақстан турасында жазғанымда олардың көзін көріп үлгердім. Қарағандыда 58-бап бойынша атылып кеткендер, олардың балалары, жұбайлары, әкелері, аға-інілерінің тағдырлары жайлы очерктер жаздым. Бұл кітапта СССР мен Қазақстанның саяси репрессиялары тарихынан, президент архивынан алынған құжаттар, ГУЛАГтық құжаттар біраз пайдаланылған, бұл елде сол кезде не болып жатқанын түсіну үшін қажет болды. 1980-жылдары мен лагерлік істерді оқып шығуға мүмкіндік алдым, әсерім жан түршігерліктей болды, адамдарды жайдан-жай құртып отырған екен. Сонымен бірге осы арада атылғандардың тізімі, 1930 жылдан 1943 жылға дейін НКВД органдары Қарағанды аумағында атып тастағандардың аты-жөндері жарияланған. Айтайын дегенім, сол жылдары бүкіл дерлік жергілікті зиялы қауымды жойып жіберді, - дейді кітап авторы.

НИЕТ КӨП, БІРАҚ БҰЛ КІТАПТАРДЫҢ ҚАЖЕТІ БАР МА?

Жуырда Екатерина Кузнецова «От Столыпина до ГУЛАГа» аталған тағы бір кітап жазды. Ол баспаға қазірдің өзінде дайын. Жазушының айтуынша, бұл кітап «Болашақ» университетінің көмегімен жарыққа шықпақ.

- Кітап неміс тіліне және жарым-жартылай қазақшаға аударылмақ. Онда еңбек армиясынан, ГУЛАГ лагерлерінен, депортациядан өткен немістердің естеліктері жинақталған. Бұл олардың өз естеліктері, бұл ГУЛАГ арқылы өткендер туралы менің материалдарым, оған қоса онда Ерекше Кеңес пен Үштіктің шешімдері бойынша Қарағандыда атылып кеткен немістердің тізімі де бар. Ол арада үй іші Қазақстанға 1902 жылы көшіп келген адамның қызық естеліктері бар. Міне ол Столыпин реформасының шын мәнісінде қалай жүргенін, ал сосын депортацияның қалай өткенін және еңбек армияларында немістерге не болғанын сипаттайды. Бұл қорқынышты. Немістердің аса зор үлесі кетіп қалды, сөйте отырып олар менен туыс-туғандарының істерін тауып беруді сұрайды. Бірақ қазіргі күні карточкалардың көшірмелерін ғана көруге рұқсат береді, - дейді Екатерина Кузнецова.

Ол басқа да ниетінің барын айтады: атылып кеткендердің жалпы тізімін басып шығару, тізім іс жүзінде баспаға дайын қалпында тұр. Ол да Әскери тұтқындар мен саяси қуғын-сүргін құрбандары жерленген Спасск зираты маңындағы белгілер. Қарағанды облысы, 31 мамыр 2011 ж.

Әскери тұтқындар мен саяси қуғын-сүргін құрбандары жерленген Спасск зираты маңындағы белгілер. Қарағанды облысы, 31 мамыр 2011 ж.

жазаланған қазақ зиялылары мен аппаратшылар туралы тағы бір кітап жаза алар еді, жаңа ақпарат табылар еді, бірақ оны басып шығаратындай мүмкіндік болатынына сенбейді.

Италиялық журналист Екатерина Кузнецоваға өз отбасы жайлы өмірбаяндық кітап жазуды ұсыныпты. Тек жазушының өзінің өзгелер жайлы жазу, өзің туралы жазғаннан әлдеқайда жеңіл деп есептейтіні рас.

- Қазіргі күні еврейлерге қарсы 1950-жылдар репрессиялары, «Дәрігерлер ісі», Сталин ғұмырының соңғы жылдары еврейлерге деген көзқарастың қандай болғаны зерттеліп жатыр. Бірақ менің бұл тақырып бойынша материалдарым жоқ. Еврейлерді ірі қалалар – Мәскеу, Ленинград, Ростов, Киев, Харьковтан жер аударып отырды, олар осында келіп, негізінен Қарағанды облысын бойлай орналасты, ал сосын олардың бәрін қамауға алды, лагерь-лагерьге орналастырды. Мен атылып кеткен еврейлердің тізімін оларға ескерткіш қойып жатқанда жасадым. Жер аударылған еврейлер туралы кітап жөнінде әзірше ештеңе айта алмаймын. Жаңа кітап жазған сайын, дәйім жанымды күдік жейді, мұны істеудің қажеті бар ма, бұл қазіргі қоғамға қызық па? – деген сұрақ Екатерина Кузнецованы мазалайды.

Жазушы кітаптарынан табыс көрмейтінін айтады. Совет Одағы тұсында кітапты баспаға бере отырып, онысы сатылған тұста автор тәуір қаламақы алатын, сол заманның өлшемімен салыстырғанда ол кейде адам айтқысыз көп болатын. Енді міне бұл, жеке меншік кәсіпкерлік пайда болысымен, ғайып болды: кітапты шығаруға кететін шығынды өз мойнына алатын демеуші, оларды сатып тапқан ақшаны өзіне алып қалады. Әдетте, автордың қолына даналарының аз бөлігі ғана тиеді, онысын ол сосын өзі-ақ сатып, не жақындарына сыйлайды.
  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG