Accessibility links

«Елші қып жіберу» дәстүрі жалғасып жатыр


Ермұхамет Ертісбаев - Қазақстанның Грузиядағы елшісі.
Ермұхамет Ертісбаев - Қазақстанның Грузиядағы елшісі.

Кейбір саясаттанушылар «Қазақстандағы елшілікке тағайындау шарттары советтік тәсілдерге біршама ұқсас» дейді. Саясаткерлердің елші болуын я құлдырау, я уақытша көзден тасалану деп те түсінетіндер бар.

Сәуірдің басында Қазақстан президентінің бұрынғы саяси кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаевтың Қазақстанның Грузиядағы елшісі қызметіне тағайындалуы ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жиі талқыланған тақырыптардың бірі болды.

«СОВЕТТІК ТӘСІЛГЕ ҰҚСАС»

Дипломаттың елші қызметіне тағайындалуы көп жағдайда қатардағы кадрлық өзгерістердің бірі ретінде көзден таса қалады. Ал белгілі саяси және қоғамдық тұлғалар аяқ астынан дипломатиялық жоғары лауазымға ие болып шыға келгенде елшіліктің ресми-бейресми мәртебесі мен тасадағы саяси шарттары біраз пікірталасқа тамызық болады.

Азаттық қызметі Қазақстандағы саясаткерлерді «елші қып жіберу» саясатының астарына үңіліп көрген еді.

Бұрынғы дипломатиялық қызметкерлер Қазбек Бейсебаев пен Расул Жұмалының айтуынша, елшілікке тағайындау кезінде ресми шарттармен қатар саяси шарттар да ескеріледі.

Саясаттанушы Расул Жұмалының пікірінше, Қазақстандағы елшілікке тағайындау шарттары советтік тәсілдерге біршама ұқсас.

– Советтік кезеңде елшілердің бір бөлігі қызметінен алынып, шағын болса да
Екіойлы болып жүрген жоғары лауазымды тұлғаларды елшілікке жіберу арқылы көңілін басқаға аударуды көздейтін жағдайлар да кездеседі.
Расул Жұмалы
мәртебелі лауазымды місе тұтуға мәжбүр болған бұрынғы бастықтардан құралатын еді. Бірақ елшілік оларға берілетін соңғы мансап болатын. Бұл тәсіл Қазақстанда қазір де пайдаланылады, бірақ ол «соңғы мансап» болмауы да мүмкін, – дейді ол.

Расул Жұмалының сөзінше, билік ішіндегі ара салмақты реттеу мақсатында саясаткерді елші етіп сыртқа жіберетін кездер де болады.

– Екіойлы болып жүрген жоғары лауазымды тұлғаларды елшілікке жіберу арқылы көңілін басқаға аударуды көздейтін жағдайлар да кездеседі, – дейді Расул Жұмалы.

Кәсіби дипломат, қоғам қайраткері Болатхан Тайжан. Жеке мұрағаттағы сурет.
Кәсіби дипломат, қоғам қайраткері Болатхан Тайжан. Жеке мұрағаттағы сурет.
Ал Қазбек Бейсебаев елші қызметінде жүріп өзінің саяси ұстанымын білдірген саясаткерлердің санатына Болатхан Тайжанды қосады.

– Оның кезінде Малайзиядағы Қазақстан елшілігінен сыртқы істер министрлігіне құжаттар тек мемлекеттік тілде ғана жолданды. Бірақ ол саяси-қоғамдық жұмыстармен 2001 жылы зейнетке шыққаннан кейін шұғылдана бастады. Алайда оның жасына толмай зейнетке шығарылғанын да есте ұстау керек, – дейді Қазбек Бейсебаев.

«ЕРІКСІЗДЕР»

Зейнеткерлік демалысқа ерте шығарылмаса да, елшіліктен мерзімінен әлдеқайда ертерек кері шақыртылып, уақытша жоғары лауазым иеленіп, кейін белгілі бір саяси науқан өте салысымен қызметсіз қалған саясаткерлер де бар. Мысалы, Қазақ ССР министрлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары,​ ауыл шаруашылығы министрі, облыс әкімі болған Балташ Тұрсымбаев 1996 жылы аяқ астынан
Қазақстанның Түркиядағы бұрынғы елшісі Балташ Тұрсымбаев.
Қазақстанның Түркиядағы бұрынғы елшісі Балташ Тұрсымбаев.
Түркияға елші болып барып, екі жылдан соң президенттік сайлау алдында бірнеше ай вице-премьер қызметін иеленді. Сайлаудан соң Тұрсымбаев мүлдем қызметсіз қалған еді.

«Мәртебелі елшілік қызметке жіберу» – өзімен бәсекелесуі мүмкін саяси тұлғаны республика аумағынан жырақта ұстаудың бір амалы деп санайтын саясаткерлер тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет елшілікке еріксіз кеткендер санатында Қазақстанның алғашқы және соңғы вице-президенті Ерік Асанбевтың атын атайды.

Оппозициялық саясаткер, Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаған бұрынғы Жоғары Кеңес (1991-1993) төрағасы Серікболсын Әбділдин «Ерік Асанбаев
Қазақстанның алғашқы және соңғы вице-президенті, бұрынғы елші Ерік Асанбаев. "Эпоха" газетіндегі сурет.
Қазақстанның алғашқы және соңғы вице-президенті, бұрынғы елші Ерік Асанбаев. "Эпоха" газетіндегі сурет.
Назарбаевқа өз билігін нығайтып алғанша ғана қажет болғанын, кейін оның вице-президент ретінде өзі жоқта билік жүргізгенін қаламағанын» айтады. Асанбаев 1996 жылы Қазақстанның Германиядағы елшісі болып тағайындалған еді.

1990 жылдардың басында «Халық конгресі» партиясын құрып, кейін президенттік сайлауға қатысатынын жариялаған Олжас Сүлейменов те 1995 жылы әуелі Италияға, кейін ЮНЕСКО-ға елші болып аттандырылған.

Олжас Сүлейменовпен аз уақыт партиялас болған Мұхтар Шаханов 1993 жылы Қырғызстанға елші болып тағайындалған болатын.

Ұзақ жылдар бойы Қазақстанның президентінің сенімді адамдарының бірі болып келген Алтынбек Сәрсенбайұлы да 2002 жылы Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі болып кетуге мәжбүр болды.

Саясаттанушылар оны 2001 жылы құрылған «Қазақстанның демократиялық
Cаясаткер Төлеген Жүкеев қастандықпен өлтірілген оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлының зираты басында. Алматы, 11 ақпан 2012 ж.
Cаясаткер Төлеген Жүкеев қастандықпен өлтірілген оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлының зираты басында. Алматы, 11 ақпан 2012 ж.
таңдауы» қозғалысының жетекшілерімен байланыста болғаны үшін елден алыстатылды деп санайды.

Бірақ елшілік қызметте жүріп оппозициялық ой-пікірін ашық айта бастаған Сәрсенбайұлы бір жыл өте қайтадан Қазақстанға оралып, сол кездегі оппозициялық күштің жетекшісіне айналды.

Қазбек Бейсебаевтың айтуынша, «билік саясатымен келісе алмайтынын мәлімдеп, елшілік қызметінен өз еркімен кеткендердің бірі – Төлеген Жүкеев». Әуелі 1995 жылы Оңтүстік Кореяға елші болып барған ол, 2000 жылы Иранға ауысып, бес жылдан соң Тегераннан тіке Алматыға «Әділетті Қазақстан үшін» блогының бас хатшысы болып бір-ақ келген.

БАС ТАРТУ МЕН КӨЗДЕН ТАСАЛАНУ

Саясаттанушы Расул Жұмалының пікірінше, «лауазымды қызметкерлер қазіргі саяси жүйеде саяси амбициясын ашық көрсете алмайтынын жақсы біледі. Сондықтан жоғарыдан жарлық берілсе, елші болудан бас тартатын адам кемде-кем».

Бұл тұрғыдан келгенде Нұрсұлтан Назарбаевтың «ұзақ жылдардағы сенімді серігінен қауіпті бәсекелесіне айналу алдында жүрген» саясаткерлердің бірі ретінде сипатталатын қазіргі Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов ауызға ілінеді.

Әсіресе ол Алматы қаласының әкімі қызметін атқарып тұрған 2006 жылғы шулы
Қазақстанның Австриядағы бұрынғы төтенше және өкілетті елшісі Рахат Әлиев.
Қазақстанның Австриядағы бұрынғы төтенше және өкілетті елшісі Рахат Әлиев.
оқиғалардан кейін «Иманғали Тасмағамбетов елшілікке жіберілуі мүмкін» дегенжорамалдар баспасөз бетінде жиі айтылды. Сол кездегі Алматы әкімі журналистермен өткізген бейресми кездесуінде «дипломатиялық жұмыс істеуге ешқашан келіспеймін, ол салада кәсіпқой дипломаттар еңбек етуі керек» деген тұрғыда пікір айтқан еді. Бірақ Қазақстанда мұндай мәлімдемелер сирек естіледі. Көп жағдайда саясаткерді елші етіп аттандыру келіссөз арқылы оңай шешіліп жатады.

2001 жылдың күзіндегі саяси оқиғалардан кейін Қазақстан президентінің күйеу баласы, ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірінші орынбасары Рахат Әлиев те қызметінен кетіріліп, Қазақстанның Австриядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл тағайындау да «саяси күштер арасындағы тепе-теңдікті сақтау үшін жасалды» деген болжамдар айтылды. Бұл кезде оның басты саяси қарсыластары Ғалымжан Жақиянов пен Мұхтар Әблязов сотталып кеткен болатын.

2006 жылғы ақпанның 11-інде Алтынбек Сәрсенбайұлына жасалған
Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев. Алматы, 3 қаңтар 2013 жыл.
Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев. Алматы, 3 қаңтар 2013 жыл.
қастандықтан кейін сол кездегі Сенат төрағасы Нұртай Әбіқаевтың Ресейге елшілікке аттандырылуы да аз уақыт көзден тасада тұру үшін жасалған қадам ретінде бағаланды. Әбіқаев бір жылдан соң Қазақстанға қайтып оралды да, 2010 жылдан бері ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінде отыр.

Таяуда Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Мұхамеджанов та Қазақстанның Литвадағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Президент әкімшілігі мен үкіметте ұзақ қызмет етіп, 2011 жылдың желтоқсанындағы Жаңаөзен оқиғасынан кейін облыс әкімі болып тағайындалған оның қандай себептермен елшілікке жіберілгені белгісіз күйде қалды.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық дәрежелер тізімінде «төтенше және өкілетті елші» лауазымы ең жоғарғы мәртебе болып саналады. Санаулы ғана дипломаттар бұл лауазымға қызметтік жолының соңына қарай қол жеткізіп жатады.
XS
SM
MD
LG