Accessibility links

«Гештальт-психологтың» дауы аштыққа ұласты


Гештальт-психолог Надежда Шерьязданованың клиенттері Қарағанды облыстық медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің алдында наразылық акциясын өткізіп тұр.

Гештальт-психолог Надежда Шерьязданованың клиенттері Қарағанды облыстық медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті департаментінің алдында наразылық акциясын өткізіп тұр.

Қарағандыда бірнеше азамат «психологтарын психиатр, ал өздерін психикалық ауытқуы бар пациент» қатарына қосқан құзырлы органның шешіміне наразы.

Қарағандыда төрт тәуліктен бері бес азамат аштық жариялап жатыр. Олар денсаулық сақтау министрлігі, медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қарағанды облыстың департаментінің тексерісіне наразы. Өткен 2012 жылдың жазында жасалған тексерістен кейін, қарағандылық гештальт-психолог Надежда Шерьязданованың қызметі тоқтатылған. Наразылық білдірушілер – осы психологтың клиенттері.

Ресми тексеруден кейін жарияланған мәліметке сәйкес Надежда Шерьязданова медициналық біліктілігінің жоқтығына қарамастан гештальт-терапиямен айналысқан. Оның тұрақты клиенттерінің «өмірге», «отбасыға» деген көзқарасы өзгергенін байқаған туыстарынан түскен шағым құзырлы органның тексеру жүргізуіне негіз болған.

Алайда психологтың клиенттері аштық жариялап жатқан бес адам өздерінің еш өзгермегенін, керісінше, тренер-психологының кеңесінен кейін «өмірге» деген құштарлықтары артып, отбасындағы қарым-қатынастары жақсарғанын айтады.

Гештальт терапиясы (немісше Gestalt - бейне, қалып) – жауапкершілікті күшейтуге көбірек мән беретін адамға психотерапиялық ықпал ету жүйесі.

«ПСИХИКАЛЫҚ АУРУ БОЛЫП ШЫҒА КЕЛДІМ»

Қарағанды тұрғыны Сәния Зверева, бірнеше жылдан бері гештальт-психолог Надежда Шерьязданованың көмегіне жүгініп келгенін айтады. Алайда маманның қызметін тексерген құзырлы орган оның гештальт-психолог ретінде қызмет көрсетуіне тыйым салған. Бұл шешімді заңсыз деп білетін Сәния наразылық ретінде аштық жариялап жатыр.

– Мен үшін менің психологымның кеңесі өте маңызды. Алайда қазір бұл мүмкін емес болып тұр. Себебі оның қызметіне жасалған тексерістен соң «гештальт-терапияны тек медицина қызметкерлері ғана жасайды» деп тапқан сот шешімі бойынша оның қызметіне тыйым салынды. Бұл шешімге сәйкес менің тренер-психологым – психиатр болып, ал мен «психикалық ауыруға шалдыққан пациент» болып шыға келдім, - деді Азаттық тілшісіне Сәния.

Наразылық білдіруші Александра Шульгина да соңғы төрт жыл бойы Надежда
Сот шешіміне сәйкес менің тренер-психологым – психиатр болып, ал мен «психикалық ауыруға шалдыққан пациент» болып шыға келдім.
Шерьяздановаға барып кеңес алып жүрген. Ол психологына қарсы ұйымдастырылған науқанға өзінің бұрынғы азаматтық некеде болған күйеуі себеп болғанын айтады. Бұрынғы күйеуі «Александра жан тыныштығынан айырылды, дүние-мүлкін сатып жатыр» деген мазмұнда секталармен күрес жүргізетін «Виктория» орталығына арыз жазған. Осы арыздан кейін психолог Шерьязданованың қызметіне тексеріс жасалған.

– Мен күйеуімнен кетіп қалдым, ол менің бұл ісімді кешірмей, арыз жазды. Ол менің «есім дұрыс емес» деп мені жындыханаға жатқыза ма деп қорқып, есімнің дұрыс екенін дәлелдемек болдым. Астанада арнайы психологиялық тексерістен өттім, бәрі дұрыс. Мен және тағы төрт адам, тексеріс нәтижесін жоюды талап етіп отырмыз. Себебі психология – медицинаға жатпайды, – деді Александра Шульгина.

БІЛІКТІЛІК МӘСЕЛЕСІ

Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қарағанды облыстық департаментінің директоры Қайыржан Мәбиев наразылық білдіріп жатқандардың әрекетін түсінбейтінін айтады.

– Облыстық прокуратураға психолог Шерьязданованың қызметін тексеру тапсырылды. Егер ол тек психолог ретінде қызмет етсе, мәселе бөлек. Себебі ол лицензияланбайды. Ал оның қызметінде психодрамма мен гештальт терапия элементтері бар. Ал бұл – медициналық қызмет, яғни психиатрияға жатады, - деді департамент басшысы.

Оның сөзінше, өзін гештальт-психолог санайтын Надежда Шерьязданованың медициналық жоғары білімі жоқ, тек орта білімді маман. Қазір Қарағанды ұлттық университетінде педогог-психолог мамандығын сырттай оқып жатыр. «Бұл – Гештальт-психологтың клиенттері бейбіт жиындар өткізу жөнінде заң ережесін бұзу туралы істі қараған әкімшілік соттың ғимаратында. Қарағанды, 15 сәуір 2013 жыл.

Гештальт-психологтың клиенттері бейбіт жиындар өткізу жөнінде заң ережесін бұзу туралы істі қараған әкімшілік соттың ғимаратында. Қарағанды, 15 сәуір 2013 жыл.

медициналық қызмет емес» дейді шенеунік. Оның айтуынша, бұл іске қатысты тексеріс 2012 жылдың жазында өткен, ал күзде алдымен аудандық, кейін қалалық және облыстық сот шешімдері шыққан.

- Сот шешімі бойынша қызметіне тыйым салынды, Шерьязданованың өзі шешіммен келісті. Ол өзінің біліктілігі сай емес екенін түсінді. Ал наразылық білдіріп жатқандардың бүгінгі қылығы түсініксіз. Олар төрт жылдай Шерьязданованың тренингінен өтіп жүрді. Әрбірден соң «отбасы мен туыстарына деген көзқарастары, жеке бастары мен өмірлік құндылықтары өзгеріп кетті» деп облыстық прокуратураға арызды осы клиенттердің өз туыстары жазған, - деді шенеунік.

Қайыржан Мәбиев «психолог төрт жыл бойы тиісті біліктілігі болмаса да, қызмет көрсетіп, әрбір курсы үшін 12-40 мың теңге алып тұрған» деген мәлімет айтты.

Қазір психологтың клиенттері «Виктория» орталығының үстінен сотқа арызданып жатыр. Одан бөлек жергілікті әкімшілік сотта наразылық білдірушілердің «пикет өткізу туралы заңды бұзғандары үшін» ісі және қаралып жатыр.

Ал Надежда Шерьязданова гештальт терапияның лицензиялық қызмет түріне жататындығы туралы заңда жазылмағанын айтады.

– Медициналық қызмет түрлерінің қатарына ол кірмейді. Онда жалпы психологтар туралы да ештеңе айтылмаған. Менің дипломымда психолог екенім
Маған актіде жазылғанды жоққа шығаруға уақыт бермеді. Менің жұмысымды сектаға жатқызып, клиенттерімді «сектанттарға» айналдырғанына алаңдап отырмын.
және психотерапиялық қызметпен шұғылдануға құқым бар екені жазылған. Мен өзімді психотерапевт деген емеспін, психолог, гештальт-терапевт, психодраматист ретінде қызмет жасайтын маманмын. Ешқандай дәрі-дәрмек немесе құрал-сайман қолданбаймын, клиникалық сырқат адамдармен жұмыс істеген емеспін. Жұрт маған өз проблемасын айтып немесе жай ғана өз-өзін түсіну үшін келеді, – деді Азаттыққа Надежда Шерьязданова.

Психолог өзінің қызметіне жүргізілген тексеру туралы актіні жарамсыз деп тануды сұрап бас прокуратураға шағым жазғанын айтты.

– Актіде мені медициналық қызметпен айналысқан деп жазды. Бірақ мүлде олай емес қой. Маған актіде жазылғанды жоққа шығаруға уақыт бермеді. Менің жұмысымды сектаға жатқызып, клиенттерімді «сектанттарға» айналдырғанына алаңдап отырмын. Барлық құжаттарымды ұсынсам да, мені тыңдағылары келмейді. Менің үш клиентімнің «өзгеріп кеткені туралы» олардың туыстарынан түскен шағым да жеткілікті дегенді сылтау етіп алған. Мені клиенттерімді «былықтырып отыр» демесі үшін ғана пикетке қатысқан жоқпын, омырауда жас балам болғандықтан аштық акциясына да қатыса алмаймын. Әйтпесе моральдық тұрғыдан мен клиенттерімді қолдаймын, шағым жазып жатырмын, – деді Надежда Шерьязданова.

Өз айтуынша, қазіргі уақытта Надежда Шерьязданова клиенттеріне ақылы қызмет көрсетуді доғарған.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG