Accessibility links

Шетелдегі қазақ спортшылары


Қытайдағы қазақ спортшысы Ерланбек Кәтейұлы. Астана, 2012 жылдың сәуірі.

Қытайдағы қазақ спортшысы Ерланбек Кәтейұлы. Астана, 2012 жылдың сәуірі.

Қазақстаннан өзге мемлекеттерде тұратын қазақтар арасында спортпен шұғылданып, халықаралық жарыстарда жетістікке жетіп жүрген жастар бар. Олардың кейбірі – Қытай, Моңғолия, Германия, Өзбекстанның ұлттық құрамаларына мүше.

ҚЫТАЙДАҒЫ БАЛУАН

1990 жылы Қытайдың Шыңжаң өлкесінде туған Ерланбек Кәтейұлы еркін күреспен айналысады. Ол 2011 жылы Қытай чемпионатына қатысып, алтын медаль алған. Ішкі чемпионатындағы жеңісінен кейін қазақ жігіті осы елдің ұлттық құрамасына енді.

– Қазір Нанжу қаласында тұрып, сонда жаттығамын. Қытай құрамасының базасында тұрамын. 2011 жылы Қытайдың ішкі чемпионатында бірінші орын алдым. Мен күресетін 66 килограмм салмақта жетпіс балуан жарысқа қатысты. Жалпы, мені күреске туған ағам Нұрлыбек Кәтей алып келді. Кейін Темірбек Серік деген ағамыз жаттықтырды. Ол ағамыз қазір Шыңжаңда бапкерлікпен айналысады. Ал мені Нанжу қаласында Хуми есімді моңғол бапкері жаттықтырады, – деді Қытайдағы қазақ балуаны Ерланбек Кәтейұлы.

Балуан Қазақстанға алғаш рет 2012 жылы сәуір айында келді. Қытай құрамасының атынан Қазақстан президенті турниріне қатысып, бесінші орын алған Ерланбек Кәтейұлы жартылай финалда қазақстандық балуан Ақжүрек Таңатаровтан жеңілген еді.

Қазір Ерланбек Кәтейұлы көктемде өтетін Қытайдың кезекті ішкі чемпионатына дайындалып жатыр.

МОҢҒОЛИЯДАҒЫ БОКСШЫ

1990 жылы Баян-Өлгей аймағында туған Ерболат Төлек – бокстан Моңғолия құрамасына енген қазақ жігіті. Спортшы. 2012 жылы Моңғолия чемпионатын ұтып, ұлттық құрамаға алынған.

– Бокспен айналысқанына төрт жылдай уақыт болды. Алғашқы кезде күреспен айналыстым. Бокстағы алғашқы бапкерім – Қайнар Қайсанай деген азамат. Ал Моңғолия құрамасындағы қазақ боксшысы Ерболат Төлек. Астана, 2012 жылдың сәуірі.

Моңғолия құрамасындағы қазақ боксшысы Ерболат Төлек. Астана, 2012 жылдың сәуірі.

қазір ұлттық құраманың аға бапкері Ганзориг Төмөрдоржының қарамағында жаттығамын, – деді Ерболат Төлек.

Ол 2012 жылы сәуірде Астанада өткен халықаралық турнирге қатысып, алтыншы орын иеленді.

– Маған Моңғолияда бар жағдай жасалған. Жаттығуым – жүйелі. Жарыстарға да жиі шығып тұрамын. 2013 жылы өтетін Азия чемпионатына дайындалып жатырмын. Ал Қазақстанға оралуды ойланбаппын, мені шақырып жатқан да ешкім жоқ. Әрі мен бокстасатын 91 килограмм салмақта Қазақстанның өз боксшылары жеткілікті. Егер Қазақстанға өз еркіммен оралсам, спорттағы жолым кесіліп қалуы мүмкін. Ал Қазақстан ұлттық құрамаға шақырып жатса, неге бармасқа, – деді ол.

Ерболат Төлек Моңғолия құрамасында өзінен басқа Еркін Жамантай және Ыбырайым Тілеухан деген екі қазақ жігіті де бар екенін айтты.

ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ СПОРТШЫЛАР

26 жастағы қазақ жігіті Серік Мейірбеков – ескек есуден Өзбекстан құрамасының мүшесі. Ол – бес дүркін Өзбекстан чемпионы, 2010 жылы Қытайдың Гуанчжоу Өзбекстан құрамасындағы қазақ гимнасты Дәулет Нарметов. (Сурет әлеуметтік желіден алынды)

Өзбекстан құрамасындағы қазақ гимнасты Дәулет Нарметов. (Сурет әлеуметтік желіден алынды)

қаласында өткен Азия ойындарының алтын жүлдегері. Азиада кезінде ол өзінің командаласы Герасим Кошневпен бірге қытайлық және қазақстандық спортшыларды жеңіп кеткен еді.

Ал Өзбекстанның спорттық гимнастика құрамасында Дәулет Нарметов есімді қазақ жігіті бар. Ол 2011 жылы Беларусьте өткен халықаралық жарыста жеңімпаз атанған. 2008 жылдан бері Өзбекстан құрамасының мүшесі. 2009 және 2011 жылғы Азия чемпионатына, 2010 жылғы Азия ойындарына қатысқан.

ГЕРМАНИЯДАҒЫ ХОККЕЙШІ

1986 жылы Берлин қаласында дүниеге келген Данияр Жүнісов Германияның «Гризли Адамс Вольфсбург» хоккей командасында ойнайды.

Данияр Жүнісовті жақсы танитынын айтқан журналист Амангелді Сейітхановтың сөзінше, спортшының әкесі Айғали Жүнісов Алматы қаласында туған. Кейін Қазақстандағы шет тілдер институтының бірінде неміс тілін меңгеріп, 19 жасында Германияда ойнайтын қазақ хоккейшісі Данияр Жүнісов. (Сурет "Гризли Адамс Вольфсбург" командасының ресми сайтынан алынды).

Германияда ойнайтын қазақ хоккейшісі Данияр Жүнісов. (Сурет "Гризли Адамс Вольфсбург" командасының ресми сайтынан алынды).

оқуын жалғастыру үшін арнайы жолдамамен Берлинге аттанады. Оқуын бітірген соң Айғали Жүнісов Германияда отбасын құрып, сол елде тұрақтап қалады. Ал ұлы Данияр Жүнісов кішкентайынан хоккей үйірмесіне қатысып, 20 жасында «Гризли Адамс Вольфсбург» командасының құрамына алынады. Қазір хоккейші – осы команданың қақпашысы.

– Данияр Жүнісов Вольфсбург қаласында тұрады. Бойы 190 метр, салмағы 90 килограмнан асатын қазақ жігіті – жергілікті команданың негізгі қақпашысы. Германия кубогының иегері және неміс чемпионатының күміс жүлдегері Данияр Жүнісов «2013 жылы Қазақстанға келсем» дейді. Алдағы уақытта Германиядағы қазақ қақпашысы қазақстандық клубтардың бірінде ойнауы мүмкін, – деп болжайды журналист Амангелді Сейітханов.

ФИНЛЯНДИЯДАҒЫ ФУТБОЛШЫ

25 жастағы қазақ футболшысы, Түркияда туған Мұрат Өнал Финляндияның «AC Kajaani» командасында ойнайды. Футболмен алты жасынан бері айналысқанын айтқан Мұрат Өнал. Амстердамдағы «Веспуччи» футбол командасының мектебін бітірген. Спортшы осы елдің жастар құрамасында, «Амстердам», «Брюгге», «Ден Хааг», «Волендам» командаларында ойнаған.

– 2008 жылы Қазақстан құрамасын голландиялық бапкер Арно Пайперс жаттықтырған белгілі. Сол кезде ол мені Қазақстан командасына ойнауға шақырды. Қазақстан құрамасының Голландиядағы оқу-жаттығу жиынына да қатыстым. Бірақ сол кезде оқуыма байланысты ешқайда бара алмадым, – деді футболшы қазақстандық басылымдарға берген сұқбатында.

Мұрат Өнал 2011 жылы Қарағандының «Шахтер» командасына шақырылғанын, «бірақ азаматтық алу мәселесі ұзаққа созылып кеткендіктен Қарағандыға келе алмағанын» айтады.

– Мені Қазақстан азаматы емеспін. Ал қарағандылық команда мені легионер ретінде команда құрамына қоса алмады. Легионерлер алу үшін бөлінген квотаға басқа шетелдік футболшыларды шақырып қойыпты. Команда басшылығы «егер Қазақстан азаматтығын алсаң, командаға аламыз» деді. Бірақ мен тез арада азаматтық ала алмадым, – дейді Мұрат Өнал.

Мұрат Өнал ойнайтын финнің «AC Kajaani» командасы ішкі чемпионаттың екінші лигасында жеңіске жетіп, бірінші лигаға өтті. Ал қазақ жігіті команда құрамында 12 ойын өткізіп, жеті гол салды.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG