Accessibility links

«Қазақмысқа» серіктес ұйымда ереуіл тоқтады


"Қазақмыс" кәсіпорны. ("Глобал Витнесс" ұйымының суреті).

"Қазақмыс" кәсіпорны. ("Глобал Витнесс" ұйымының суреті).

Сәтбаев қаласында шахтадағы автокөліктерді жөндеумен айналысатын қызметкерлер еңбекақыны көтеру туралы талап қойып, ереуіл өткізді.

«Қазақмыс» корпорациясының мердігер ұйымы – Сәтбаев қаласында орналасқан «Евротехсервис К» кәсіпорнының жұмысшылары бір күндік ереуіл өткізді. Ереуілшілердің бір бөлігі 55-шахтада, өзгесі жер үстінде болды.

ЖАЛАҚЫ ТУРАЛЫ ТАЛАП

Жұмысшылардың негізгі талабы – жалақыны көтеру. Ереуілге шыққандардың жақтастары олардың «біз де өмірімізді қатерге тігіп, жер астында жұмыс істейміз, сондықтан еңбекақымыз кеншілерден кем болмауы тиіс» деген талап қойғандарын айтады.

Басшылық тарапынан қысым бола ма деп қауіптенген ереуілшілер тілшілермен ашық әңгімелесуден бас тартты.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның өкілі, кәсіподақтар құрумен айналысатын Нелли Чуйкинаның айтуынша, оған бұл ереуіл жайлы белсенділер хабарлапты.
Бұл адамдар да жер астында жұмыс істеп, машиналарды жөндегенімен, олардың жалақысын ешкім көтергісі келмейді.

– Бірақ олардың аты-жөнін атай алмаймын. Корпорация кезінде еңбекақы мен мөлшерленген жүктеме үшін жауапкершіліктен тайқып, барлық құрылымдарды өзінің құрамынан шығарып тастаған. Олардың ішінде шахтерлерді тасымалдайтын жүргізушілер, асханада жұмыс істейтін қызметкерлер, жер астындағы машиналарды жөндейтін бригадалар бар. Шахтерлерге қарағанда еңбекақыны аз алады. Бұл адамдар да жер астында жұмыс істеп, машиналарды жөндегенімен, олардың жалақысын ешкім көтергісі келмейді. Меніңше, жағдай қазір осылай ушығып кеткен сияқты. Шахтада жұмыс істейтін, бірақ «Қазақмыс» корпорациясына кірмейтін адамдар корпорацияға қызмет көрсететін құрылым болып қалды. Олар шахтерлерге қарағанда жалақыны аз алады. Дәл қазір оларды қолдайтындай саяси немесе қоғамдық күш жоқ. Бұл ереуіл ұйымдаспаған түрде, бытыраңқы өтіп жатыр, – деді Нелли Чуйкина.

«Қазақмыс» корпорациясына кіретін құрылымдық бөлімшелер мен мердігер "Қазақмыс" корпорациясының жұмысшылары жалақыны өсіру талабымен ереуілге шықты. Жезқазған, "Анненский" кеніші, 6 мамыр 2012 жыл.

"Қазақмыс" корпорациясының жұмысшылары жалақыны өсіру талабымен ереуілге шықты. Жезқазған, "Анненский" кеніші, 6 мамыр 2012 жыл.

ұйымдардың әлеуметтік талаптар қойып, ереуілге шыққаны бір бұл емес. Корпорация жұмысшылары 2012 жылдың мамырында да ереуіл өткізген. «Анненский» кенішінің жұмысшыларының бір тобы кезекті ауысымнан кейін шахтада қалып, еңбекақыны көтеру туралы талап қойып, ереуіл жасаған. Ол жолы екі тарап ортақ мәмілеге келіп, кеншілердің талаптары орындалған.

Сәтбаев– Жезқазғаннан 18 шақырым, ал облыс орталығы Қарағандыдан 550 шақырым қашықта орналасқан шағын қала. Сәтбаев қаласында 70 мыңға жуық адам тұрады. Қала ішінде қазір қарқынды игеріліп жатқан пайдалы қазбалардың кен орындары бар.

«КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІК»

Азаттық тілшісі «Қазақмыс» корпорациясының баспасөз қызметінен осы жағдайға байланысты түсінік беруін сұрады. Олар ереуіл туралы ақпаратты растап, «ереуілге шыққан – «Қазақмыспен» бірнеше жыл бірге жұмыс істеп келе жатқан «Евротехсервис К» деген мердігерлік ұйымның жұмысшылары» деді. Баспасөз қызметі ереуіл бір шахтада болғанын айтқанымен, ереуілге шыққандардың нақты санын атамады.

– Бұл мердігерлік ұйым – «Қазақмыс» корпорацисына қызмет көрсететін ғана кәсіпорын. Кейбіреулер жазғандай, бұл ұйым «Қазақмысқа» кірмейді. Бұл "Қазақмыс" кәсіпорындарының бірі. (Көрнекі сурет)

"Қазақмыс" кәсіпорындарының бірі. (Көрнекі сурет)

мердігерлік ұйымның қызметкерлері шахталардың жолдарын жөндеп, күтіп ұстайды. Бізге белгілісі, қызметкерлердің негізгі талабы – еңбекақыны көтеру. Олар әр түрлі кеніштер мен шахталарда жұмыс істейді, – деді «Қзақмыс» корпорациясының баспасөз қызметі.

Қызметкерлері ереуілге шыққан мердігер мекеменің басшылығымен байланысудың сәті түспеді. Анықтама қызметі «Евротехсервис К» деген атаумен мұндай ұйым анықтамалықта тіркелмегендіктен, телефон нөмірі де жоқ екенін айтты. «Қазақмыс» корпорацисының баспасөз қызметі тілшімізге «әзірше «Евротехсервис К»-тің байланыс телефоны жоқ» деді.

«Евротехсервис К» компаниясының баспасөз мәлімдемесі ереуіл аяқталған соң ғана жарияланды. Еңбек дауына 36 жұмысшы шахтада, 30 шақты жұмысшы жер бетінде отырып қатысқанын айтқан компания ортақ хаттама жасалып, 16 қазан күні сағат 23.00-де ереуіл аяқтағанын хабарлады.

Компанияның мәліметіне қарағанда, жұмысшылар ұжымдық шарт жағдайы, тарифтік төлем, жұмыс сағатын есептеу туралы талаптар да қойған. «Хаттамада айтылған шарттар таяу арада орындалады» деді «Евротехсервис К» компаниясы.
  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG