Accessibility links

«Сәрсенбайұлы сотында» министрді шақырту сұралды


Рустам Ибрагимовтың (оң жақта) экрандағы фотосы. Алматы облысы Қарасай ауданы, 27 қаңтар 2014 жыл.
Рустам Ибрагимовтың (оң жақта) экрандағы фотосы. Алматы облысы Қарасай ауданы, 27 қаңтар 2014 жыл.
Оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты Қаскелеңде жүріп жатқан сотта жәбірленуші жақ (Сәрсенбайұлының туыстары) қазіргі ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты және ішкі істер экс-министрі Бауыржан Мұхамеджановты сотқа шақыртуды сұрады деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Жәбірленуші тарап "қастандық жасалған уақытта ішкі істер вице-министрі болып тұрған Қасымов Сәрсенбайұлын өлтірді делінген Рустам Ибрагимовпен сөйлескен, осыдан соң Ибрагимов тергеу орындарына берілген" деп санайды. Жәбірленуші жақтың адвокаттары "Қасымов пен Ибрагимовтың не туралы сөйлескендерін" білмек ниетте.

Жәбірленуші жақ соттан қылмыс болған уақытта Алматы қалалық ішкі істер департаментінде істеген, қазір Астана қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Амантай Әубәкіровті және тергеуші Гаши Машанлоны да шақыртуды сұраған.

Бірақ прокурорлар "әуелі бұған дейін шақырылған куәгерлерден жауап алу
"Алтынбек Сәрсенбайұлы мен көмекшілерін өлтіруге тапсырыс беруші" ретінде сотталған Ержан Өтембаев. Алматы облысы, 22 қаңтар 2014 жыл.
"Алтынбек Сәрсенбайұлы мен көмекшілерін өлтіруге тапсырыс беруші" ретінде сотталған Ержан Өтембаев. Алматы облысы, 22 қаңтар 2014 жыл.
қажет" деп, бұл өтінішті қолдамады. Ержан Өтембаевтың адвокаты да жәбірленуші жақтың өтінішін қолдамады.

Сот отырысы басталар алдында жәбірленуші жақ сотқа төрағалық етуші судья Асқарбек Бейімбетовке қарсылық білдіріп, оны ауыстыруды сұраған. Бірақ ол өтініш қабылданбады.

Қазақстан оппозициясы басшыларының бірі болған Алтынбек Сәрсенбайұлы 2006 жылдың ақпанында екі серігі - Василий Журавлев және Бауыржан Байбосынмен бірге Алматыда жұмбақ жағдайда кісі қолынан қаза тапқан еді.

Сот бұл қылмысқа парламент сенаты аппаратының жетекшісі болған Ержан Өтембаев «тапсырыс берген» деп тауып, оны 20 жылға соттаған. «Кісі өлтірді» деп танылған бұрынғы полиция қызметкері Рустам Ибрагимов өмір бойына түрме жазасына кесілген.

Ал 2013 жылы желтоқсанның 20-сы күні бас прокуратура "Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге шын мәнінде Рахат Әлиев тапсырыс берген" деп мәлімдеген.

Бас прокуратураның хабарлауынша, Ибрагимов 2012 жылдың сәуір айында жоғарғы сотқа жүгініп, Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс берген Ержан Өтембаев емес - Рахат Әлиев пен ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев деп көрсеткен.

Бас прокуратура 2013 жылы 11 желтоқсанда Ибрагимов келтірген мәліметтер мен жаңа деректерге сүйеніп, жоғарғы соттан Сәрсенбайұлы мен оның екі серігінің өліміне қатысты сот үкімін қайта қарауды сұраған. Жоғарғы сот 19 желтоқсанда Өтембаевқа қатысты үкім күшін ішінара жойып, істі Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотына қайта қарауға жіберген.

Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі серігін өлтіруге тапсырыс берді деп сотталған Ержан Өтембаевтың үкімін қайта қарау соты 22 қаңтарда Қаскелеңде басталған. Істі Алматы облысының қылмыстық істер соты қарап жатыр.
XS
SM
MD
LG