Accessibility links

Огай: «Қазақмыста» еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді


"Қазақмыс" корпорациясы. (Global Witness ұйымы ұсынған сурет).
"Қазақмыс" корпорациясы. (Global Witness ұйымы ұсынған сурет).

"Қазақмыс" корпорациясының басқарма төрағасы Эдуард Огай "аттестациядан өткен жұмысшыларға еңбекақы жаңа жүйе бойынша төленетінін" хабарлады. Бірақ жұмысшылар басшылық ұсынып отырған бұл жүйеге көңілдері толмайтынын айтады.

Алматыда өткен жиында корпорацияның басқарма төрағасы Эдуард Огай биыл ақпан айында барлық филиалдары мен бөлімшелерінде жұмысшылардың кәсіби біліктілік деңгейін анықтайтын аттестация басталғанын айтты.

Оның сөзіне қарағанда, қазірге дейін 32 мыңға жуық жұмысшы аттестациядан өткен.

- Одан сәтті өткен жұмысшыларға еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі бойынша жалақы төленеді. Бірақ оның өзі белгілі бір мамандыққа, разрядқа қарай анықталады. Соның өзінде ең төменгі жалақының өсімі сегіз пайызды құрамақ, - дейді Эдуард Огай.

Аттестация маусым айында аяқталмақ.
Жезқазғандағы жағдайды біреулер Жаңаөзенмен салыстырғысы келеді. Жезқазғанда адамдар шығып, еңбек жағдайларына экстремальды түрде наразылық білдіріп жатқан жоқ.

- Жезқазғандағы жағдайды біреулер Жаңаөзенмен салыстырғысы келеді. Жезқазғанда адамдар шығып, еңбек жағдайларына экстремальды түрде наразылық білдіріп жатқан жоқ. Оның үстіне корпорация жұмысшыларының кәсіподағы да құрылып жатыр, - деді "Қазақмыс" корпорациясының басқарма төрағасы Эдуард Огай.

Ал жұмысшылардың айтуынша, көптен бері жалақыларын өсіруді талап етіп келген кен байыту фабрикаларының жұмысшылары талаптары орындалмағаннан кейін, наурыздың 22-сі күні ереуілге шықпақ болған. Жұмысшыларды тоқтатқан компания басшылығы осыдан кейін жалақыны көбейте бастапты.

- Біз өз проблемамызды газеттерде айтып, қоғамдық резонанс тудырып, талаптарымызды орындаттық, - дейді кен байыту фабрикасының жұмысшысы Сәуле Сейдахметова.

Бұған дейін "Қазақмысқа" қарайтын Жезқазған ТЭЦ-інің жұмысшылары Азаттық радиосына жалақыларының тек 30 пайызға ғана өскенін, бірақ оған көңілдері
"Қазақмыс" корпорациясын сотқа берген мүгедек шахтерлердің бастамашы тобы. Қарағанды, 11 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
"Қазақмыс" корпорациясын сотқа берген мүгедек шахтерлердің бастамашы тобы. Қарағанды, 11 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
толмайтынын айтқан еді. Мамырдың 2-сі, сейсенбі күні Жезқазған ТЭЦ жұмысшысы Жібек Есенқабылова:

- Жалақының кемінде 60 пайызға өскенін қалаймыз. Мысалы, ТЭЦ-те ең төменгі жалақы - 29 мың теңге. Мұны тым болмағанда 45 мыңға жеткізсе. Мен мысалы, 60 мың аламын, қолыма таза 48 мың теңге тиеді. 30 пайыз қосылса, шамамен 12-13 мың теңге ғана қосылады екен. Бұл қазіргідей қымбатшылық заманда ештеңеге жетпейді, - деген.

Ал осы корпорацияға қарасты "Қазмехсервис" кәсіпорнының жұмысшылары сәуірдің 2-сі күні жалақының мүлде көтерілмегенін хабарлады.

Өткен аптада Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген, Жезқазғаннан келген «Жаңарту» кәсіподағының өкілі Нәйла Чуйкина «Аттестацияға сәйкес жұмысшылардың жалақыларын арттырамыз» деп отырған «Қазақмыс» корпорациясының әрекеті заңда көрсетілмегенін айтты.

- Бірде-бір заңда жалақыны өсіру үшін жұмысшыларды аттестациядан өткізу керек деп жазылмаған. Жұмысшылар инфляцияны ескере отырып, жалақыларының жыл сайын артып отырғанын талап етеді. Ал олардың айлықтары соңғы үш жылда бірде-бір рет өспеген, - дейді Нәйла Чуйкина.
XS
SM
MD
LG