Accessibility links

«Латын әліпбиіне көшуді тездетпесе, қазақ тілі өзін-өзі сақтау иммунитетінен айырылады» дейді мамандар.


Қазанның 27-сі күні Астанада «Мемлекеттік тілді әлеуметтік-экономикалық кәсібилендіру» атты жиын өтіп, онда мамандар латын әліпбиінің артықшылықтары туралы сөз қозғады.

«ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ӨРКЕНИЕТКЕ ЖОЛ»

Мемлекетті тезірек латын әліпбиіне көшіруге асықтырған мамандар басты аргумент ретінде төрт жайтты келтіреді.

Біріншіден, әлемдік үздік технологияның жазуы латынша болғандықтан қазақ тілі заманға икемсіздік танытып, өркениеттен бірте-бірте алыстап барады.

Олардың айтуынша, қазақ тілі латынға көшсе, тілді жаңаша реформалауға мүмкіндік туады.

- Қазақ тілінде қосарланған әріптер бар. Мысалы: «я», «ю», «ц», жіңішке белгісі т.б. Біз оларды екі рет жазамыз. Осының бәрін қысқартуға мүмкіндік туады. Әріптереміз де қысқарады, сөзіміз де қысқарады, - дейді қоғам белсендісі Ерлан Күзекбай.

Мамандар келтірген тағы бір дәйек, бұл - әлемге тарыдай шашылған этникалық қазақтардың қолданатын әрпі. Олардың айтуынша, ортақ әліпби оларды біріктіріп тұтастандырады. Осылайша рухани өзегінен айрылмауына жағдай жасайды.

- Дүниежүзінде қанша елде қазақ диаспора бар, сонша нұсқа бар деуге Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Дәуренбек Әубәкір. Астана, 27 қазан 2011 жыл.

Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Дәуренбек Әубәкір. Астана, 27 қазан 2011 жыл.

болады, - дейді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Дәуренбек Әубәкір.

Маманның пікірінше, латын әліпбиі сонымен бірге қазақ тілін үйрену методикасын жеңілдетіп, азаматтарды артық жұмыстан құтқарады.

ҒАЛЫМ: «ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – ҚАЗАҚ ТІЛІН САҚТАУҒА КЕРЕК»

Қазақстанда латын әліпби мәселесі он шақты жылдан бері қоғам деңгейінде қызу талқыланып, талданып келеді. Бұл мәселені жете зерттеген мамандардың айтуынша, қазір латын әліпбиінің дайын 11 нұсқасы бар.

Тіл мамандары осы уақытқа дейін латын әрпіне көшкен өзге түркі тілдес халықтардың тәжірибесі ескеріліп, егжей-тегжейлі зерттелген жобаның дайын екенін айтады.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты директорының орынбасары Анар Фазылжанованың айтуынша, егер мемлекеттің саяси ерік-жігері жетсе, қазақ тілі латынға көшуге дайын. Оның айтуынша, бұл ең әуелі қазақ тілін тіл ретінде сақтап қалу үшін қажет.

- Тілдің өзінің жүйесінің эволюциялық жолмен ішкі заңдылықтарымен дамуы үшін латын қаріпбиіне көшу маңызды, - деді Анар Фазылжанова Азаттық тілшісіне.

Оның ойынша, латын әліпбиге көшуді көбіне шығармалары кириллицада жазылған ақын-жазушылар қолдамайды. «Өйткені, олар шығармаларының болашағы үшін алаңдайды» дейді.

МҰХТАР ШАХАНОВ: «ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШСЕК, ҚАЗАҚ ЕКІГЕ БӨЛІНЕДІ»

Ал «Мемлекеттік тілді қорғау» қозғалысының төрағасы Мұхтар Шахановтың ойынша, «қазақ тілі қазіргідей қорғансыз күй кешіп жатқан кезде латын әліпбиге көшу қауіпті».

- Қазір қазақ халқының 60 пайызы өз тілінде оқи алмайды, жаза алмайды. Егер латын әліпбиіне көшсек, жаңағылардың бәрі шетте қалады. Қазақ түгелдей екіге бөлінеді, - деді Мұхтар Шаханов Азаттық тілшісіне телефон арқылы.

Бейсенбі күні Астанада өткен жиында көпшілік қауымға «ABCnet» ABCnet жобасының авторы Жанат Аймағанов. Астана, 27 қазан 2011 жыл.

ABCnet жобасының авторы Жанат Аймағанов. Астана, 27 қазан 2011 жыл.

(латынша аудармасы – «әліпби желісі») жобасы таныстырылды. Қарапайым тілмен түсіндірген кезде «ABCnet» - қазақ тілінің ағылшынша нұсқасы арқылы оны компьютердегі операциялық жүйеге бейімдеу.

Жоба авторы Жанат Аймағановтың айтуынша, бұл концепция 1999 жылы құрастырылған екен. Оның пікірінше, бұл жобаның шынайы маңыздылығын мамандар түсінбей, мән бермей келеді екен.

Ол латын тіліне көшу кириллицада қалып, аударма жасағаннан гөрі әлдеқайда тиімді деп санайды.

- Қазір операциялық жүйелердің орыстілді нұсқалары мен дерек қорлары басымдық танытып отыр. Егер латынға көшсек, қаражат тек осыған ғана кетер еді. Осыны айтып, қаншама рет депутаттарға ұсыныс жаздым. Ұялы операторлар пайда болғаннан бері телефон арқылы хабарламаларды орыс латын әріптерінде алып келеміз, - дейді Жанат Аймағанов.

Жанат Аймағанов технология терминдерінің күннен күнге көбейіп бара жатқанына алаңдайтынын айтады. Оның ойынша, латын әліпбиіне көшуді неғұрлым кешіктірген сайын соғұрлым қазақ тілінің ықпалы әлсірей бермек.

- Төлқұжаттағы РНН немесе СИК, енді міне IP-кодты қазақшалай алмаймыз, ең өкініштісі. Егер біз латын әліпбиіне жедел түрде көшіп, код парағын енгізсек, онда ешқандай проблема болмас еді, - дейді Жанат Аймағанов.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG