Accessibility links

Балқаш қаласындағы №9 орта мектепте дене шынықтыру пәнінінің мұғалімі Жұмағазы Мұхаметжанов тоғыз жылдан бері оқушыларға олимпиадалық спорт түрі - садақ тартуды үйретіп келеді. Осы уақытта 8 спорт шеберіне үміткер, 1 спорт шеберін дайындаған бапкер шағын қалада Садақ, арбалет және дартс ату федерациясы директоры болып тағайындалған. «Өңірге садақ тарту алаңы керек» дейді ол. Қала бюджетінде ондай алаңға әзірге қаражат қарастырылмаған.

XS
SM
MD
LG