Accessibility links

Кедей отбасына жәрдемдесуге ынталылар аз


Қарағандылық әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына тұрғындардың жәрдем ақшасына алынған мектепке керекті заттар.

Қарағандылық әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына тұрғындардың жәрдем ақшасына алынған мектепке керекті заттар.

Қарағандылық еріктілер әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларына арнап мектеп оқу-жарақтарын жинайтындарын мәлімдеді. Акцияның алғашқы онкүндігінде ешкім көмек қолын созбады.


ТӨРТ БАЛАЛЫ ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНА

Қарағандылық жалғызбасты ана Әсел А. төрт баласын өзі тәрбиелеп отыр. Олардың бәрі мектепте оқиды. Балалардың әкесі бар, бірақ ол алимент төлеуден жалтарып жүр, әйеліне де, қыздарына да мүлдем көмектеспейді. Сондықтан Әсел ыңғайы келген жұмысты істей береді: кеңсе тазалайды, әртүрлі жұмыстар істеп, қосымша қаржы табады. Отбасы әзер күн көріп отыр.

Алдағы оқу жылы – жалғызбасты ана үшін үлкен уайым. Мектепке қажетті дүниенің қымбаттап кеткені сондай, әйел қыздарын оқуға жібере алатынына күмәнданады. Жекеменшік пәтерлері болмағандықтан, жалға алған пәтердің ақысын төлеу керек. Қазіргі пәтерлерінде жиһаз да жоқ.

Жалғызбасты ана мешіттен көмек сұрағанын айтады. Ол жерден материалды көмек алған екен. Сосын төрт баланың анасы «KOMANDA» үкіметтік емес ұйымы табысы төмен отбасыларға көмектеседі дегенді естіп, сонда барады. Балаларына мектеп жабдықтары қажет, оның бәрімен қамтамасыз етуге жалғыз ананың шамасы жетпейді.

Осы кезге дейін алты отбасы еріктілерден көмек сұраған. Олардың барлығы мектеп жасындағы балаларына оқу-жарақтары керек екенін айтқан.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ

Бұл отбасыларға көмектесу үшін Қарағандыдағы «KOMANDA» еріктілер жұмысы орталығына хабарласып, канцелярия бұйымдарын өткізуге болады. Орталық еріктілері дәл қазір «Балаларды оқуға бірге дайындайық» атты акцияны бастады. Шараның мақсаты – жағдайы төмен отбасының балалары үшін киім мен мектеп құралдарын жинау.

– Кез-келген адамның шараға үлес қосуына болады. Балалар – біздің болашағымыз, олардың сапалы білім алуына жағдай жасап, мектеп жабдықтарын жинап берейік. Әр жексенбі күні сағат 12.00-ден 13:00-ке дейін «KOMANDA» үкіметтік емес ұйымының еріктілері. Қарағанды, тамыз, 2012 жыл.

«KOMANDA» үкіметтік емес ұйымының еріктілері. Қарағанды, тамыз, 2012 жыл.

көмектесем деушілерді Сәтпаев ескерткіші қасында, Қарағанды вокзалына қарама-қарсы жерде күтеміз, – деді Азаттыққа «KOMANDA» орталығының табысы аз отбасыларға көмектесу бойынша үйлестірушісі Дмитрий Колцуняк.

«Балаларды оқуға бірге дайындайық» акциясы шілденің 7-і күні басталды. Алғашқы он күнде ешкім канцеляриялық бұйым да, оқу жабдығын да әкелмеді. Айта кетерлігі, Қарағандыда жарты миллион адам тұрады, бұл Орталық Қазақстанның ірі қаласы, елдегі үлкен облыстың орталығы. Еріктілер тұрғындар дұрыс хабарланбаған болар деп отыр. Қайырымдылық акциясы 31 тамызға дейін созылады.

Жоба жаңалығы жайлы «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі арнайы парақтан танысуға болады. Жәрдемге берген дүниесінің шын мәнінде иесін тапқанына жұрттың көзін жеткізу үшін фотолар жариялап, отбасы туралы баяндайды. Ұйымдастырушыларға сауал қою үшін +7 700 973 5313 телефонына хабарласу керек.

Қарағандыда екі жыл бұрын құрылған «KOMANDA» еріктілер орталығының негізін қалаушылар – қала тұрғындары Анна Гуроевская мен Евгения Хмелевская. Бірде олар газеттен науқас бала туралы оқыған соң адамдарға көмектесуді ұйғарады. Дәл сол сәтте демеуші таппағандықтан, үкіметтік емес ұйымды өз ақшаларына құрған. ҮЕҰ негізгі бағыты – науқас балалар мен жағдайы төмен отбасыларына, балалар үйі мен интернаттарға көмектесу. Әдетте, жастар ерікті болуға келіседі.

КЕДЕЙЛІК ШЕГІ

Табысы жеткіліксіз отбасыларына билік тарапынан көрсетілетін көмекке келсек – оның өз тәртібі бар, өте аз мөлшерде болса да, тұрақты қаржыландыру көздері бар. Қарағандының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Азаттық тілшісіне табысы төмен отбасыларға арналған көмек бар екені, оны мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек деп атайтынын айтты. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қарағанды бюджетінен атаулы әлеуметтік көмек алған отбасылар саны 1253 адамды құраған.

Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін отбасының әр адамға шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспау керек. Кедейлік шегі Қазақстанның әр Жағдайы төмен отбасыларға арналған жәрмеңкеге келген жұрт. Теміртау, 29 мамыр 2013 жыл. Көрнекі сурет

Жағдайы төмен отбасыларға арналған жәрмеңкеге келген жұрт. Теміртау, 29 мамыр 2013 жыл. Көрнекі сурет

блысында жеке анықталады, тоқсан сайын бұл сан құбылып тұрады. Дегенмен, жалпы алғанда әр аймақтағы кедейлік шегі біркелкі. Қарағандыда ол айына бір адамға 6534 теңгені (шамамен 43 доллар) құрайды.

– Отбасы бес адамнан құралған делік. Әйел адам бала күтімімен отыр, ал әкелерінің жалақысы 25 мың теңге болсын. Сол 25 мыңды 5 адамға бөлеміз, сонда әр адамға шаққандағы орта есеп 5 мыңды құрайды. Сосын 6534 теңгеден бес мыңды аламыз да, қалған соманы әр отбасы мүшесіне жеткіземіз, – деп түсіндірді Қарағанды қаласының әлеуметтік бағдарламасының жұмыспен қамту бөліміндегілер.

Жыл сайын бюджеттен атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны өзгеріп тұрады: біреулер қосылады, біреулер жалақысы жақсы жұмыс тапқандықтан, тізімнен шығады.

Орыс тілінен аударған – Динара Әлімжан
  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG