Accessibility links

Қарағанды полицейлері мен таксистер өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды


Полиция мен ерікті жасақшылар кезекшілікке шығар алдында. Қарағанды, сәуір, 2009 жыл.

Полиция мен ерікті жасақшылар кезекшілікке шығар алдында. Қарағанды, сәуір, 2009 жыл.

Меморандумда такси жұмыскерлеріне ұрланған көлік, іздестірудегі қылмыскерлер, хабарсыз жоғалғандар туралы сонымен қатар орын алған заң бұзушылықтар туралы қалай және қашан полицияға хабарлау керектігі егжей-тегжейлі жазылған. Такси диспетчері қылмыс туралы қолдағы байланыс құралдары арқылы таксистерге хабарлайды.

-Көлікті айдап кетумен байланысты қарақшылық қылмыстар көбінесе қымбат көлік иелері мен такси қызметкерлеріне қарсы жасалады. Сондықтан такси қызметкерлерімен байланысты реттеу қажеттілігі туды,-дейді ІІД Криминалды полиция басқармасының бастығы Николай Саульский.
ІІБ Криминалды полиция бастығы Николай Саульский. Қарағанды, сәуір, 2009 жыл.

Такси қызметкерлері де осындай серіктестікке қарсы емес. Валерий Шириннің таксокомбинатта жұмыс атқарғанына 40 жылдан астам уақыт болған. Тәжірибемде әр-түрлі жағдайлар кездесті, полициямен осындай меморандум құру әрине дұрыс дегенді айтады.

"Осындай меморандумға қол қою өте дұрыс. Бұрыннан бері керек нәрсе. Өйткені, әсіресе түнгі мезгілдерде қарақшылардың құрықтарына бірінші кезекте таксистер ілініп жатады. Өлім оқиғалары да көптеп кездескен. Сонымен қатар таксистер көптеген оқиғаның күәгерлеріне айналып жататыны тағы бар. Жаңаның бәрі – ұмтылған ескі дейді ғой. Совет уақытында да осындай болған",-дейді “Таксокомбинат” ЖШС жол қозғалысы қауіпсіздігінің инженері Валерий Ширин.

Полиция қызметкерлерімен бірге қала көшелерінде тәртіпті сақтау ісіне енді студенттерден құралған қоғамдық көмекшілер де қатысатын болады. Совет заманында олар “жасақшылар ” деп аталатын. 60-шы жылдарда халық оларды жақсы білетін және сыйлайтын. Бүгінгі кезекшілердің қолындағы байламы қызыл емес, көк. Қоғамдық тәртіп сақтаушылар тобына іріктеу және дайындықтан өтуден кейін олар ресми түрде жұмыстарына кірісті. Көбісі болашақта полицияда қызмет етуді жоспарлап отыр.

Ай сайын әрбір “жасақшы” атқарған жұмысы үшін 25 мың теңге көлемінде айлық алатын болады, ал полицейлердің өздері мұндай көмекке тек қуанып отыр.

-Мен осындай көмекке өте қуаныштымын, осындай мүмкіндік беріп, көмектесуге ынта білдіргендер де аз болған жоқ,- дейді Қарағаңды қаласы ІІБ полкының қызметкері Серік Сағымбеков.

Қаладағы жоғарғы оқу орын студенттерінен құралған қоғамдық көмекшілер қаланың барлық аудандарында кезекшілікке шықты. Ендігәрі олар да полиция қызметкерлерімен бірге Қарағаңдыда тәртіптің сақталуына жауап береді.

-Бұрын осындай жасақшылар милицияға көмектесетін, өте дұрыс болды. Қазір полицияға оңайырақ болады. Жастар бос жүргенше, осындай жасақшы болғаны артық,-дейді зейнеткер Михаил Маркович.

Қаладағы такси қызметін көрсететін 40 мекеменің 31-і ішкі істер департаментімен меморандумға қол қойды.
XS
SM
MD
LG