Accessibility links

Саятшы «қазақы тазы құрып бара жатқанын» айтады


Қазақы тазылар - он айлық Жоңғар мен төрт жасар Жүйрік. Ақтөбе, 25 сәуір 2012 жыл.

Қазақы тазылар - он айлық Жоңғар мен төрт жасар Жүйрік. Ақтөбе, 25 сәуір 2012 жыл.

Ресейдің Орынбор облысындағы Ор қаласының тұрғыны, қырық жылдан бері тазы асырап, құс салып жүрген саятшы Әлижан Нұртуғановқа Ақтөбе қаласында жолықтық. Ол Ордан Ақтөбеге машинамен келіп, әрі қарай пойызбен Алматыда өткен ит көрмесіне тазысын апарыпты. Қазір Алматыдан оралған беті екен.


– Осыдан бір аптада бұрын Алматы қаласында иттердің ұлттық көрмесі өткен еді. Ұйымдастырушылардың шақыртуымен барып қайттық. Осы жолы және осыған дейінгі сапарларымда бір байқағаным – Қазақстанда француз бульдогы, орыс спаниелі немесе американ ротвейлері секілді «шетелдіктер» қатты қадірленеді екен. Өзгенің қаңсығын таңсық көретін қандастарыма қайранмын. Алматыдағы көрмеге менен өзге ешкім қазақы тазы алып барған жоқ, – дейді Әлижан Нұртуғанов.

«ҚАЗАҚСТАНДА ЕКІ ЖҮЗДЕЙ ҒАНА ҚАНЫ ТАЗА ТАЗЫ ҚАЛДЫ»

Әлижан Нұртуғановтың Жүйрік атты тазысы төрт жаста. Көзін енді ғана ашқан күшікті Әлижанға мәскеулік достары Моңғолияға экспедицияға барған сапарында әкеліп беріпті.

– Моңғолияда тұратын бүркітші қазақтың қаны таза тазыларынан тараған ит былтырдан бері Ресей чемпионы. Саят құра шыққанда сағатына 80 шақырым Қазақы тазы өсіруші Әлижан Нұртуғанов. Ақтөбе, 25 сәуір 2012 жыл.

Қазақы тазы өсіруші Әлижан Нұртуғанов. Ақтөбе, 25 сәуір 2012 жыл.

жылдамдықпен жүгіретін қазақы тазыдан бірде бір аң қашып құтылған емес, – дейді Әлижан Нұртуғанов.

Жүйріктің күшігі Жоңғар қазір он айлық. Иесінің айтуынша, «Жоңғар да Ресейде өтетін асыл тұқымды иттердің көрмелерінде жүлде алып жүр».

Саятшының айтуынша, «қазір Қазақстанда мықтағанда 200-дей ғана қаны таза қазақы тазы бар, ал Ресейде тіпті аз».

– Саятшы орыстар тазының борзый, грейхаунд секілді түрлерін ұнатады. Оларды мен де ұстап көргенмін. Қазақы тазының тырнағына да татымайды, – дейді Әлижан Нұртуғанов.

«ТАЗЫ ҚАСҚЫРМЕН АЛЫСПАЙДЫ...»

Әлижан Нұртуғановтың айтуынша, «қаны таза қазақы тазы өзге тұқымдастарына қарағанда кірпияз – кез-келген итаяққа аузын салмайды, тамақты да талғап жейді, ешқандай жағымсыз иісі жоқ, өте ұшқыр, төзімді, лас жерге жатпайды».

Азаттық тілшісінің «Қазақы тазыны өзге тұқымдастарынан қалай ажыратуға болады?» деген сауалына Әлижан Нұртуғанов былай деді:

– Қазақы тазының бас сүйегі әдемі. Көздері шығыңқы келеді. Ал құлағының жарғағында шеміршек жоқ, шүберек сынды жұп-жұмсақ. Құлақ сыртындағы Әлижан Нұртуғанов қазақы тазының ерекшеліктерін көрсетіп тұр. Ақтөбе, 25 сәуір 2012 жыл.

Әлижан Нұртуғанов қазақы тазының ерекшеліктерін көрсетіп тұр. Ақтөбе, 25 сәуір 2012 жыл.

шашақтары жібек сияқты төгіліп тұрады. Түгі тықыр. Құйрығы қайқиған кезде ғана көрінетін шашақтары ұзын. Қаны таза қазақы тазының тырнақтары жерге тиіп тұруы тиіс.

Әлижан Нұртуғанов Жүйрік пен Жоңғарды алыс сапарға жабулап, зерленген қарғыбау тағып алып шығады екен. Ондағысы – көз тимесін деген ой.

– Аталарымыз тазыны шымылдық керіп, жаңа туған нәрестедей баққан деседі. Олай етпесем де саятшылықтан басқа кездері екеуін де сырт көздерден көлегейлеп ұстаймын. Менің Жүйрігім қазір елік алып жүр. Қазақы тазының қасиеттілігінің тағы бір айғағы – елікті өзге тұқымдастары сияқты желкелемейді, алқымынан алады. Кейбіреулер тазысының қасқырмен алысқанын айтып мақтанады. Ол – бос сөз. Қазақы тазы – кірпияз. Ол қасқырмен алыспайды. Тілерсегін тісімен қиып жіберіп, иесін тосып қана отырады. Қазақтың «ит жақсысы – тазы» деп құрметтеуінің мәнісі осы, – дейді Әлижан Нұртуғанов.

Ол Жүйрік пен Жоңғардың астына аң терісін төсеп, үйінде ұстайтынын айтты.

Әлижан Нұртуғанов қазақы тазының ерекшелігін айтып тұр:

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG