Accessibility links

Қазақстанның шикізат байлықтары мәселесі жиі сөз бола бастады


"Социалистік қарсыласу" қозғалысының жетекшісі Айнұр Құрманов баспасөз мәслихатында. Алматы, 19 мамыр 2011 жыл.

"Социалистік қарсыласу" қозғалысының жетекшісі Айнұр Құрманов баспасөз мәслихатында. Алматы, 19 мамыр 2011 жыл.

Президенттік сайлау алдында құрылған «Конституцияны қорғайық» комитеті Қазақстан халқын «елдегі ірі стратегиялық нысандарды мемлекет меншігіне қайтару шарасына» қосылуға шақырды.


Бейсенбі күнгі жиында бұл істің мақсатын түсіндірген оппозициялық саясаткерлер Жасарал Қуанышәлин, Айнұр Құрманов және «Взгляд» газетінің редакторы Игорь Винявский «Қазақстан байлығы талан-таражға түсіп, шетелге сатылып жатқанда азаматтар қол қусырып отырмауы керек» дейді.

«АНТИКОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕР»

«Бұрынғы басқарма өкілі, қазіргі елбасы кеңесшісі Болат Өтемұратов тұрған Glencore International компаниясының ІРО-сы, Қазақстандағы құбырларды салушы негізгі KazstroyService Ltd компаниясының ағылшын магнаты Митталға сатуды жоспарлау, Қытайға жалға жер беру және қытай компанияларының Қазақстандағы активтерді сатып ала бастауы – осының бәрі Назарбаев режимінің антиконституциялық әрекеттерінің қорытынды кезеңдері» делінген аталмыш комитеттің бейсенбі күнгі үндеуінде.
Игорь Винявский, "Взгляд" газетінің редакторы. Алматы, 19 мамыр 2011 жыл

Бейсенбілік жиында комитет мүшелері елдің стратегиялық ресурстарын мемлекетке қайтару механизмдерін де айтып өтті. Социалистік қозғалыс жетекшісі Айнұр Құрмановтың пікірінше, «мемлекеттендіру» деген акцияларды «бір қолдан екінші қолға» (айталық, «Самұрық-Қазына» қорына) өткізу емес, халыққа – атап айтқанда, жұмысшы, еңбек ұжымдарының меншігіне – беру».

Комитет өкілдері осы мақсатқа жету үшін елде әртүрлі бағытта күрес жұмыстарын жүргізетіндіктерін айтты. «Бұл жолда әркім өз қолынан келетін нәрсені жасауы тиіс» дейді олар.

ҚЫТАЙ ҚАУПІ

Қазақстан оппозициясы бір айдың ішінде осы тектес мәлімдемелерді бірнеше рет жасады. Осыған дейін «Азат» ЖСДП да Қазақстанның мұнай-газ саласында Қытайға тәуелді боп бара жатқанын айтып, сатылғалы жатқан кейбір компаниялардың активтерін мемлекеттің өзі сатып алуы қажет деп мәлімдеген болатын.

Қытай тақырыбы қоғамда жиі көтеріліп жатқан тұста Алматыда мамырдың 19-ы күні Қытай тауарларының 9-шы көрмесі ашылды. Оған Қытайдың 260 компания өкілдері қатысып, Қазақстандағы бизнес жасау мүмкіндіктерімен танысты. Көрме барысында қазақ және қытай кәсіпкерлерінің іскерлік кездесуі де өтті.

– Биыл былтырмен салыстырғанда Қытайдан көбірек компаниялар келіп жатыр. Азық-түлік, киім-кешектерді айтпағанда машина жасау, құрылыс, өнеркәсіп саласында заттар көбейіп жатыр, – дейді Қазақстанның тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Тимур Назханов.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG