Accessibility links

Өтембаев «қылмысқа айдап салушыға» айналғанына таңырқады


"Алтынбек Сәрсенбайұлы мен көмекшілерін өлтіруге тапсырыс беруші" ретінде сотталған Ержан Өтембаев. 22 қаңтар 2014 жыл.

"Алтынбек Сәрсенбайұлы мен көмекшілерін өлтіруге тапсырыс беруші" ретінде сотталған Ержан Өтембаев. 22 қаңтар 2014 жыл.

Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілерінің өліміне байланысты сотталған Ержан Өтембаевтың ісі бойынша жарыссөз аяқталды.

Оппозиционер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілері Бауыржан Байбосын және Василий Журавлевтің өліміне байланысты сотталған Ержан Өтембаевтың ісі Қаскелеңдегі Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.

Судья Әскербек Бейімбетов төрағалық еткен 31 қаңтар күнгі сотта Сәрсенбайұлын өлтіруге «тапсырыс беруші» ретінде 2006 жылы 20 жылға сотталған Ержан Өтембаев та сөйледі.

«ПРОКУРОРДЫҢ ДӘЛЕЛІ»

Прокурор Ғалымжан Тілеубаев Ержан Өтембаевтың қылмысқа қатысы бар екені тағы да дәлелденгенін айтты.

Прокурордың сөзінше, Ержан Өтембаев «Сәрсенбайұлын ұрып-соғу жөнінде Рустам Ибрагимовке («кісі өлтірді» деген айыппен өмірлік түрме жазасына кесілген азамат - ред.) айттым» деп мойындаған, кейін ол ойынан бас тартқанын Рустам Ибрагимов. (Соттағы экрандағы видеодан алынған фотосы). Алматы облысы, Қарасай ауданы, 27 қаңтар 2014 жыл.

Рустам Ибрагимов. (Соттағы экрандағы видеодан алынған фотосы). Алматы облысы, Қарасай ауданы, 27 қаңтар 2014 жыл.

Ибрагимовке арнайы хабарламаған.

Алдыңғы сот отырыстарында Өтембаевтың «Сәрсенбайұлын ұрып-соғу ойынан бас тартып, оны Рустам Ибрагимовке хабарлағаны тергеу хаттамаларында көрсетілгені» туралы айтылған еді.

Прокурордың сөзінше, «Өтембаевтың «ұрып-соғу туралы» сөзден кейін бірнеше айдан соң Ибрагимовке 60 мың доллар ақша беруі – соның бір айғағы».

Ержан Өтембаев бұл ақшаны Рустам Ибрагимовке құрылыс салуға көмектесу үшін бергенін айтқан еді, бірақ прокурор «тергеу кезінде құрылыс нысандары туралы нақты дерек болмағанын» алға тартқан.

Прокурор Өтембаевты «қылмысқа айдап салушы» ретінде 15 жылға соттап, қатаң режимдегі түзеу орнына жіберуді сұрады.

Сотта сөйлеген Ержан Өтембаев өзінің «қылмысқа айдап салушыға» айналып кеткеніне таңғалып: «Бұл жерде үлкен күштер бар...» деумен шектелді.

Рустам Ибрагимов өткен жолғы сотта Ержан Өтембаевтың кісі өлтіруге тапсырыс бермегенін айтқан еді. Прокурор Тілеубаев оның сөзін бөліп: «Егер Өтембаев ұрып-соғу туралы Ержан Өтембаевты Қаскелеңдегі соттан Алматыға әкетіп бара жатқан полиция көліктері. 31 қаңтар 2014 жыл.

Ержан Өтембаевты Қаскелеңдегі соттан Алматыға әкетіп бара жатқан полиция көліктері. 31 қаңтар 2014 жыл.

сөз қозғамаса, бұл қылмыс жасалмауы мүмкін бе еді?» деп сұраған. Рустам Ибрагимов аз ойланып тұрып: «Иә» деп жауап берген.

Мемлекеттік айыптаушы Ғалымжан Тілеубаев «ұрып-соғу туралы Өтембаевтың тапсырысын» білген Әлнұр Мұсаев (ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы – ред.) Рустам Ибрагимовтің қалған әрекетіне тікелей басшылық жасауға көшкен» деген түйін жасады.

Прокурор «Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілерін өлтіруге тапсырыс беруші ретінде Әлнұр Мұсаев пен Рахат Әлиев (Қазақстан президентінің сол кездегі күйеу баласы – ред.) екені анықталғанын», олардың үстінен қылмыстық іс қозғалатынын айтты.

ЖӘБІРЛЕНУШІ ТАРАПТЫҢ НАРАЗЫЛЫҒЫ

Айыптау қорытындысынан кейін жәбірленуші тараптың туыстары, заңды өкілдері мен адвокаттары жарыссөзге шықты. Олар «соттың әділетсіз өткенін, Ержан Өтембаевқа байланысты жағдайлар толық ашылмай, сұрақтар одан сайын көбейе түскенін» айтты.

– 2006 жылы осы қылмыстық істі тергеуге қатысы болған органдардың басшылары – Рашид Түсіпбеков, Қалмұханбет Қасымов, Бауыржан Мұхамеджановтар ақ болса, сот залына неге келмейді? – деп сұрады Алтынбек Сәрсенбайұлының әпкесі Айбүбі Сәрсенбаева.

Өтембаевтың ісіне байланысты өткен алдыңғы сот отырыстарында Сәрсенбайұлы қазасы кезінде бас прокурор болған Рашид Түсіпбековті, ішкі істер вице-министрі Ержан Өтембаевтың ісі қаралған сотқа келушілер. Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласы, 31 қаңтар 2014 жыл.

Ержан Өтембаевтың ісі қаралған сотқа келушілер. Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласы, 31 қаңтар 2014 жыл.

болған Қалмұханбет Қасымовты, ішкі істер министрі болған Бауыржан Мұхамеджановты сотқа шақырту туралы сөз болған еді. Сотта «бұл лауазымды қызметкерлер Рустам Ибрагимовпен тергеуге дейін екі күн бойы сөйлескен, бас прокуратурада өткен әңгіме ішкі істер министрлігінің аудиотаспасына жазылған, кейін ол жазба жоғалып кеткен» деген пікір де айтылған.

Бірақ судья ол үш адамның істі қайта тексеруден кейін жазбаша түсініктеме бергенін мәлімдеген. Сот отырысында Түсіпбеков пен Мұхамеджановтың түсініктемелері оқылған, ал Қасымовтың түсініктемесін жария түрде оқуға судья тыйым салған.

Жәбірленуші жақ өкілі, саясаткер Төлеген Жүкеев бұл үш адамның сотқа шақырылмауы сенімсіздік туғызатынын айтты. Жүкеев «Өтембаевты 15 жылға бас бостандығынан айыру билікке керек болып отыр» деп, оны ақтап шығаруды сұрады.

Жарыссөз аяқталғаннан кейін судья Әскербек Бейімбетов сөз алып, Ержан Өтембаевтың үкімі ақпанның 3-і күні жарияланатынын хабарлады.

Қазақстан оппозициясының басшыларының бірі болған Алтынбек Сәрсенбайұлы 2006 жылдың ақпанында жанындағы екі серігі Василий Журавлев және Алтынбек Сәрсенбайұлы (оң жақта) мен көмекшісі Бауыржан Байбосын концертте отыр. Алматы, 2005 жыл.

Алтынбек Сәрсенбайұлы (оң жақта) мен көмекшісі Бауыржан Байбосын концертте отыр. Алматы, 2005 жыл.

Бауыржан Байбосынмен бірге Алматыда жұмбақ жағдайда кісі қолынан қаза тапқан еді.

Ресми жүргізілген тергеу қорытындысына сүйенген сот бұл қылмысқа парламент сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев «тапсырыс берген» деп тауып, оны 20 жылға соттаған. «Кісі өлтіру» қылмысын жасаған деп танылған бұрынғы полиция қызметкері Рустам Ибрагимов өмір бойына түрме жазасына кесілген.

Бірақ 2013 жылы желтоқсанның 20-сы күні Қазақстан бас прокуратурасы «Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге шын мәнінде Рахат Әлиев тапсырыс берген» деп мәлімдеді.

Бас прокуратураның хабарлауынша, Ибрагимов 2012 жылдың сәуір айында Жоғарғы сотқа жүгініп, «Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс берген Ержан Өтембаев емес, Рахат Әлиев пен ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев» деп көрсеткен.

Бас прокуратура 2013 жылы 11 желтоқсанда Ибрагимов келтірген мәліметтер мен жаңа деректерге сүйеніп, Жоғарғы сотқа Сәрсенбайұлы мен оның екі серігінің өліміне қатысты сот үкімін қайта қарауды сұраған. Ал Жоғарғы сот 19 желтоқсанда Өтембаевқа қатысты үкім күшін ішінара жойып, істі Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотына қайта қарауға жіберген.
  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG